Білімділік: Оқушыларға графикалық редакторда командаларды, құралдарды, үзінділерді сурет салдырту, баспаға жіберуді үйрету
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, география, математика
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, компьютер, слайдтар, «Информатика» оқулығы 5 класс
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
Редакторды іске қоса алады.
Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
Салынған суретті сақтап, ашып, қағазға басып шығара алады.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру
III. Үй тапсырмасын бекіту
V. Практикалық бөлім
VI. Қорытындылау
VІI. Үй тапсырмасын беру
VІIІ. Бағалау
1. Ұйымдастыру кезеңі:
• Амандасу, оқушыларды түгендеу;
• Шаттық шеңбері: «Сен өте керемет жансын, өйткені......»
• Топқа бөлу. «Астана», «Алматы», «Ақтөбе» оқушылар отырғаннан кейін бір сөйлеммен қалаларды таныстырады. Астана ҚР астанасы, әсем қала,
2. Үй жұмысын тексеру: Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, талдап, жұлдызшыдағы сұрақтар арқылы үй жұмысын бекіту;
3. Өткен тарауды қорытындылау мақсатында ертегі беріледі ертегі оқылады.
Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде әр түрлі түстер өмір сүріпті. Олардың жеке аттары болыпты. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т. б. Бір күні оларды қарындаш жинап алып сурет салмақшы болыпты. Бірақ оған түстер қарсы болыпты. Қарындаш түстердің қылықтарына шыдамай Microsoft ағайға хат жазыпты, былай деп: «Құрметті Microsoft ағай, түстер өз беттерімен кетті, сіздің тез арада келуіңізді өтінемін. Мекен – жайым:
Windows ауданы
Программалар ауылы
Стандартные көшесі
Сәлеммен: Қарындаш»
Осыдан кейін Microsoft ағай ойланып - толғанып, Сурет салу редакторын құрастырып, оның атын Paint қойыпты.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Ерте кезден - ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.
- Ендеше бүгінгі PAINT графикалық редакторында сабағымызды қорытындылап, салған суретімізді баспаға жібереміз.
Компьютермен жұмыс. Тапсырмалар
• Суретін салу
• Суретті бояу
• Суретке мәтін кірістіру
Баспаға дайындау. Баспаға шығару
- muxamedzhanova.90
- 5 сәуір 2016
- 2541
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Баспаға дайындау, баспаға шығару, информатика сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралд ...
- Paint графикалық редакторын ашуды, сурет салу және оны сақтауды білу; - Редактордың сурет салу құралдарының қызметімен, мүмкіндіктерімен танысу...Paint графикалық редакторы. Практикалық жұмыс
С.Датов атындағы № 26 орта мектетің Информатика пәні мұғалімі: Биханова Ж.С....«PAINT графикалық редакторы» 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен,...Paint графикалық редакторының құралдары
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Суюншалиева Шынар Марсқызы...«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы Сабақтың тақырыбы: «Paint» графикалық редакторында...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.