Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. (Қарбыз)
Құдая, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан. (Қауын)
Ұзын - ұзын әулие,
Онан да ұзын әулие.
Тораңғылдың түбінде,
Теңкиіп жатқан әулие. (Асқабақ)
Ояғы тау, бұяғы тау,
Ортасында бұжыр тау. (Жаңғақ)
Алма дерсің, түсіне қарап,
Жүгері дерсің, ішіне қарап,
Татсаң тәтті, бал шәрбәтті. (Анар)
Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң –
Майда, майда қызыл шоқ. (Анар)
Өзі қызыл, өзі қызық,
Ортасында бір сызық. (Шабдалы)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша)
Үлпершекке қан құйып,
Үріп талға байладым. (Бүлдірген)
Ирек - ирек әкесі бар,
Желбіреген шешесі бар,
Тәттібике деген қызы бар. (Шие)
Бұты, бұты ұзын,
Бұтынан да қолы ұзын. (Жүзім)
Қыста - мазар,
Жазда - базар. (Жүзім)
Азар, азар кетті,
Әкесі мазар кетті,
Баласы базар кетті. (Жүзім)
Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
Отырған мекен етіп жапан дала,
Бір талай мақұлыққа болған ана.
Мезгілі жеткен шақта жүкті болып,
Алты айда табады екен сансыз бала. (Алма ағашы)
Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала,
Пайдасы адамзатқа тиген жаңа.
Қойыпты ортасына қазық қағып,
Сүйкімді көреді екен бала - шаға. (Алма ағашы)
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)
Гүлсіз миуа піседі,
Көп жесең тіл жарады.
Ай сияқты дөңгелек,
Бұны кім табады? (Әнжір)
Сырты қызыл, іші ақ,
Ортасында бір таяқ. (Жиде)
Қар астында қыстағаны,
Жасыл бөрік тыстағаны. (Күздің егіні)
Жасынан тәрбиелеп бала бақтым,
Өсіріп ол баланы жұртқа жақтым.
Күніне екі - үш рет көрмей тұрсам,
Болмайды бұл дүниеде менің нақтым. (Егін, ішкен тамақ)
Алтын аяқты,
Алтын десем - азығы жоқ,
Ол жоқ болса - алуы жоқ.
Дүние толған адамның
Баршасы да теп - тегіс,
Біріне бірі қарауы жоқ. (Астық пен аштық)
Мысық мұртты,
Өрмек басты. (Бидай)
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар. (Бидай)
Екі жағы бүртік,
Ортасы сызық. (Бидай)
Аласа ғана бойы бар,
Қойнына тыққан наны бар. (Бидай)
Өзі қызық,
Бауырында бар
Жалғыз сызық,
Бұған жұрттың бәрі де ынтық. (Бидай)
Бек тұрған,
Белін буып,
Тек тұрған. (Бау бидай)
Желі басында бес бие,
Бесеуі де жас бие.
Құлындары құла ала,
Құлақтары сары ала. (Масақ)
Аласа терек,
Алпыс бұтақ,
Бұтақ сайын ұя,
Ұя сайын жұмыртқа. (Масақ)
Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс. (Жүгері)
Жерден шығар көгеріп,
Беліне қылыш байланып. (Жүгері)
Қол басындай ағашта
Сансыз адам байлаулы,
Санасаң саны бар,
Аяғында жаны бар. (Жүгері)
Жеміс - жидектер туралы жұмбақтар
Көктемде ақ гүлге оранады. Күзде қолға доп боп оралады
Алма
Ортасында қазығы, бұтағында азығы
Алма
Көкпеңбек еді көктемде, қызарды күні жеткенде
Алма
Суық ұрса бүрлейді, көктем шыға гүлдейді. Күнге басын иеді, мол шуақты сүйеді. Күте білсең бабымен, өнім берер қабымен, қызыл, сары түйіні, витаминдер жиыны.
Алша
Іші аумаған жүгері, түрі - түсі алмадай. Ойымның жоқ бүгері, жесең бал деп қалмағай.
Анар
Кішкентай ғана құтша, іші толы мықша
Анар
Қышқыл қызыл бытыра, тығып алып ұртына. Тымырайып тұрғаны, түк шығармай сыртына
Анар
Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі
Жеміс
Аспай піскен, қайнамай түскен
Жеміс
Желілері жайылып, жол - жол болып жатады. Күн нұрына бой ұрып, жердің нәрін татады. Жасыл шатыр астында, кететіндей үзіліп, тұр көп маржан тасындай, мойыл моншақ тізіліп
Жүзім
Көрсең өскен желісін, жапырағы қазтабан. Мөлдір қара жемісін, қыста емес, жаз табам.
Қарақат
Шертсең көк жолақ сыртынан, піссе үн шықпас ұртынан. Шикі болса, сампылдап, - тиме; - дейді таңқылдап.
Қарбыз
Біреу - ақ анасы, мың шақты баласы
Қарбыз
Көк лағым көгенде тұрып семірді
Қарбыз
Көкала бешпет киеді, күннің көзін сүйеді.
Қарбыз
Жағасы жасыл, суы қызыл, балығы қара.
Қарбыз
Байлап едім қойымды, желіде жатып тойынды
Қауын
Сусыз піскен ас көрдім, домаланған бас көрдім
Қауын
Көктемде тұзақ құрғанмын, қолайлы деген қырға бір. Тамызда барып жинадым, бір арба қызыл қырғауыл
Қауын
Терісі – сары, еті – дәрі
Лимон
Тіл үйірген дәмі бар, сары алтын түс – сәні бар. Шақсаң егер кептіріп, сүйегінің дәні бар, баққа тұрар сән беріп, алқа етіп тізіп ал
Өрік
Ас, астың ішінде тас, тастың ішінде және ас
Өрік
Қызыл күрең түрі бар, тебіндеген бүрі бар. Піскен кезде қаулайды, алтыннан бір аумайды, бал татыған нәрі бар, онда емнің бәрі бар.
Шабдалы
Бақтарда балбырап, тұрады албырап. Уылжыған уыздай алма емес, ол бірақ
Шабдалы
Түрі шар сияқты, түсі қып қызыл, дәмі бал сияқты
Шие
Өсімдік, жеміс, көкөніс, дәнді дақылдар туралы жұмбақтар
- ramuk_b
- 13 қазан 2019
- 134069
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Жеміс жидектер туралы жұмбақтар, көкөніс, егін, өсімдіктер туралы жұмбақ
Ұқсас жаңалықтар:
Бидай туралы мақал-мәтелдер
Қара жерден аппақ бидай өнеді. Бидайдың барар жері — диірмен....Жұмбақтар (өсімдіктер туралы)
Жұмбақтар Үйде күтіп, Баптаған, Үстінде бар қаптаған, Тікенектері түрпідей, Өсімдік бұл – Кірпідей. (Кактус)...Алтын күз
Балалардың күз туралы түсінігін кеңейтіп, бұл жыл мезгілінің ерекшелігін бақылату. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы...Алтын күз
Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...Алтын күз (ертеңгілік)
Құрметті, ата-аналар, әріптестер, қонақтар! «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.