Тақырыбы: «Информатика және махаббат» кеші.
Мақсаты:
1) Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жүйелеу, сайыс арқылы тексеру.
2) Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.
3) Еңбекке, өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс
Көрнекіліктер: презентация, түрлі - түсті конверттер, жүрек қиындылары, қызықты тапсырмалар.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Информатика және махаббат» атты кешімізге хош келдіңіздер!
Ал, қанекей, қаралық,
Мына жақта жаңалық.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Информатика елінде,
Информатика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып шалқысын,
Компьютермен ән салып,
Көңілді кеш жасайық.
Кешімізді бастамас бұрын әділ - қазылар мүшелерін таныстырып өтейік:
Жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік:
1. «Жұбыңды тап»
2. «Қай сөз артық»
3. «Бой сергіту»
4. «Ситуациялықсұрақтар»
5. «Мені түсін»
6. «Кім жылдам»
7. «Ашық пошта»
8. «Ғалымдарды қаншалықты танимыз?»
9. «Сезімімді қабыл ал»
10. «Ең жарасымды жұпты таңдау»
Бұл сайысқа 4 сыныптан бір қыз бала және бір ұл бала қатысады.
Жүргізуші: (Жүректерді алып сәйкес келген жүрекпен жұп болады).
І кезең - «Жұбыңды тап» деп аталады. Қатысушылар жүректің қиындыларын алып, өз сыңарларын табады.
ІІ - кезең:«Қай сөз артық?». Тақтада 4 сөзден анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек. Әр сөзге 2 ұпайдан, артық сөзді тапса, 1 ұпай қосылады.
1. терчесвин – винчестер, такедис – дискета, акткомксиди – компакт – диск, сорецспро – процессор («процессор» сөзі артық. Ол ақпарат сақтайтын құрылғыға жатпайды.)
2. рептьюкром – компьютер, тамикатема – математика, азакиф – физика, лиягоибо – биология («компьютер» артық. Л пәнге жатпайды.)
3. марамгроп – программа, кымша – мышка, дакротре – редактор, енюм – меню («мышка» артық. Ол құрылғы.)
4. енқатпреата – пернетақта, ліже – желі, нтормио – монитор, домем – модем (желі артық сөз)
ІІІ - кезең: «Бой сергіту» кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде ұпайы аз жұппен қоштасамыз.
Тақтада 4 жүрек көрсетіліп тұр, таңдаған әрбір жүректің өзінің екі - екіден сұрағы бар.
1. Алғашқы есептеу құрылғысы? Саусақтар
2. Операциялық жүйе дегеніміз не? Басқарушы және қолданбалы программа
3. Екілік санның әрбір разряды? Бит
4. Компьютердің атасы? Чарльз Бэббидж
5. Интерфейс Компьютер мен адам арасындағы байланыс.
6. Ақпараттың неше түрі бар? Мәтіндік, символдық, графикалық
7. Компьютердің негізгі құрылғылары? монитор, жүйелік блок, тышқан
8. Бір символдың орнын көрсетіп тұратын тік сызық? Курсор
ІҮ. Ситуациялық сұрақтар кезеңі: Бұл кезеңде әртүрлі ситуациялық жағдайлар беріледі, сол жағдайда сендер өздеріңді қалай ұстаймын деп ойлайсыңдар?
Ұл балаларға қойылатын сұрақтар:
1 сұрақ: Сен махаббат күніне барлық жолдар 0 мен 1 тұратын қызықты құттықтау қағазын алдын.
Сен:
1. Бұл құттықтау қағазын досына жібересің.
2. Оны лақтырып жібересің.
3. Кодтау кестесін пайдаланып, оны дикодтайсың.
2 сұрақ: Бейтаныс қыз сенің суретіңді тауып алып, Photoshop программасымен оны өңдеп шығарып, бұл суретіңді мектептегі барлық қабырғаларына іліп қойды.
Сенің әрекетін:
1. Мектепке мүлдем бармайсың.
2. Бейтаныс қызды тауып алып, онымен достасасың.
3. Бұл қызды анықтап, оның суретін өңдеп, мектепке іліп қоясың.
3 сұрақ: Информатика кабинетіне кірген кезде сенің орныңа саған ұнайтын қыз отырғаның көресің.
Сенің әрекетің:
1. Қасына отырып, берілген тапсырма бойынша нұсқауларыңды айтасың.
2. Сол орынды босатуын сұрайсың.
3. Өз жауабың.
