Сайтқа кіру Тіркелу

Жамбыл Жабаев сатиралық өлеңдері

Тақырыбы Жамбыл Жабаев сатиралық өлеңдері
Мақсаты:
білімділік - қазақ әдебиетінің бәйтерегі, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып ақынның сатиралық өлеңдеріне талдау жасау;
дамытушылық - ақын жырларын талдау арқылы оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту;
тәрбиелік - оқушыларды поэзияны сүюге, адамгершілікке, ұлттық салт - санаға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі аралас сабақ.
Әдісі: репродуктивті, ішінара іздендіру.

Көрнекілігі, техникалық жабдығы: интерактивті тақта, Ж. Жабаев шығармалар жинағы, кестелер, 9 сынып электронды оқулығы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жаңа сабақты бастамас бұрын әуелі «бәйтерек» сөзінің анықтамасына тоқталып кетейік. Қазақта « Бәйтерек» атауына ие болған тамырын тереңге жіберген, көп жыл жасаған, ыстықтағанға сая болатын шаршағанға демеу болатын, жүргіншіге тоқтау болатын үлкен саялы, қасиетті ағаш бар. Астанамыздың қақ төрінде орын теуіп, бар адамзатты өзінің көркімен баурайтын, Қазақстанның символына айналған «Бәйтерегіміз» де осы қасиетті ағаштың үлгісімен салынған. Осындай қасиетті «жүз жасаған бәйтерек» атты атауға ие болған қазақтың жалғыз ғана Жамбыл Жабаев екен. Міне, осы үш бәйтеректі салыстырып, бір - біріне теңеуіміз де бекерден - бекер емес. Іздің бүгінгі сабағымыз « Жүз жасаған бәйтерек» деп аталуы да сондықтан. (интерактивті тақтадан бәйтеректің суреті, Астанадағы «Бәйтерек» монументі, Жамбыл Жабаевтың суреттері көрсетіледі).

Қақаған қара аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

... Өлең мен сөзді дос қылып,
Құрамын ақын санатын...
Батаңды маған бер, әке.
Тіліме менің ер, әке,
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті дер, әке

1. 9 сынып электронды оқулығынан Ж. Жабаев туралы бейнебаян көрсетіледі
2. Жамбылдың әдеби - мемориалдық мұражайынан алынған фото - суреттерден слайд көрсетіліп, түсіндіріледі.
3. Электронды оқулық: интерактивті тапсырма
Жырау – өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.
Ақын – поэзиялық туындыларды ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі
Жыршы – жыр айтушы, таратушы.
Айтыскер - қолма - қол суырып салып айтылатын сөз сайысы өнерін меңгерген адам

Сатира – өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі.
Орыстың атақты сыншылы Белинский «Дүниеде күлкіден қатерлі ешнәрсе жоқ: күлкі – жексұрын жетесіздікті жерлеу», - деп бекер айтпаған
«Өлеңі не күлдірмесе, не жылатпаса – өлең емес. Нәрсіз сөз – зілсіз оқ есепті» - деген Жамбыл Жабаевтың сөзін эпиграф ете отырып, жаңа сабақты бастаймын.

Жамбыл туындыларының ерекше түрі – оның сатиралық өлеңдері. Жалпы сатира дегеніміз – өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына – көрініске шығарады, қағып - сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілдіреді. Күні өткеннің, тозып біткеннің кедергіге айналғанын аңғартып, оған адам бойынан жиіркеніш шақырады. Қулық пен сұмдықты, екі жүзділік пен мансапқорлықты, ұятсыздықты – әйтеуір өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды онымен ымырасыз күреске үндейді.

«Шағым»
Бала Жамбыл арамза молданың балаларды шыбықпен сабағанын, сабаққа келген баланың дорбасынан жем дәметкенін, қараңғылығын сынап, әкесіне өлеңмен шағым айтады да, домбырасын қолға алып басына бостандық сұрайды.

