Сабақтың тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті..
Сабақтың мақсаттары:
а) білімдік: студенттерді Паскаль – программалау тілімен, паскаль тілінің негізгі элементтері және тілдің алфавиті таныстыру.
ә) тәрбиелік: студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге тәрбиелеу
б) дамытушылық: студенттердің ойлау қабілетін және логикасын дамыту
Мақсаты: Pascal тілі туралы бірінші мәліметтерді қалыптастыру. Мәліметтердің әр түрлі типтерімен, арифметикалық амалдармен және негізгі математикалық функциялармен танысу. Математикалық өрнектердің Pascal тілінде жазылу дағдысын қалыптастыру.
Міндеті: Pascal тілінде программалау құрылымы туралы алғашқы мәліметтерді қалыптастыру. Алгоритмдерді өңдеу және Pascal тілінде мәтіндік редакторында жұмыс істеу дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
• Әрқандай мәселеге сыни тұрғыдан қарауға үйренеді;
• Еркін ойлайды;
• Жан - жақты ізденеді;
• Тіл байлығы дамиды;
• Белсенділігі асады
• Шығармашылықпен жұмыс жасауы артады;
• Бір - бірін тыңдау, сөйлеу мәдениеті қалыптасады
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: СТО стратегиялары; Блум таксономиясы, бес жолды өлең, INSERT, RAFT, Эссе, Венн диаграммасы
Көрнекіліктері: түсті маркерлерлер, бағалау парағы, а - 4 форматтар
Сабақта қолданылатын құрал: интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық ұйымдастыру кезеңі:
• Бүкіл сынып қол ұстасып, бір – біріне іштей тілек тілейді.
• Сабақтың мақсаты, міндеті баяндау.
• Бағалаушысын сайлау
2. Қызығушылығын ояту кезеңі:
• Блум таксономиясы бойынша сұрақтар
1. Алгоритммен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
3. Тармақталған алгоритм дегеніміз не?
4. Циклдық алгоритм дегеніміз не?
5. Құрама командалар құрылымдары?
6. Компьютерде есеп шығару кезеңдері?
• Венн диаграммасы
3. Мағынаны тану кезеңі:
• Сабақтың тақырыбын бір студентке оқыту.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Паскаль тілі 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып – үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған. АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуі ыңғайлы тіл, қарапайымдылығының арқасында дүние жүзіне тез тараған.
Бұл тілде жазылған программа алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объекттік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Компьютерде осы уақытта екі нұсқасы болады:
1. алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы;
2. объекттік кодтағы жазылған программа.
Паскаль тілінің негізгі элементтері
Белгілі бір мәселені және есептер шығаруға арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, олардың қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.
Программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Олар теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Бір жолда бір - бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олардың арасы нүкте үтір (;) арқылы ажыратылады. Бірақ бір жолда бір оператордың тұрғаны дұрыс, себебі түзетуге жеңіл және ыңғайлы.
Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез келген программа PROGRAM сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Одан кейін сипаттау бөлімі жазылады, онда программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі. Осы бөлімде іс - әрекет, командалар бөлімі орындалады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, end түйінді сөзімен аяқталады.
Операторлар: шартқа, қайталанатын цикл немесе қосымша программа (подпрограмма, процедура) түрінде орындалады.
Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу - шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Нәтиже алу (шығару)- аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу - шығару порттарына жазу.
Шартты түрде атқарылу - белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты (ақиқат болса), командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл - белгілі бір шарттар орындалған (кейде егер орындалмаса) жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.
Көмекші программа – алдын ала қандай да бір атаумен аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
Түсініктеме – программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.
Тіл алфавиті
Программаның элементтерін құруда тілдің алфавиті символдар жиынынан тұрады. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын бірнеше топқа бөлуге болады: атаулар(идентификатор); цифрлар; айыру белгілері; арнайы символдар.
Атаулар символдары: 26 латын алфавиті(бас және кіші әріптері).
Цифрлар: ондық цифр(1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) және он алтылық цифрлар(ондық цифр және A - дан F - қа дейінгі латын әріптері).
Айыру белгілері: бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілер, ENTER және түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын түйінді сөздерді бір - бірінен бөліп тұрады. Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілермен қоршалып, ішіне жазылады, олар бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін.
Айыру белгілері: _(бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);; (нүкте үтір); ‘ (апостроф); (,); [,]; {,}.