Қыз балаға қойылатын сұрақтар:
1 сұрақ: Саған ұнап жүреген ұл бала, өзіне ұнайтын компьютерлік ойынды ойнауды ұсынады.
Сен:
1. Басқа ойынды ойнауды талап етесің.
2. Еш нәрсеге қарамай, сол ойынды ойнайсың.
3. Өз жауабын.
2 сұрақ: Информатика кабинетіне кірген кезде саған ұнайтын ұл баланы сыныпқа жаңадан келген қызбен отырғаның көресің.
Сенін әрекетің:
1. Оны өзіне қаратып, берілген тапсырманы бірге орындайсың.
2. Ұлға сынып жетекшің шақырады деп алдайсың.
3. Өз жауабын.
3 сұрақ: Информатикадан берген рефератты сен интернет клубына іздеуге барасың, сонда саған ұнайтын ұл баланың апайы отырады.
Сенің әрекетің:
1. Алыс жерге отырып, жұмысыңды жасайсың.
2. Өз көмегіңді ұсынып, танысуға тырысасың.
3. Өз жауабың.
Ү Жүргізуші: Ал енді «Мені түсін» кезеңіне жол берейік.
Бұл кезеңде қазақ халқымыздың өзгертілген мақал - мәтелдері берілген. Сендер мақал - мәтелді дұрыс қалпына келтіру керексіңдер.
1 мақал: Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жауабы: жігітті досына қарап, бағала)
2 мақал: Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Жауабы: шегірткеден қорыққан, егін екпес)
3 мақал: Веб - дизайыншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да (Жауабы: қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да)
4 мақал: Білмесең, «анықтама» - дан сұра (Жауабы: білмесең, білгеннен сұра)
5 мақал: Антивирусы күштіні - вирус ала алмайды (Жауабы: досы күштіні - жау алмайды)
6 мақал: Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Жауабы: күлсең кәріге күл)
ҮІ. Жүргізуші:“Кім жылдам” деп аталады.
“М” “Д” «Б», «Ж» әрпінен басталатын информатика терминін жазу. Осы кезеңде соң тағы бір ұпайы аз жұппен қоштасамыз.
ҮІІ: Кезекті «Ашық пошта» кезеңіне берейік. Қалған екі жұпқа хат жіберілген. Осы хатты оқып, ішіндегі қателерін тауып, дұрыс мәтінді оқу керек.
1 хат: Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.
2 хат: Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Wordpad стандартты программасымен сала аламын. Мұнда Word Art панелі арқылы әр түрлі суреттерді аламыз.
ҮІІІ. «Ғалымдарды қаншалықты танимыз» деп аталады.
1 - жұп: 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Бұл қай ғалым? /Блез Паскаль/
2 - жұп: Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталды. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын «аналитикалық машина» жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің «атасы» деп те атайды. Бұл қай ғалым? /Чарлз Бэббидж/
ІХ: Кезең: Соңғы және қызықты кезең «Сезімімді қабыл ал» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушылар сезімдерін компьютерлік терминдерді қолдана отырып жеткізулері керек.
Көрермендермен ойын.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап отыру жараса ма?
Зерделеп, сұрақ жауап санаңа түй,
Боласың бар жеңіске ортақ сонда. Сонымен көрермендерге сұрақ.
1. Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші, достарым! ( Shift + Alt )
Бірігіп кетті екі сөз,
Не істерімді білмедім
Қане, қайсысың маған тез,
Ажыратып бересің? (Пробел)
Іздеп – іздеп пернеден таба алмадым
Ақыры есімімді жаза алмадым
Достарым, айтыңдаршы бас әріпті
Перненің қай жерінен таба аламын? (Shift + әріп )
Жүргізуші: Ал енді сөз кезегін әділ - қазыларға берейік. Бұл сайыстың «Ең жарасымды жұпты» қошеметпен қарсы алайық!
Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Осымен біздің сайысымыз аяқталды.
Жүргізуші: Қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар!
Информатика және махаббат
- zhambul
- 5 қазан 2015
- 4528
- 0
- 0
Ілмек сөздер: информатика сабағынан сабақ жоспары, жұмбақтар
Ұқсас жаңалықтар:
«Ақпараттар әлемі» атты интеллектуалдық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой - өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін...Ең үздік информатик
Бұл сайыстың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Ойын...Үздік информатика тобы
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын арттыра отырып, олардың пәнге деген...Информатика әлеміне саяхат
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі...Алғыр достар
Тақырыбы: «Алғыр достар» сайысы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.