Жайлауда
Ауылда ерекше ән шырқалып жатқан еді. «Қазағымның асыл ақын сөзінен, әсем әуен әнінен артық қазынасы бар ма?», - деп Абай арнайы қонақтарды күтуге тіктірген төрт киіз үйінің бірінде көпшілік жас қауымды ішке отырғызып жатты. Абайдың Әйгерімді алып келгеніне екі - үш ай шамасы болған болатын. Іште Абай, Әйгерім, Ербол, Жиренше, Базаралы, Әнет қызы Балбала, Базаралының інісі Оралбай және Сүгір ауылынан Керімбала, Құдайберді баласы Әмір, Сүгір баласы Әкімқожа және аты бүкіл Арқаға (Сарығарқаға) таралған Біржан сал отыр. Біржанның бұл жақтарға келгеніне екі айдай болып қалған. Ол үкілі домбырасымен ел аралап, өнерін арттырып жүрген. Жиналғанның бәрі бір - бірінен асқан өнерпаз, ақын, әнші, сазгер. Әсіресе Әйгерім шырқағанда Абай тырп етпейді. Біржан да ұйытқығандай болады. Сол бір сәтте ас дайын болып, қонақтар сыртқа сермеп қайтуға шығады. Осы кез Қалиқа кеп Абайды шешесі шақырып жатқанын айтып, ертіп кетеді.
Үлкен үйде Ұлжан, Айғыз, Ділдә отыр. Абай кіріп келіп, Ділдәнің ызаланып отырғанын байқайды. Абай Әйгерімнің отауында ойын - сауық өткізіп жатқанда, мына жақта Түсіптің бәйбішесі (Ділдәнің шешесі) қонаққа келген екен. «Өз енеңмен неге саулық сұраспайсың?», - деп Ұлжан Абайды ұрысады. Оны Ділдә да қостай жылап, шығып кетеді. Бірақ Абай осынша жағдайлардан кейін де айтқанынан қайтпай, енесіне жолықпайды. Тек Біржанды шығарып салумен болады. Біржанға Абай, Ербол, Әйгерімдер қосылып, Күнке ауылына Әмірдің отауына барады. Қонақтар сол жерде бір түн болып, сосын қоштасады.
Біржан қонақ болып кеткен жаз көп уақыт жастарды толғандырып жүреді. Ыстық мезгіл ауысқандай болып, жұрт көшуі жиілей түседі. Базаралының інісі Оралбай осы күндері қайғыға түңіліп кеткен. Оның сүйгені Сүгір ауылындағы Керімбала болатын. Ол екеуі осы көктемде бір - біріне жан сырларын айтқан екен. Бірақ Керімбала Қаракесектің бір жігітіне атастырылғаны бар. Оралбайдың қиналғаны осы еді. Соңы Оралбай шыдай алмай, Керімбаланы алып қашады. Бұл жағдай ел ішін алып, шулатады. Жігітек пен Бөкенші арасында суықтыққа жол бермеу үшін, әр ел ағалары Ұлжанның үйіне жинала бастайды.
Ал Оралбай Керімбаламен қайда қонса, ел шуынан қорқып, қуа береді. Абай мен Ербол қанша тырысса да, ел ағалары татулықпен келісе алған жоқ. Керімбаланы алып кеткені үшін Бөкенші Жігітек ішінен бір жас келінді шауып кетеді. Алда үлкен шайқас болғалы тұр еді. Жігітек аттылары Саркөлде, Бөкеншінікі Шалқарда жинала түседі. Суырбұлақ пен Қаршығалы арасындағы Кайнар шайқас алаңына айналмақ. Қақтығыс таң атқаннан түс ауа жалғасады. Жігітектен – Абылғазы, Бөкеншіден – Марқабай шеберліктерімен көзге түседі. Осы шайқастан кейін тағы үлкен жиын болады. Жиында Жігітек Бөкеншіге бірнеше қыстау беріп, Керімбаланы Қаракесекке жөнелтетін болып шешіледі. Осыдан кейін он жігіт Оралбай мен Керімбаланы Шыңғыстың «Қараша қостасы» деген құзынан тауып, алып қайтады. Жиында айтылғандай екі ғашық қош айырылысады.
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №11
- ramuk_b
- 24 сәуір 2018
- 4017
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абай жолы роман, Абай жолы романынан үзінді
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19
Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №13
Он шақты күннен бері Абай Семейде Каталашкада (түрмеге дейінгі жазалау орны) отыр. Кошкин барып Абай үстінен үлкен акт жазған болатын. Абайдың...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №12
Көктемнің шапағаты соншалық, табиғат күрт жаңара түсті. Абай кітап оқудан еш шаршамаған. Ол орыс тілін жетік меңгергендей Пушкиннің «Дубровский»...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10
Абай соңғы күндері мызғуды қойып, қажылық туралы көп кітаптарды оқып, ізденіп жатты. Себебі, әкесі Құнанбай қажылыққа кеткелі жатқан еді....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №7
Ұлжан құдасының ауылына отыз шақты кісімен барады. Алшынбайға жетпіс жылқы, отыз түйе аталыпты. Оған қоса, көп қазына келген. Үш күн кезегімен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.