«Есенәлі мешкейге»
Бірде Есенәлі деген байдың үйіне Жамбыл қонаққа барады. Сонда Жамбылдың кедейлігін кекеткен болып: «Жамбылдың жүрегіне май батады дейсің бе?» - дейді Есенәлі мешкей табақтағы білектей қазыны өзіне қарай жылжытып. Сараңдықпен аты шыққан Есенәлінің өз дастарқанының берекесін өзі алғанына ыза болған Жамбыл оны мысқылдап өлең шығарады:
Жаралғалы жегенің қазы, жамбас,
Қарның ашты дегенге адам нанбас.
Ет пен майды ішіңе нығап тығып,
Адамшылыққа инедей орын қалмас.

"Өстепкеде"
1913 жылы Верный (Алматы) қаласында Романовтар әулетінің таққа отырғанына 300 жыл толуына байланысты көрме ұйымдастырылып, оған Жетісу өлкесінен 30 ақын шақырылады. Орыс төрелері мен қазақ байлары патша мен оның әкімдерін мадақтап өлең шығарыңдар деп тапсырма береді. Ақындық өнерді қорлаған патша жендеттерінің бұл қылығына Жамбыл бастаған бір топ ақындар қарсылық білдіреді. Сол жерде Жамбыл мен Шарғын деген соқыр ақын соққыға жығылады. Сонда ел еркесі ақындарын сабатып қойып, ұлықтан қорқып, ұйлығып тұрған қазақ байларының дәрменсіздігін, жалтақтығын беттеріне басып, Жамбыл «Өстепкеде» (выставка - көрме) деген айыптау өлеңін қалың жұрттың көзінше айтады. Міне, нағыз азамат ақын деп, батылдық пен батырлық деп осыны айтса керек.

Жамбылдың да сатиралық өлеңдері адам мінез - құлқындағы, қоғамдағы ұнамсыздықты, жағымсыз әрекеттерді мінеген ащы сын, өткір мысқылға толы.

1. Кітаппен жұмыс. Хрестоматиядан «Кәдірбайдың төбеті» өлеңін оқып, сюжеттік талдау жасау.
А) Жолда
Ә) Жолыққан жігіттің хабары.
Б) Кәдірбайдың қайғысы.
В) Жыршыларда дамыл жоқ.
Г) Сөз кезегі – Жамбылда.
Ғ) Жамбылдың өткір үкімі.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
«Ызалы сайқымазаққа, әжуаға, мысқыл - қалжыңға Жамбыл тапқырлығы елден ерек» - деген М. Әуезов сөзімен, Жамбылдың сатирасын түйіндеп, шығармашылық жұмысқа бағыттаймын.
3. Ой толғау «Күлкі – қазақ халқы ұғымындағы ең үлкен жаза»
(Досқа – күлкі, дұшпанға таба етпе. Ел - жұртқа күлкі болды, т. б.)
Ү. Сабақты қорытындылау
1.«Жамбыл» сөзжұмбағын шешу.
ҮІ. Үйге тапсырма беру:
1. Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы.
2. Жамбылдың сатиралық өлеңдері. «Кәдірбайдың төбеті» өлеңінің сатиралық сипаты.
3. Қазіргі қазақ сатирасы туралы бірер сөз. Сатира сардары Асқар Тоқмағанбетов шығармашылығы.
ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ж. Жабаев.

Ж. Жабаев. "Менің өмірім", "Аттандыру"

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...
Жамбылдың өмірі, шығармашылығы

Жамбылдың өмірі, шығармашылығы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...
Жамбыл Жабаев өмірі мен өлеңдері

Жамбыл Жабаев өмірі мен өлеңдері

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Күйкен орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пән мұғалімі Икенова Тілектес...
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы

Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Суықбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Карибаева Зауре Оразбайқызы...
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім»

Жамбыл Жабаев «Менің өмірім»

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауышсынып мұғалімі Сабырова Гүлнұр...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×