Сайтқа кіру Тіркелу

Модель түрлері

Сабақтың тақырыбы: Модель түрлері.
Сабақтың мақсаты: 1. Модель түрлерімен таныстыра отырып, теориялық білімді практикада ұштастыру
2. Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулу.
3. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Оқулық, компьютер, жұмыс дәптері
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Көрсете түсіндіру, топтық, тапсырмалар орындау

Сабақтың өту барысы:
І. Оқушыларды ұйымдастыру.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
IV. Сабақты бекіту.
V. Қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Жаңа сабақ
Нақты нысандарды /түпнұсқа/ зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды модель дейміз.
Модель нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. Модельдеу - нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру. Модельдеу - нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зертеу үшін модель құру.
Модельдеу келесі шешімдерді қабылдауға дәлелді мүмкіндік береді: яғни қалай үйреншікті нысандарды жетілдіру керек, әлде жаңасын құру керек пе, үдерістерді басқаруды өзгерту керек, сонымен қатар бізді қоршаған ортаны қалай жақсы жағына қарай өзгерту керек.
Модельдеу кезеңдері
Модельдеудің барлық кезеңдері мақсатқа және есептің қойылуына байланысты анықталады. Модельдеу - шығармашылық үдеріске жатады және ерекшеленген кезеңдер әр нақты жағдайда өзгеріске ұшырауы мүмкін. Модельдің кезеңдері: 1. Модельдеу мақсаты нысанды талдау; 2. Модельді құру; 3. Компьютерлік модель /модельдеу жоспары, модельдеу технологиясы/; 4. Модельдеу нәтижесін талдау/ нәтиже мақсатқа сәйкес келеді, нәтиже мақсатқа сәйкес келмейді/. Қоғамдық мәселелерді зерттеу кезінде модельдеу өте маңызды рөл атқарады. Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:
Қоршаған ортаны танып білу;
Берілген қасиет бойынша нысанды құру;
Әсердің нысанға тигізер салдары;
Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.
Модельдер келесі белгілер бойынша жіктеледі:
Қолдану аймағы (оқулық, ойындық, тәжірибелік, имитациялық және т. б.)
Уақыт факторларын ескеру(статистикалық және динамикалық);
Көрсету немесе ұсыну тәсілі.
1. Оқу моделі - бұл модельге оқыту программаларын жатқызуға болады.
2. Динамикалық модель - уақыт өтуіне байланысты нысан қасиеттерінің өзгерісін көрсетеді. Мысалы оқушының оқу үлгерімін көрсететін сынып журналын жатқызуға болады. Берілу тәсілдері бойынша модельдеудің жіктелуін толығырақ қарастырайық. Біз қарастыратын модель түрлері: ақпараттық, таңбалық, компьютерлік модель.
Ақпараттық модель дегеніміз - нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланысы болып табылады.
Таңбалық модельдерге сурет, мәтін, график, сызбалар, жатады.
Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді айтады. Қазіргі кезде компьютерлер дыбыстық, бейне, анимация, мәтін, сызба, кесте, т. б. ақпараттармен жұмыс істей алады. Осы ақпараттарды өңдеу, тарату, қабылдау үшін компьютердің техникалық және программалық жабдықтауы болуы тиіс.
Егер математикалық модельді зерттесек, онда программалау ортасын немесе электрондық кестені қолданған ыңғайлы. Сөздік модельге мәтіндік редактор ыңғайлы. Ал графикалық модельге графикалық редакторда құрылады.
Орындалатын тапсырмалар:
І. Графикалық редакторда сынып бөлмесінің моделін салу
ІІ. Өлең үзінділерімен жұмыс / топпен және жеке/
1) Өлеңді оқып, өлеңге атау береміз, авторын табамыз
2) Әр бала постермен жұмыс жасайды/ өлеңнің моделін құру/
ІІІ. Топпен жұмыс ребустар шешу «Ми қатыру»
IV. Тест жұмысы
1. Модельді тек..... құруға болады
A) нақты бір нысанға
B) ойластырып алынған нысанға
C) кез келген нысанға, үдеріске, құбылысқа
D) табиғи құбылыстарға
2. Модельдеудің негізгі кезеңдері ол:
A) модельді құру, компьютерлік тәжірибе
B) есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау
C) есептің қойылуы, модельді құру
D) модельді құру, молдельдеу нәтижесін талдау
3. Ақпараттық модель:
A) компьютердің көмегімен жүзеге асады.
B) нысанның, үдерістің, құбылыстың сипаттамасын береді.
C) нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар
D) тек статистикалық модель
4. Уақыт факторларына байланысты модельді келесідей деп айтуға болады:
A) компьютерлік және компьютерлік емес
B) стастикалық және динамикалық
C) тәжірибелік және имитациялық
D) сөздік модельдеу
V. Қорытындылау, үйге тапсырма 13 - 14 тақырыптар, 80 - 83 бет

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Модельдеуге тәжірибелік жұмыс

Модельдеуге тәжірибелік жұмыс

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға модельдеудің негізгі кезеңдері бойынша модель құруға үйрету;...
Модель және модельдеу

Модель және модельдеу

Оқушылардың қоршаған ортадағы модель түрлерін анықтай білу қабілеттерін дамыту. Топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс...
Модельдеу. Модель түрлері

Модельдеу. Модель түрлері

Модель дегеніміз нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе...
Модель және модельдеу. Модельдің түрлері

Модель және модельдеу. Модельдің түрлері

Модель ол: нысанның қарапайым көшірмесі заттың кішірейтілген түрі (макеті) табиғатта, қоғамда болып жатқан кейбір құбылыстарды, үдерістерді сызба,...
Модель-нақты нысанның маңызды қасиеттерін көрсету

Модель-нақты нысанның маңызды қасиеттерін көрсету

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе - 1 кентіндегі Н. Жұбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×