21 ақпан- Халықаралық ана тілі күні
Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті
« Тіл – көңілдің тілмашы» демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Яғни, тіл дегеніміз - әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс - бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз-ол тіліміз.
Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Қазақ тілі-дамыған, жетілген, бай тіл. Бұл сөзіміздің растығын кезінде шығыстанушы, этнограф В.В. Радловтың сөзіне аңғаруға болады: «Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұраққа жауап беруге келгенде, таңғаларлықтай оралымды сөйлейді». Бұл тұрғыда кезінде ұлы Абай да:
Өткірдің жүзі, кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,- деп ата тіліне таңырқап, жоғары баға берген. Сол себепті де өз ана тіліміздің қадір-қасиетін бағалай отырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа қаймағы бұзылмаған саф таза күйінде жеткізу - барша адамның парызы.
Ана тіл туралы қанатты сөздер:
Тілін білмеген түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады.
Ғабит Мүсірепов
Қазаққа сөз дарыған,
Бір сөз үшін семіріп,
Бір сөз үшін ауырған...
Асан Қайғы
Тілсізді айуан дейді. Тілі кедей елді мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды. Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, тіл байлығы - елдің елдігін, жұртшылығын, мәдениетін, жауынгерлік дәстүр - мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөздің дәлелді мөлшері.
Бауыржан Момышұлы
Қазақ тілінің байлығы-қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білу керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.
С. Аманжолов
Қазақ халқы тіл өнерін жоғары бағалаған. Ол өнердің ұшар биігі де, қонар жайсаңы да біздің қазіргі өміріміз.
М. Балақаев
Тіл- өмірмен өзектес жанды құбылыс.
Рабиға Сыздықова, ғалым
Түркі тілдерінің ішіндегі ең суретшіл, образды тіл-қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.
С.Е. Малов
Қазақ тілі- түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар-шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері. Қазақтардың халық әдебиеті- аса бай әрі жан-жақты.
П.М. Мелиоранский
Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы
21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні
- zhubathanova
- 21 ақпан 2020
- 12927
- 0
- 100
Ілмек сөздер: 21 ақпан, Халықаралық ана тілі күні, 21 ақпан халықаралық ана тілі күні
Ұқсас жаңалықтар:
Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін
Балалардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру....Тілімде менің сыры терең жаным бар
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған ЖОББМ...Күш, тірек, жігер, ынтымақ – қазақ тілінде
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің математика пәні мұғалімі Картбаева Нурсая Айбатқызы...Ана тілі және Ата Заң
Тіл - ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі. Тіл – табиғаттың адамға берген сыйы. Тілсіз қоғам болмақ емес. Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Ұлтымыздың бүгіні...Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосының Қараой мектеп - бала бақшасының аға тәлімгерімін Мамбетова Дамира Жалғасбайкызы «Тіл – тірегіміз,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.