Ою ою ойым бар - ды,
Ойналмастан ойын қалды.
Орындалмай ойымдағы
Ойылмады ою - дағы.
Орашолақ, олақпын ба,
Оя алмадым оюларды?
Асан бақша жақтан.
Ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан.
Басқарақ асқабақ әкелді.
Ала - ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар.
доп теп
дөптеп
сұр інген сүрінген бе
сүрінген сұр інген бе
бұлаң бұлаң еткен бұл аң
бұлаң десем екен қылаң
Біреуі көрікті кісі,
Біреуі бөрікті кісі.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты.
Тоқпақ жаттап,
Айтсақ жақсы - ақ.
Жатка тақпақ
Жатта тақ - тақ
Қондық жаңа қонысқа,
Қалың екен жоңышқа.
Қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!
Кермеде тұр қырық
кір қыстырғыш,
Қырық кір қыстырғышқа
Қырық қыз келіп,
кір қыстырды.
Ата мен әже, ана да,
Алма мен алмұрт тереді,
Ауырға Арман бала да,
Арбамен тасып береді.
Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
Қоғанбай қомағай ма?
Жоқ, ағай
Қоғанбай қомағай емес,
Зор ағай.
Есім есі кетіп есінеп отыр екен.
Ол несіне.
Есі кетіп есінеп отыр екен.
Жағажайды жағалай,
Жүгіреді Қамажай.
Күз, Кез, Көз,
Күш, Кеш, Көш,
Кір, Кер, Көр,
Күл, Кел, Көл,
Кілең қысқа сөз,
Кім оқиды тез?
Сен өлше, ол өлшер,
Сол өлшем, сол мөлшер.
Омар ора алар,
Омар ора алмаса,
Орал ора алар.
Омартаға балалар барар,
Балаларды аралар талар.
Алашаларды
Таба алса, алар.
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.
Әбдіреде әбігер әтеш отыр.
Әбігер әтеш отырған
Әбдірені әжем ашып жатыр.
Гүлім гүлге қарап күлімдеді,
Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.
Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?
Доп деп,
Дөп теп.
Ескекті ескекші еседі,
Ескекші ескекті еседі.
Жаға жай,
Жағажайда – Қамажай.
Зура зурнада ойнайды,
Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме,
Зара да, Зере де зурнада ойнайды.
Инелік илеуде иленбейді.
Итбалық итмұрынды иіскемейді.
Пай-пай-пай,
Жайылып жүр тай.
Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай.
Жаңылтпаштар әр түрлі
Жаңылтпаштар жинағы
Жаңылтпаштар әр түрлі бағытта
- ramuk_b
- 14 қараша 2016
- 19607
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жаңылтпаштар, жаңылтпаштар айту, әр түрлі жаңылтпаштар
Ұқсас жаңалықтар:
Әр - түрлі жаңылтпаштар
Омартаға балалар барар, Балаларды аралар талар....Әліпби жаңылтпаштар
Арқада алты арқар бар, Қырқада қырық арқар бар. Қырық арқарда ақ арқар бар. Алты арқарда марқа арқар бар....Жаңылтпаштар
Заңгер меңгергенді, Дәрігер меңгере ала ма? Дәрігер меңгергенді, Заңгер меңгере ала ма?...Жаңылтпаштар жинағы
Арқада алты арқар бар, Қырқада қырық арқар бар. Қырық арқарда ақ арқар бар. Алты арқарда марқа арқар бар....Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі - Батаева Зағира Қарабекқызы Тренинг сабақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.