Қазақ әдебиеті 7 сынып
I. Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өлеңдері (слайд№1 - 2)
II. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Өлеңге арқау болған С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ»өлеңдеріндегі ақын арманы, өмірлік мұраты, оның өз шығармаларында надандық пен қараңғылықты сынауы.
2. Дамытушылық: ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыту барысында балалардың тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: ұлы тұлғаның өлеңдері арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, оқу - білімнің маңыздылығын ұғындыру. (слайд№3)
III. Сабақтың түрі: жаңа сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, оқулық.
V. Оқыту әдістері: Түсіндіру, сөздікпен жұмыс, мазмұндау, талдау, мәнерлеп оқу.
VI. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
VII. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: функционалды сауаттылығын жүзеге асыру мақсатында, оқушылармен сұхбаттасуы: - Оқушылармен сәлемдесу - тілдесу.
А) Кезекшімен сұқбаттасу:
- Бүгін кезекші кім?
- Қазір қандай сабақ?
- Қазақ әдебиеті нешінші сабақ?
- Кеше қазақ әдебиеті сабағы болды ма?
- Бір аптада қазақ әдебиеті неше рет болады?
VIII. Үй жұмысын тексеру:- Ал, балалар, сендерге алдын ала тапсырма берілген. Сендер іздену жұмысы барысында, өздерің Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірбаянымен танысып, бүгінгі сабаққа мазмұнын айтуға дайындалдыңдар.
- Енді өмірбаянына шолу жасайық. Кім ақынның мазмұнын айтады? (слайд№4) (Бірнеше оқушы өмірбаянын қысқаша айтып береді)
IX. Жаңа тақырып:
1.- Бүгін біз лирикалық ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Мен - қазақ» және «Шығамын тірі болсам адам болып..» деген өлеңдерімен танысамыз. (слайд№5 - 6)
- Бұл өлеңнің қандай түріне жатады? (көңіл - күй)
2.- Ақынның өлеңіндегі мына жолдары сабағымыздың ұраны болады, (слайд№7)
X. Сөздікпен жұмыс:
Жиһан - әлем, дүние - мир
Надан - невежда, неуч
Белді буу - решиться
Толған ай - полная луна
Асылық - лишнее
Егес - вступить в единоборство (слайд№7)
XI. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. (слайд№10) Өлеңді талдау.
– Ақынның екінші өлеңі «Мен – қазақ»
- Қалай ойлайсыңдар бұл өлең кім туралы?
- Бұл өлең қандай сезім тудырады?
Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды. Бір шумаққа талдау жасайды.
XIV Сабақтың қорытындысы:
1. Біз бүгін кімнің өлеңімен таныстық?
2. Қандай өлеңдерімен таныстық?
3. Өлеңге байланысты сөздерді айтып беріңдерші.
4. Осы өлеңдері бізді неге үйретеді?
XV. Бағалау.
XVI. Үй тапсырмасы: «Мен - қазақ» өлеңді жаттау
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өлеңдері
- aiboll
- 27 қыркүйек 2017
- 4964
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Күнделікті сабақ жоспары әдебиет, Сұлтанмахмұт Торайғыров, шығамын тірі болсам адам болып, мен қазақ өлеңі
Ұқсас жаңалықтар:
Шығамын тірі болсам адам болып
Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып. Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп, надан болып....А. Байтұрсынұлы «Анама хат» өлеңі
Ахмет Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын...Ақұштап Бақтыгереева «Асылың, анаң - сырласың»
БҚО, Тасқала ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ, бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна...М.Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Смайлова Гулсима Зауегалиевна...Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қай жылы, қай жерде туғаны жөнінде әр түрлі пікір айтылып жүр. Бұл айрықша зерттеуді қажет ететін жәйт, сондықтан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.