Сайтқа кіру Тіркелу

Информатика әлемінде

Ақмола обдысы, Аршалы ауданы,
Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі Сиздикова Айгуль Каратаевна

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын элементтері, баяндау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, кеспе қағаздар
Сайыстың жүру кезеңдері:
1. Таныстыру
2. Ой ашар
3. Ғажайып алаң
4. Кім мықты?
5. Тапқыр болсаң тауып көр.
Барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Инорматика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Білімнің маңызын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «Өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық», - деп көрсеткен.
«Білімді азамат - ел ертеңі», «Білекті бірді, білімді мыңды жығар», «Білім мен даналық - адам көркі», т. с. с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекер айтылмаса керек. Құрметті оқушылар сіздерді «сайыса отырып, саналы болуға», «ойнай отырып, ойлы болуға» шақырамын.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазыларды сайлап алайық.
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар - дей келе «информатика әлемінде» сайысына қатысатын командаларды қол соғып, ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Топ алдына шыққан басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер оқушылар
Сәті келіп қалғандай танысатын - деп «таныстыру» атты І - кезеңімізді бастаймыз.
І кезең. Таныстыру (Топтар өздерін таныстырады)

Жүргізуші:
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға.- деп келесі кезеңімізге көшеміз
ІІ кезең. «Ой ашар» (топтар кезекпен жұмбақтарға жауап береді)
Жұмбақтар
Қағаз бетінен алады,
Бірден компьютерге салады. (сканер)
Компьютермен енеді
Қағазға басып береді. (принтер)
Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған. (монитор)
Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың. (тінтуір)
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)
Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет)

Жүргізуші:
Дүниедегі құбылыстың мәнінде,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де.
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде - деп келесі кезеңімізге көшеміз
ІІІ кезең. «Ғажайып алаң»

Жүргізуші:
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі,
Ойлануға татырлық - деп «Топ басшыларының» сайысына кезек береміз.

VІ кезең. Топ басшыларының сайысы (Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады., Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді туралы пікірлерін тыңдау)
Жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген, зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен - деп бесінші кезеңімізге өтеміз.

V кезең. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
(Екі топқа венгр сөзжұмбағы беріліп, жасырын сөздерді табу ұсынылады)
Жүргізуші:
Көсемдіктің белгісі, шешендіктің белгісі - деп топ басшыларына сөз береміз.
Ойын толқын жатқанда асып - тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

VІ кезең. Қорытынды
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауға тырысып, дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік дегім келеді.
Әділқазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек..
Бүгінгі кешіміз осыменен аяқталды! Баршаңызға көп - көп рахмет!
Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.

Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа,
жүйелі ойламауға итермелейді

Бағалау парағы
Сайыс кезеңдері
Таныстыру (5 жоғары ұпай
Ой ашар(әр дұрыс жауап 5 ұпай)
Ғажайып алаң
(ұяшықтағы ұпай саны қосылады)
Кім мықты (10 ұпай)
Тапқыр болсаң, тауып көр
(әр дұрыс жауап 5 ұпай)
Қорытынды ұпай саны
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сиқырлы информатика

Сиқырлы информатика

Жүрісі: Жүргізуші: Сәлематсыздар ма ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Білімнің ұшқырлығын танып сен, Асып – тасып қалыспа сен, Уақыт деген зымырап...
Тапқыр достар сайысы

Тапқыр достар сайысы

«Тапқыр достар» сайысы Сайыс мақсаты: Білімділік: Оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілеті ашу, интелектуалдық деңгейін арттыру....
Үздік информатика тобы

Үздік информатика тобы

Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын арттыра отырып, олардың пәнге деген...
«Информатика әлеміне саяхат» интелектуалдық сайысы

«Информатика әлеміне саяхат» интелектуалдық сайысы

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Маханова Гульназ Абдіхалыққызы «Информатика...
Тапқыр достар

Тапқыр достар

Сайыстың тақырыбы: «Тапқыр достар» Сайыстың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу арқылы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×