Сайтқа кіру Тіркелу

Желі қауіпсіздігі және қорғау

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы.
Бейнеу политехникалық колледжі
информатика пән мұғалімі Умирзакова Анар

Сабақтың тақырыбы: Желі қауіпсіздігі және қорғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Желі қауіпсіздігі және қорғау туралы түсінік беру, практикада қолдануға машықтандыру.
Дамытушылық: Жаңа сабақ бойынша алған білімін жүйелей отырып, студенттерді өз бетімен ізденуге, ойын тұжырымдауға, өз көзқарасын айта білуге баулу. Шапшаңдық пен тапқырлық, танымдық және шығармашылық қабілеттерін және жылдам ой қорыту қасиеттерін жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: Кабинетте өзін - өзі ұстауға, техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: MS Power Point бағдарламасында дайындалған слайдтар,
бейнеролик

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Кабинетті ретке келтіру. Студенттерді түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру(дәптер, қалам). Құрылғымен жұмыс дәптерін толтырту. Жұмыс орнын дайындау. Кабинетте техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау.
Кіріспелік нұсқау: Кабинетте техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Желіні администрациялау және DNS – серверлер» тақырыбы.
Сұрақтар:
1. Суретте неше желі бейнеленген? ( 5 )

2. IP - адрестеу дегеніміз не, түсінік бер.
Ip адрес мысалға сенің түрып жатқан үйіңнің мекен жайы болса ол да интернетіңіздің мекенжайы.
Продайвер әр интернет қолданушыға қайталанбас IP адресін береді. Интернетке өз IP адресіңіз арқылы қатынайсыз
Интернетке қосылған әрбір ЭЕМ - нің өзіндік қайталанбас физикалық адресі болады. (IP - адресі). Адрес нүктемен бөлінген 4 ондық саннан тұрады, олардың әрқайсысы - 0 мен 255 санының арасындағы кез келген сан. Желідегі компьютерді осы сандарға қарап анықтайды. Мысалы:
192. 168. 10. 43 немесе 128. 29. 15. 124
Осылай адрестеу жүйесі 2564 4, 3 миллиард компьютер адресін анықтай алады. Дәлірек айтқанда физикалық адрес 32 - разрядты екілік сан (4 байт) ретінде жазылады.

3. Домендік адрестер дегеніміз не?
Физикалық адресті пайдалану ыңғайсыз (адамдарға цифрлар тізбегін есте сақтау қиын), сондықтан мұндай адрестерге символдық (домендік) адрестерді сәйкестендіреді. Символдық адрестер белгілі мағынасы бар сөз тіркестерінен тұрады.
Символдық немесе домендік адрестер былай жазылады:
протокол://машина аты. домен аты[/каталог/ подкаталог/файл аты]

4. Домендік жүйесіне сипаттама бер.

Атаудың домендік жүйесі (Доменная система именования; domain name system) - Интернет желісіндегі IP адрестерінде - компьютердің атын есте сақталатын домендік атауға (мысалы, www. ip. com) ауыстыру механизмі. Мұндай өзгертулер атаудың домендік жүйесінің арнайы серверлерінде автоматты түрде атқарылады
DNS - сервер — тиiстi хаттама бойынша сұрау салулар DNSқа жауаптары үшiн қолайлы қосымша. DNS сонымен бiрге - сервермен қосымша iске қосылған хост деп атай алады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу....
Жергілікті желілер

Жергілікті желілер

Мақсаты: Білімділік: жергілікті желілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерін...
Интернет сервистері

Интернет сервистері

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: білімдікке, салауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру...
Интернет. Интернете ақпаратты іздеу. Электрондық пошта

Интернет. Интернете ақпаратты іздеу. Электрондық пошта

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе - 1 кентіндегі Н. Жұбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы...
Ауқымды компьютерлік желі, Интернет

Ауқымды компьютерлік желі, Интернет

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің Информатика пәні мұғалімі Абезова Алия Өмірбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×