Сайтқа кіру Тіркелу

Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Жоба тақырыбы: «Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі»
КІРІСПЕ
Ертегі.... осы сөзді естігенімізде, біз еш нәрсені ескермей ойымызды ғажайып әлемге бұрамыз. Әр адамның сүйіп оқитын ертегісі бар.
Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем - эстетикалық әдеби қазына.
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет - ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді.

«Түлкі мен ешкі» қазақ халқының ертегісі
1. Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті
Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті ешкі.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

2. Ертегі дегеніміз - ауыз әдебиетінің түрі. Ертегі барлық халықтарда бар. Ертегі төрт түрге бөлінеді.
1. Қиял - ғажайып ертегілері;
2. Хайуанаттар туралы ертегілері;
3. Тұрмыс - салт ертегілері;
4. Шыншыл ертегілері.
Ертегілер көп жағдайда балаларға арналады. Ертегілер оқушылардың сөздік қорын кеңейтеді, тілін дамытады.
Мен оқушыларға жақсы таныс «Түлкі мен ешкі» ертегісін алдым. Бұл ертегі хайуанаттар туралы ертегілерге жатады. Осыған ұқсас ертегілер басқа халықтарда да бар. Мысалы орыс халық ертегісі «Лиса и козел». Ертегілер өте ұқсас. Бұл екі ертегілердің негізгі кейіпкерлері түлкі мен ешкі. Ертегілерде жан - жануарлар арқылы түрлі адамдардың бейнелері салыстырылып көрсетіледі.
Түлкі барлық ертегілерде қу, зымиян, залым, айлакер адамдардың мінезін береді. Мысалы мынандай сөздер қолданылады: қу түлкі, жылмиған түлкі, айлакер түлкі.
Ешкі аңқау, тез алданатын ешкімге зияны жоқ жуас адамның мінезін көрсетеді. Мысалы мынандай сөздер қолданылады: аңқау ешкі, маңыраған ешкі, қорқақ ешкі. Мен осы айтқан сөздерімді сіздерге салыстырмалы сурет түрінде көрсетемін.

Қорытынды.
3. Менің осы ертегілерден алған әсерім: адамдардың мінезі әртүрлі болады. Мысалы: қу, аңқау, айлакер, ашық ауыз.
4. Менің ойымша, балалар түлкі сияқты қу адамдардан үлгі алмау керек. Адамдар ешкімді алдамай, түзу жолмен жүруі керек деп ойлаймын.

Орындаған: Өскемен қаласы әкімдігінің
«Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын
№ 38 гимназиясы» КММ - нің 4 «А» сынып оқушысы Костина Дарья

Мұғалімі: Өскемен қаласы әкімдігінің
«Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын
№ 38 гимназиясы» КММ - нің қазақ тілі мұғалімі Козыбаева Айнаш Урынбаевна

Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Түлкі мен ешкі ертегісі

Түлкі мен ешкі ертегісі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті....
Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегілер халқымыздың...
Шыншылдық – Адамдықтың белгісі

Шыншылдық – Адамдықтың белгісі

Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Міндеттері: - шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету; - өзара адал...
Шыншылдық - адамдықтың белгісі

Шыншылдық - адамдықтың белгісі

Өзін - өзі тану Сабақтың тақырыбы: Шыншылдық - Адамдықтың белгісі. Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу....
Мақта қыз бен мысық

Мақта қыз бен мысық

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×