Рухани жаңғыру
Зергерлік және тігін бұйымдары
Алқа – омырауға тағатын көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы.
Білезік – күмістен, алтыннан соғылатын, білекке салатын әйел бұйымы. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т. б. атаулары бар.
Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған күміс шынжыр арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік.
Балдақ – алтыннан, күмістен соғылған жұмыр сақина.
Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады.
Моншақ – түрлі тастар мен шыныдан жіпке тізілген мойынға, қолға салатын, киімге тағатын сән бұйымы.
Талмоншақ – бірнеше қатар тізілетін моншақтар.
Тұмарша – сәндік үшін омырауға тағатын үш бұрышты, салпыншақты күміс бұйым.
Маңдайша – сәукеле т. б. киім маңдайына тағатын көз орнатылған күміс тағым.
Сақина – саусаққа салатын әртүрлі үлгіде күмістен, алтыннан соғылатын бұйым.
Танакөз – шар тәрізді күміске тастан көз орнатылған түйме тәрізді сәндік тағым.
Өңіржиек – салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған омырауға сән беретін, түрлі - түсті тастардан көз орнатылған әсемдік тағым тізбесі.
Үкіаяқ – үкі тұяғына ұқсатып күмістен соғатын астына бірнеше салпыншақтар тағылған бұйым.
Көз отаға – күміске онатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған.
Кемер белбеу – негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шекетулеген аса қымбат белбеу.
Қын – кемер белбеумен бірге тұратын пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым.
Оқшантай – ішіне шағын зат салатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта.
Қапсырма – әйел қамзолына тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым.
Шекелік – сәукеле, тақия т. б. баскиімге тағылатын тағым.
Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын жібек бау өткізілген күміс сөлкебай.
Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс тағым.
Шашбау – қыздар шашымен қоса өріліп моншақты, зерлі күміс шынжырлы әсемдік тағым.
Шашқап – шашты күннен, шаң - тозаңнан қорғайтын қымбат матадан жасалып, сыртын түрлі моншақ, жапсырмалармен безендірілген бұйым.
Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрлері болады.
Әзірлеген: Бегімхан Керімханұлы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Зергерлік және тігін бұйымдары. жүктеу
Зергерлік және тігін бұйымдары
- aiboll
- 27 желтоқсан 2017
- 2589
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Рухани жаңғыру, зергерлік және тігін бұйымдары, зергерлік бұйымдардың атауы
Ұқсас жаңалықтар:
Рухани жаңғыру. Ұлттық киім-кешектер
Рухани жаңғыру ҰЛТТЫҚ КИІМ - КЕШЕКТЕР...Үй жиһаздары
Үй жиһаздары – үй ішіндегі дүние, мүліктердің жалпы атауы. Адалбақан – киім ілуге арналған ашалы, ою - өрнекті ағаш....Сәндік қолданбалы өнер
Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сәндік қолданбалы өнер туындылармен таныстыру. Теориялық...Сандық жасау, тарихы, үй тұрмысында қолданысы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, "Амангелді атындағы орта мектебі орта " Орындаған: 9 сынып оқушысы Тұрғынбай Шерхан Құлынбайұлы Жоба жетекшісі: Аюбаев...Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.