Шаңғы толған шанағы,
Қоқыр - соқыр тамағы (Шаңсорғыш)
Жүзімен шабады,
Шүйдесімен соғады. (Балта)
Көмір шайнап,
Темір құсады. (Домна пеші)
Екі жақсы,
Екі сапты.
Барлық затты
Қысыр қатты. (Қысқаш)
Көрінбей - ақ көзіңе,
Күш көрсетер өзіңе.
Шайқап шарбақ, тал бақты,
Зыр жүгіртер қаңбақты. (Жел)
Екі аяқты желаяқ,
Артсаң болды сен аяқ,
Жетем деген жеріңе
Жеткізеді оңай - ақ. (Велосипед)
Оймақтай қос көл жатыр,
Ортасында бел жатыр. (Көз бен мұрын)
Жазда тұрып жоғары,
Күнде жерге қонады. (Жапырақ)
Қартайғанда дерт қонды –
Екі көзім төрт болып (Көзілдірік)
Кәрілікке таядым,
Үшеу болды аяғым (Таяқ)
Авторы: Абдрахман Асылбек
Жетпіс жұмбақ
Жетпіс жұмбақ №3 Абдрахман Асылбек
- aiboll
- 11 наурыз 2017
- 5982
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жетпіс жұмбақ, Абдрахман Асылбек, жұмбақтар жинағы
Ұқсас жаңалықтар:
Жетпіс жұмбақ №7 Абдрахман Асылбек
Құрт іліп, суға малып алдым, Тереңнен балық алдым. (Қармақ)...Жетпіс жұмбақ №5 Абдрахман Асылбек
Қарт емес – Тәтті. Мұз емес – қатты (Науат)...Жетпіс жұмбақ №4 Абдрахман Асылбек
Бір зат бар тілі жоқ, Ал, сөзінде міні жоқ. (Хат)...Жетпіс жұмбақ №2 Абдрахман Асылбек
Бір шайнаймын, Бір шайнағанды Мың шайнаймын. (Сағыз)...Жетпіс жұмбақ №1 Абдрахман Асылбек
Он таңбалы – цифрлы, Әрекеті сиқырлы. Керек санды қоссаң сен, Сөйлесесің достармен. (Телефон)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.