Жетпіс жұмбақ
Он таңбалы – цифрлы,
Әрекеті сиқырлы.
Керек санды қоссаң сен,
Сөйлесесің достармен. (Телефон)
Қыбырғадан қарап тұр,
Уақытты санап тұр (Сағат)
Пышақпен ұштала береді,
Бойы қысқара береді (Қарындаш)
Үнсіз тілдесесің,
Өзімен күнде өсесің (Кітап)
Тебесің сен бір,
Тебемін мен бір.
Түсі теңбіл,
Көнбіс теңбіл,
Көнбіс зат ең бір. (Футбол добы)
Құрылыста керік тұр,
Керегіңді беріп тұр. (Көтергіш кран)
Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар - қатар тепкіш.
Басып көрсең бір - бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. (Домбыра)
Су бетінде үйрек жүр,
Қалт - құлт етіп билеп жүр (Қайық)
Тұла бойы – ине,
Тұмсығында – түйме. (Кірпі)
Онда би де, күйік де,
Қызығына қанбайсың.
Отырып - ақ үйіңде,
Дүниені шарлайсың. (Теледидар)
Өзі көкте,
Келбеті көлде. (Ай)
Авторы: Абдрахман Асылбек
Жетпіс жұмбақ №2 Абдрахман Асылбек
Жетпіс жұмбақ №3 Абдрахман Асылбек
Жетпіс жұмбақ №4 Абдрахман Асылбек
Жетпіс жұмбақ №5 Абдрахман Асылбек
Жетпіс жұмбақ №6 Абдрахман Асылбек
Жетпіс жұмбақ №7 Абдрахман Асылбек
Жетпіс жұмбақ №1 Абдрахман Асылбек
- aiboll
- 11 наурыз 2017
- 5559
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұмбақтар, Абдрахман Асылбек, жұмбақтар жинағы
Ұқсас жаңалықтар:
Жетпіс жұмбақ №7 Абдрахман Асылбек
Құрт іліп, суға малып алдым, Тереңнен балық алдым. (Қармақ)...Жетпіс жұмбақ №6 Абдрахман Асылбек
Бір сусын бар жұртымда, Ішсең – уыз ұртыңда. Бәрі содан шығады: Ірімшік, май, құртың да. (Сүт)...Жетпіс жұмбақ №5 Абдрахман Асылбек
Қарт емес – Тәтті. Мұз емес – қатты (Науат)...Жетпіс жұмбақ №4 Абдрахман Асылбек
Бір зат бар тілі жоқ, Ал, сөзінде міні жоқ. (Хат)...Жетпіс жұмбақ №3 Абдрахман Асылбек
Екі аяқты желаяқ, Артсаң болды сен аяқ, Жетем деген жеріңе Жеткізеді оңай - ақ. (Велосипед)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.