Табиғат туралы жұмбақтар
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады. (Күз )
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
Шым - шытыр,
Шидай қотыр. (Жұлдыздар)
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ, ұлиды. (Боран)
Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді, ұшып өлмейді. (Бұлт)
Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)
Қуып едім - мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім - қолға тұрмады. (Боран)
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (Күн күркіреуі)
Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан)
Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)
Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер. (Күн)
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады. (Күн)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолын тоңады. (Қар)
Гүл - гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)
Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп - бояп барлығын
Сап - сары ғып қояды. (Күз)
Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. (Күн)
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)
Төбесінде даланың
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі. (Күн)
Шымылдық ішінде қап - қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала. (Түн)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім келіп таң алдына алып кеткен? (Жұлдыздар)
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады. (Көктем)
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Күн, үйеңкі гүлдері пісіреді. (Жаз)
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады. (Күз )
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады? (Қыс)
Табиғат туралы жұмбақтар (қыс, көктем, жаз, күз)
- ramuk_b
- 26 қазан 2023
- 157747
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Табиғат туралы жұмбақтар, қыс туралы жұмбақтар, жыл мезгілдері туралы жұмбақ
Ұқсас жаңалықтар:
Табиғат туралы жұмбақтар
Қу талақай үйірілген, Желден шүй кейірілген. Құйын Бір хайуан елге мәшһүр таңғажайып, Жүреді кейде көп боп, кейде азайып. Барлығы көпке мәлім болса...Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар
Дәмі де жоқ, түсі жоқ Пайдаланбас кісі жоқ. Су Қара таудай буралар, Қара бұйра шудалар. Бура жерге шөгеді, Бұлау терін төгеді. Бұлт пен жаңбыр..."Қызықты қазақ тілі"
Мақсаты: балалармен жыл бойы өткен материалдарды («Отбасы»,«Жыл мезгілдері», «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Дене мүшелері», «Киімдер»,...Алтын күз
Балалардың күз туралы түсінігін кеңейтіп, бұл жыл мезгілінің ерекшелігін бақылату. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы...Бұл қай мезгілде болады?
Мақсаты: Білімділік: Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту; Дамытушылық: Ақыл - ойын, сөйлеуін тілін дамыту....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.