Сайтқа кіру Тіркелу

Не? Қайда? Қашан?

Информатика пәніне арналған интеллектуалды ойын «Не? Қайда? Қашан?»

"Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім" (М. Әуезов)
Ойын мақсаты:
• Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
• Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;
• Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
• Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.
Мұғалім:
Бізде информатика сабағы десе бірден компьютер, онда өлең тыңдау немесе ойын ойнау деп қана түсінуге болмайды. Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз информатика сабағын өте қызық екендігін түсінейік.

І - жүргізуші: Сәлем бердік құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен семинарға келген қонақтар. Біздің информатика сабағында «Не? Қайда? Қашан» ойынын тамашалаңыздар!
ІІ - жүргізуші: Ойын 10 кезеңнен тұрады:
Жоспары:
1. Таныстыру
2. Сергіту сәті (14 сурақ - жауап)
3. Дұрыс, дұрыс емес (Электронды оқулық)
4. Ой толғаныс (спикерлер сайысы)
5. Поэзия сәті (Информатикаға байланысты өлең жазу)
6. Сәйкесін тап
7. Көрермендермен ойын
8. «Судаку» ойыны
9. Дауыс беру, көрермендердің пікірі
10. Қорытынды
І - жүргізуші: «Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды шақырайық. Бұл ойынға 2 топ катысады.
І топ «Сұлтандар»
ІІ топ «Арулар»

ІІ жүргізуші: Қазақ деген халықтың баласымыз,
Алда талай алынар бар асуымыз.
Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,
Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз
дей отырып әр топ өздерін таныстыруларымен ойынның І - ші кезеңінің есігін ашсын.

1. Таныстыру
Арулар тобы:
Телефонға жүгіреміз,
Теликке ылғи үңілеміз,
Бұл заманда адамдардың
Интернетпен ғұмыры егіз.

Ток сорғанда қанымызды,
Жүрек әсем әнін үзді,
Файлдар мен смайлдар
Жаулап алды жанымызды.

Қалам ұстау ұмыт қалды,
Емейлдер құрық салды,
Өмір – құйын, көре алмаймыз
түсімізде де тымық таңды.

Ұмытыпты досым әнін,
Бүгінгі әннен шошынамыз –
Айқай менен ритмге,
Біз де амалсыз қосыламыз.

Сұлтандар тобы:
Өмірді іспен өлшейміз,
Қадірлеп құнын жеңістің.
Мақсатқа берік сұлтандар,
Келеді сонда жеңіс күн.

Сенімнің күші бір ғажап,
Қопарар заңғар тауды да.
Ұмытылар сонда түрлі азап,
Ұмтыл тек алға, қалғыма.

Қиындықтардан бүгілмейміз,
Үмітімізді сенім баптасын,
Ашамыз сонда түбінде,
Информатика қақпасын.

Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Көп елдің арасын біз жалғаймыз.
Миллиондар ұшып жатыр күнбе - күн,
Біз сұлтандар осы лектен қалмаймыз.

2. Сергіту сәті
І жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
дегендей 2 - ші кезең сергіту сәтіне берейік. Мұнда әр топқа 7 - 7 сұрақтан әр сұраққа ойлануға 30 секунд беріледі. Және жауап бере алмаған топ болса, онда оған қарсы топ, жауабын айтуға болады. Онда, ұпай саны дұрыс айтқан топқа беріледі. әділ - қазылары барлық кезеңде де ұпай санын 10 баллымен есептеулеріңізді сұранамыз.

ІІ жүргізуші:
1. Аз батырмалы құрылғы (тышқан)
2. Гректер есептеу құралын не деп атады. (абак)
3. Компьютер жиыны (желі)
4. Калькуляторды ең алғаш кімдер жасады? (Чебышев, Однер)
5. Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды (монитор)
6. Оптикалық енгізу құрылғысы (сканер)
7. Біздің мектеп директоры (Дүйсенбаев Б. Ж.)
8. Экран нүктелерін аралағыш (курсор)
9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (Internet)
10. Компьютердің негізгі электронды құрылғысы (процессор)
11. Матрицалық принтер сиясы (лента)

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×