ӘЛІПБИ ЖАҢЫЛТПАШТАР
А
Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.
Ә
Әбдіреде әбігер әтеш отыр.
Әбігер әтеш отырған
Әбдірені әжем ашып жатыр.
Б
Бала бал арасын қуалады,
Бал арасы баланы қуалады.
Мұзафар Әлімбаев.
В
Вова Васяның вагон ойыншығын алып,
Васяға вагон ойыншығын Вова бермеді.
Г
Гүлім гүлге қарап
күлімдеді,
Көгілдір гүлге қонған
аралар гуілдеді.
Ғ
Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?
Д
Доп деп,
Дөп теп.
Е
Ескекті ескекші еседі,
Ескекші ескекті еседі.
Мұзафар Әлімбаев.
Ё
Щётканы Сёма сатып алды.
Серёжа мен Лёва оны
тартып алды.
Ж
Жаға жай,
Жағажайда -
Қамажай.
З
Зура зурнада ойнайды,
Зурнада бір ғана Зура
ойнайды деме,
Зара да, Зере де зурнада
ойнайды.
Мұзафар Әлімбаев.
И
Инелік илеуде иленбейді.
Итбалық итмұрынды
иіскемейді.
Й
Пай - пай - пай,
Жайылып жүр тай.
Ай - ай - ай,
Ұшып кетті торғай.
Х
Хан баласы ханзада
Болды ғашық ханшаға.
Алып ханнан хабар,
Ханшайымж\ды табар.
Һ
Қаһарлы айдаһар
Шаһарға келіп,
Қаһарланар.
Ц
Циркте ойнар аюды
Циркаш десем, күлесің.
"Ц" әріпінен басталған
Цемент сөзін білесің.
Ч
Сатып алды чемпион чемодан.
Чемодан алған чемпион чек алған.
Ш
Шынтемір
Шықпен шыланған шөпке
Шыңдалған шалғысын
шық еткізді.
Мұзафар Әлімбаев.
Щ
Ащы жеген Тазша баланың
аузы ашыды,
Тазша бала тұщы сумен
аузын шайды.
Ъ
Съезд, разъезд, подъезд.
Подъезд, съезд, разъезд.
Жаттап ал тез.
Ы
Ықылас пен Ыбырай
Ыдыстарын тасымай,
Ырыскүлден үлгі алмай,
Ынтасыз жүр тілді алмай.
І
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Іске тіл ілесе алады,
Тілге іс ілесе алмайды.
Мұзафар Әлімбаев.
Ь
Сұрап Мұрат
Коньки тап.
Байлап майлап,
Аттай шап.
Э
Электр шамы жанады,
Этаждар жымың қағады.
Электр жарық бермесе,
Экран сөніп қалады.
Ю
Юра Юля ойшылы,
Юла Юляның ойыншығы.
Я
Ян - ян - ян
Жүгіріп жүр қоян.
Ян - ян - ян
Бұл қоян емес, шаян!
Дереккөзі: iro. kz
Әліпби жаңылтпаштар
- aiboll
- 30 наурыз 2019
- 4664
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жаңылтпаш, жаңылтпаштар, әліпби жаңылтпаштар
Ұқсас жаңалықтар:

Әр - түрлі жаңылтпаштар
Омартаға балалар барар, Балаларды аралар талар....
Жаңылтпаштар жинағы
Арқада алты арқар бар, Қырқада қырық арқар бар. Қырық арқарда ақ арқар бар. Алты арқарда марқа арқар бар....
Жаңылтпаштар әр түрлі бағытта
Көсе көсеге көсеу көрсетті, Көсе көсеге неше көсеу көрсетті? Көсенің көсеге көрсеткен Көсеуі – бесеу....
Бала деп соққан бауырмал жүрек
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Альфия Асқарқызы Прназарова...
Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі - Батаева Зағира Қарабекқызы Тренинг сабақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.