Ақтөбе облысы, Темір ауданы
Шұбаршы орта мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі:
Қибасова Ұлпан Дүйсенғалиқыз
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Диаграммаларды құру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың MS ЕХСЕL де диаграммаларды құруды және мүмкіндіктерін пайдалануды үйрету.
Тәрбиелік: Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан — жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көре және ести отырып, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: ДК, Excel бағдарламасы
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Тәжірибелік жұмыс
V. Сабақты бекіту
VI. Үй тапсырмасы
VII. Оқушыларды бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Электронды кестенің ұяшығына мәтінді қалай енгізеді?
2. Енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?
3. Жұмыс кітабын қалай сақтаймыз?
Жаңа сабақ
Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т. б. түрінде құруға мүмкіндік береді. Оларға түсініктеме мәтін, тақырыптар және т. б. қосуға болады.
Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік берілуі.
Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.
Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100% - ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады
Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды.
График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандығы өзгерістерін бақылап отыруға ыңғайлы.
Диаграмма құру үшін:
• Диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;
• Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;
• Кірістіру мәзіріндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;
• Диаграмма шебері сұхбат терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;
• Келесі қадамға өту үшін «Далее >» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;
• Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готова) батырмасын шертуге болады, сонда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;
• Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.
IV. Тәжірибелік жұмыс
VІ. Сабақты бекіту. ө
1. Диаграмма деп нені атайды?
2. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз?
3. Excel диаграммасының құрылу ретін жазыңыз?
VІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу
VIІ. Оқушыларды бағалау:
Диаграммаларды құру
- akyl_bek_92
- 6 тамыз 2016
- 5016
- 0