Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық.
Көрінбей кетіп қалыпты.
Аяз
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат асылды.
Кемпірқосақ
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
Найзағай
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр.
От жағып, дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр.
Жаңбыр, найзағай
Аспаннан жауды ақ бидай,
Үйге қарай жүгірдім.
Ызғарына шыдамай,
Сүмелектеп бүгілдім.
Бұршақ
Ақ моншақтар сабалар,
Қалмайды олар жанды аяп.
Жатып - жатып жоғалар,
Ешкім жинап алмай - ақ.
Бұршақ
Тырсылдап түседі,
Жер бетіне жетеді.
Жер бетіне жеткен соң,
Ғайып болып кетеді.
Бұршақ
Таудан топ түсті,
Аяқ - қолы жоқ түсті.
Бұршақ
Әуеде қызғыш, жерде бұзғыш.
Қызғыш айтады: “беремін” деп,
Бұзғыш айтады: “аламын” деп,
Берсе - барлық,
Бермесе - қаһарлық.
Жаңбыр, егінші
Ата - екем жерге пышағын шанышты.
Жаңбыр
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың.
Жаңбыр
Қара таудың басында
Киік кетіп барады.
Қол - аяғы баурына
Тиіп кетіп барады.
Тұман
Көкке шықса бұлт,
Жерге түссе шаңыт.
Тұман
Аспандағы әсем белбеуді,
Алып белге буынсам.
Кемпірқосақ
Тау тарс етсе тағы үркер,
Таудағы елдің малы үркер.
Қырдағы жылқы үркер,
Жортып жүрген түлкі үркер.
Күннің күркіреуі
Сарайдағы сары айғыр,
Сарнап - сарнап кісінер.
Күннің күркіреуі
Мені ешкім көрмейді,
Дауысымды есітеді.
Күннің күркіреуі
Бір нәрсе етегі кең, найзасы бар,
Қосылған адамзатқа хайласы бар.
Мекені жерде емес, көлде емес,
Адамға әр уақытта пайдасы бар.
Найзағай
Айдаһар аузын ашса, арс етеді,
Гауһары жерге түссе, жарқ етеді.
Найзағай
Аспанда бір нәрсе бар жылмаңдайды,
Тау басында жүгіріп қылмаңдайды.
Жанына жан иесі жақын келсе,
Бақырып бассалуға тайынбайды.
Найзағай
Күмбірлетіп тау ішін,
Қайталанды дауысым.
Жаңғырық
Сүңгі, бұршақ, тұман туралы жұмбақтар
- ramuk_b
- 14 қаңтар 2020
- 322971
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сүңгі туралы жұмбақтар, бұршақ туралы жұмбақтар, тұман туралы жұмбақтар
Ұқсас жаңалықтар:
Қызғыш құс
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос. Исатайдан айрылып, Жалғыздықпен болдым дос....Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар
Дәмі де жоқ, түсі жоқ Пайдаланбас кісі жоқ. Су Қара таудай буралар, Қара бұйра шудалар. Бура жерге шөгеді, Бұлау терін төгеді. Бұлт пен жаңбыр...Түсімде
Басында жаназаның қызғыш көрдім, Сырты — қой, іші — қасқыр бұзғыш көрдім. Жұрт көзінше сүзіліп, түсін бұзып, Тәсбиқ деп кез жарым тас тізгіш көрдім....Сабан, көмір және бұршақ
Баяғыда бір әбден қаусап қартайған өлмелі кемпір болыпты. Ол сексенің үстіне шықса керек. Бір күні кемпір бақшаға барып, бір табақ бұршақ жинап алады...Табиғат туралы жұмбақтар (қыс, көктем, жаз, күз)
Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала нұры қашады. Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады. (Күз )...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.