Тақырыбы: Шырайлы Шымкент.
Жоспар:
1. Кіріспе.
Шымкент – көне қала
2. Негізгі бөлім
1) Шымкент қаласының атауы қайдан шыққан?
2) Шымкент қаласының көрікті орындары
3. Қорытынды
Шымкент «Үшінші қала» деген мәртебеге ие болды
1. Кіріспе.
Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б. з. д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелден келетін туристердің санында шек болмайды.
Оңтүстік Қазақстан зерттеушілерінің ойынша, Шымкентте отырықшылар ХІ - ХІІ ғ. пайда болған. Бірақ соңғы археологиялық деректер бойынша, Шымкентке VI - VII ғ. адамдар өмір сүрген деген негізді көрсетеді. Парсы тарихшысы Шараф ад - дин Али «Зафар Наме» кітабында Шымкент қала ретінде 1425 жылдары пайда болып, Ұлы Жібек жолымен қиылысқан. Шымкент қаласын ертедегі орта ғасырлық – Отырар, Исфиджаб (Сайрам), Яссы (Түркістан), Сүткент, Сығанақ, Сауран және тағы басқа аңызға айналған қалалар қоршаған. Шымкент - тарихи - мәдени қонақжайлық және индустриялық инфрақұрылымы туристік демалушылар үшін қызықтыратын аймақ болып қала бермек. Шымкенттің орталығында Ескі қалашық сақталып қалған, ол тек ғалымдардың ғана емес, сонымен қатар студенттердің, тарихшылардың, тіпті туристердің де қызығушылығын тудыруда.
Негізгі бөлім
Шымкент қаласының атауы қайдан шыққан?
Шымкент қаласы атауының шығу тарихы мен оның мағынасы әлі күнге дейін белгісіз. Бұл жұмбақтың жауабын белгілі зерттеуші - ғалымдар таба алмаған. Біреулер қала атауы «қала - бақ», «жасыл қала» десе, біреулер «жердің бет қабатымен қапталған қала» дейді. «Шым» сөзі жердің беткі қабаты, шымды қыртысы, ал «кент» қала, шаһар деген мағына береді. Кейбір зерттеуші - ғалымдардың пайымдауынша, «Шымкент» сөзі көне шығыс тілінен шыққан. Шығыс тіліндергі «чиминь» («чемень») деген сөздер «жасыл алқап», «көк жайлау» деген мағына береді.
1914 жылы Қазақ елінің Ресейдің құрамына енуінің 50 жылдық мерейтойы құрметіне орай, Шымкент қаласының атауы Черняев болып өзгертілген. Бірақ та, көп ұзамай 1921 жылы қалаға өз атауы қайта берілді.
Республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысы шығысында – Жамбыл, солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатыр. Облыс орталығы Шымкент қаласы – Оренбург - Ташкент және Түркістан - Сібір халықаралық көлік магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек, Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы және Ташкент - Шымкент - Түркістан - Самара автомагистральдары арқылы ыңғайлы байланыс орнатылған. Қазіргі өнеркәсіп, сауда және мәдениет орталығы болып табылатын Шымкент қаласы өзінің миллионға жуық халқымен Қазақстан Республикасының ең ірі қалаларының қатарында. Ұлы жібек жолының бір бөлігінде орналасқан керуен жолдары қиылысында пайда болған Шымқала Орта Азияның көне қалаларының құрамына енеді және бай тарих пен мәдениетке ие.
Қала аумағы - 300 шаршы шақырым жерді құрайды
Халқының саны - 627, 5 мың адам
Халық санының көлемі жағынан Шымкент қаласы бүкіл республика бойынша үшінші орында. Алайда, бейресми мәліметтер бойынша, Шымкент қаласында халық саны әлдеқайда көп. Себебі, қалада алыс - жақын шетелден келген, тіркеуден өтпеген мигранттар тұрады.
2011 жылы қалада 353 өндірістік кәсіпорындар тіркелген.
Оның ішінде:
- ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындар саны – 74;
- шағын кәсіпорындар – 243;
- қосалқы кәсіпорындар - 36.
Шымкент қаласының көрікті орындары
Шымкент қаласы – қазақ елінің сауда, мәдениет, өнеркәсіп орталықтарының бірі. Қалада қазақ, славян, өзбек, татар, неміс, еврей, корей, поляк, башқұрт, әзірбайжан т. с. с. 19 ұлттың мәдениет орталықтары жұмыс істейді.