Пунктуация белгілерінің атқаратын қызметі
Белгілер Атқаратын міндеттері
{және} немесе (*және*) Түсініктеме мәліметтерді жақшамен беру
[және] Жиын элементтерінің индекстерін және жолдың ұзындығын көрсету белгілері
(және) Өрнектерді және параметрлер тізімін бөліп көрсету белгілері
‘ (апостроф) Символдың және тіркестік тұрақтыларды белгілеу таңбасы
:= меншіктеу Айнымалыларға немесе типі көрсетілген тұрақтыларға мән беру, яғни меншіктеу белгісі
; (нүкте үтір) Операторларды бір - бірінен ажырату белгісі
: (қос нүкте) Объектілерді типтерге ажырату және операторларға белгі салу таңбасы
= (теңдік) Тұрақтылардың мәнін көрсету және салыстыру белгісі
, (үтір) Тізімдегі элементтерді бір - бірінен бөліп көрсету
.. (екі нүкте) Диапазонның шекарасын көрсету
. (нүкте) Программаның соңын белгілеу, санның бүтін және бөлшек бөліктерін ажырату белгісі
@ Айнымалылардың, типі көрсетілген тұрақтылардың адрестерін белгілеу
# (нөмір белгісі) Символды коды бойынша белгілеу
$ (ақша белгісі) Компилятор директивасын немесе он алтылық сан белгісін көрсету
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция(амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амалдар: (+) қосу, (-) алу, (*) көбейту, (/) бөлу
DIV – бүтін бөлу(мыс: 10 DIV 3 – нәтиже 3);
MOD – қалдықты табу(мыс: 10 MOD 3 – нәтиже 1).
Логикалық амалдар:
AND – және(логикалық көбейту);
OR – немесе(логикалық қосу);
NOT – емес(терістеу немесе жоққа шығару);
XOR – арифметикалық немесе;
SHL – биттер(1 мен 0 - дер) тіркесін солға ығыстыру;
SHR - биттер(1 мен 0 - дер) тіркесін оңға ығыстыру.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:
=(тең), <>(тең емес), (үлкен), =(кіші емес, ≥ таңбасының орнына).
Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды болады, ол мемлекеттік стандарт түрінде бекітілген.
Паскаль тіліндегі түйінді сөздер үш топқа бөлуге болады: қордағы(резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар, бейстандарт идентификаторлар.
Паскаль тілінің дербес компьютерге арналған нұсқасының қордағы сөздері
absolute абсолюттік label белгі
and логикалық ЖӘНЕ library кітапхана
array жиым (массив) mod бөліндінің қалдығы
asm ассемблер nil болмау (бос болу)
begin блок басы not Логикалық ЕМЕС
case нұсқа (вариант) or логикалық НЕМЕСЕ
const тұрақты (константа) of одан (- дан, - ден, - тан, - тен)
constructor конструктор object объект
div бүтін бөлу packed тығыздалған
go to ауысу (көшу) Procedure процедура
do орындау, атқару program программа
downto кішірейту record жзазба
destructor деструктор (бұзушы) repeat қайталау
else әйтпесе set жиын
end блок соңы shl биттерді солға ығыстыру
exports экспорт (жіберу) shr биттерді оңға ығыстыру
external сыртқы string қатар (жол)
file файл then онда
for үшін to үлкейту
forward алдындағы type тип (түр)
function функция unit модуль
if егер until дйін (шейін)
implementation жүзеге (іске) асыру uses пйдалану
in ішіндегі (ішіне ену) var айнымалы
inline негізгі while әзірше, болмайынша
interrupt кідірту (үзу) with - дан, - ден, - тан, - тен
interface интерфейс xor аып тасталынған
inherited мұралау (қабылдау)
Келтірілген түйінді сөздерді айнымалы атаулар немесе тұтынушы қойған бейстандарт атаулар ретінде қолдануға болмайды.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиындар т. б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады. Математикадағы формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы көпмүшелер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.
Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.
Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның сипаттамасы болып табылады.
Компьютер орындай алатын программа жазу үшін программалау тілінің синтаксисі (оның элементтерін жазу ережелері) мен семантикасын (оларды пайдаланудың мағыналық ережесін) білу қажет.
INSERT стратегиясы
Білем Білмеймін Мен үшін жаңа білім
RAFT стратегиясы
Егер паскаль тілі болсаң?
3. Ойтолғаныс кезеңі:
1. Эссе жазу
2. Бес жол өлең
4. Үйге тапсырма 4, 5 есеп
5. Студенттердің білімін бағалау
Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті
- Diya
- 15 ақпан 2016
- 5069
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Паскаль – программалау тілі, паскаль тілінің негізгі элементтері, тілдің алфавиті
Ұқсас жаңалықтар:
Pascal программалау тілі
Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек...Paskal тілі
Мақсаты: Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру. Жасанды тілдің қалай...Информатикадан тест 9-сынып
Информатика пәнінен 9 - сыныпқа арналған тест сұрақтары (+- пен дұрыс жауаптары белгіленген)...Цикл параметрлері
Сабақтың тақырыбы: Циклдік параметрлері....Паскаль – программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі
ШҚО, Семей қаласы, №21 жалпы білім беретін мектеп Абылхасымова Ұ. Ж....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.