Қаланың көрікті мекендерінің бірі - орталық саябақтар. Үш саябақ 19 - ғасырда салынған. Бір саябақ Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония аясында орналасқан. Сондай - ақ, Абай атындағы демалыс және мәдениет саябағы, «Кең - баба» этнография саябағы, Дендро саябақ, зообақ, ипподром, «MegaCenter» ойын - сауық және сауда кешені, «Nimex Land», «Бамзик» ойын - сауық орталықтары қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалысы үшін үздіксіз қызмет көрсетеді.
Өнерсүйер қауым үшін Орыс Драма театрының есігі ашық. Театр сахналарында қазақ және шетел классиктерінің шығармаларының желісімен қойылған спектакльдер көрсетіледі.
2011 жылы Шымкент қаласында 353 өндірістік кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде 74 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорын, 243 шағын кәсіпорын, 36 қосалқы кәсіпорын. Қалада көлік жасау, химия, кен өндіру, тағам т. б. өнеркәсіп орындары қарқынды даму үстінде.
3. Қорытынды
Шымкент «Үшінші қала» деген мәртебеге ие болды
Қала туралы роман, повесть, өлеңдер жазған Ф. Чирва, О. Посников, Ю. Кунгурцев, Хайкин сияқты тілі басқа болғанмен тілегі бір ақын - жазушыларды есіме түсірейік. Олар осы қаланың перзенттері еді. Шымкент қаласы туралы шығармалар жазған Ә. Жылқышиев, Н. Серәлиев, О. Малқаров, Н. Сүлейменов, Қ. Қазиев, Ж. Тұяқбаев, Қ. Төлеметов, Ә. Аймақ сияқты өмірден өткен талант иелерінің кітаптарын оқимыз... 1991 жылы жазушы Оралхан Бөкеев ақын Әбділдә Аймаққа: – Мынандай әсем қалада тұрып жатырсыңдар. Таулар мен бұлақтар қоршаған қаланы сирек кездестірдім! – деген еді. Әбділдә Аймақ көп кешікпей қалаға арнап өлең жазды. «Жібек жолы» журналы тұңғыш рет осы қалада жарық көрді. Редакторы Төрегелді Байтасов болатын. Шәмші Қалдаяқов атындағы ән фестивалі тұңғыш рет осы Шымкент қаласында өтті. Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов қаладағы Ж. Шанин атындағы драма театрында кездесу кешін өткізіп ел құрметіне бөленді...
2011 жылдың тамыз айында Шымкент қаласы үздіктердің қатарынан көрінді. Халықаралық ірі қалалар мен астаналар ассамблеясы Шымкент қаласының басшылығына III халықаралық байқауының арнайы дипломымен марапаттап, «ТМД және ЕврАзЭС қалаларының ішіндегі ең үздік қала» атағына лайық деп таныды.
Шымкент қаласы жыл өткен сайын көркеюде. Сәулеті мен әлеуеті қатар дамыған көрікті де құт мекеннің аумағы үлкейіп, халық саны артты. Елордасы Астана мен әсем қала Алматыдан кейінгі «үшінші қала» деген мәртебеге ие болды.
Шырайлы Шымкент
- ramuk_b
- 4 желтоқсан 2018
- 3528
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шымкент Қазақстанның көне қалаларының бірі, Шымкент туралы шығарма
Ұқсас жаңалықтар:
Алматы – менің сүйікті қалам
Алматы қаласының кешегісі мен бүгіні, мың жасаған шахардың тарихына үңіле отырып, жарқын болашағына инновациялық - индустриялық өндіріс жобаларына,...Ораза және намаз уақыттарының кестесі (2017 жыл)
Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы назарларыңызға 2017 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады....Қазақстанның ірі қалалары
Қазақстанның ірі қалалары және жергілікті қала туралы мағлұмат беру, Мәтін мазмұнын аша отырып, қаладағы мәдени орындармен таныстыру....Түркістан – екі дүние есігі ғой
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Шораева Перизада Еренқызы...Өз өміріңді сақта
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия тарих пәнінің мұғалімі Изетова Ханым Басқанқызы Өз өміріңді...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.