Сайтқа кіру Тіркелу

Нысандар жиыны

Сабақтың тақырыбы: Нысандар жиыны

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Сабақта алған жаңа білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты:.
Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Paint графикалық редакторы, үлестірмелі қағаздар, оқулық.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап әдісі
Практикалық жұмыс орындау әдісі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, тізім бойынша түгендеу.
Оқушылар назарын өзіне аудару
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау:
Әдіс - тәсілі: Интерактивті тақтада тапсырмалар беру, ауызша сұрақтар қою.
Балалар, біз сендермен әр сабақта компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелерін қайталау міндеттіміз. Тақтада берілген сөйлемдер дұрыс немесе жалған екенін анықтаймыз. Кім тақтаға шығып тапсырманы орындағысы келеді?
Тапсырма 1.
1. компьютер сыныбында жүгіруге болады (иә немесе жоқ)
2. компьютерде жұмыс жасауға болады (иә немесе жоқ)
3. компьютерде жұмыс жасап отырып тамақтануға болады (иә немесе жоқ)
4. мониторға жақын отыруға болмайды (иә немесе жоқ)
5. тышқанмен ойнауға болады (иә немесе жоқ).
Техника қауіпсіздік ережелерін есімізге түсірдік енді өткен тақырыптарды қайталап өтейік. Біз сендермен компьютер құрамын өткенбіз. Сол тақырып бойынша бірнеше тапсырма орындайық.

Тапсырма 2.
Тақтаға назар аударыңдар.
Тапсырма 3.
Ал енді балалар, қандай құрылғы қандай қызмет атқаратынын анықтайық.
Балалар, біз білеміз компьютердің кейбір құрылғылары ақпаратты компьютерге енгізеді, ал кейбір құрылғылары шығарады. Келесі тапсырма:
Тапсырма 4.
Әріптердің орнын алмастырып, компьютерге байланысты сөздер құрастырайық балалар.
Тапсырма 5.
Тақтада көрсетілген шеңбердің ішіне компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құралдарды апарыңдар.

Ал өткен сабақта балалар біз сендермен нысандар түсінігін қарастырдық, олардың белгілерін, қасиеттерін. Бүгін біз осы тақырыпты жалғастырамыз. Бірақ бұны да есімізге түсірейік. Сендерге осындай сұрақ:
1. Нысан дегеніміз не? Мысал келтіру.
Нысан - бұл зат, оқиға, процесс, табиғат құбылысы.
Есімізге түсіру үшін біз сендермен қазір тапсырма орындайық
Тақтада берілген кестені толтырайық.

Жаңа сабақ:
Балалар, сонымен бүгін нысандар тақырыбын жалғастырамыз, сабағымыздың тақырыбы «Нысандар жиыны».
Балалар, қалай ойлайсыңдар жиын дегеніміз не?
Ортақ белгілері бар нысандар тобы, жиын деп аталады.
Мысал келтірсек кітапхана - бұл кітаптар жиыны,
орман – бұл ағаштар жиыны,
сынып – бұл оқушылар жиыны.
Қазір біз сендермен жиын түсінігін жақсы меңгеру үшін тақтада бірнеше тапсырма орындайық.
1 тапсырма.
Нысандарды берілген жиындар бойынша топта.
1 топ – оқу құрал – саймандары
2 топ – ойыншықтар
3 топ – техника
2 тапсырма.
Бұл заттар қандай мамандықтар үшін қажет?

Балалар бүгінгі тақырыбымыз осы, тақырып өте оңай болды.
Жаңа тақырып бойынша сұрақтарың бар болса қолдарыңды көтеріңдер.
Балалар, сендер тапсырма орындап біраз шаршап қалған шығарсыңдар. Онда біз сендермен сергіту сәтін өткізейік.

Сергіту сәті
Ал балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып,
Бір тұрып,
Бойымызды созайық.

Өте жақсы балалар, біраз сергіп қалдық, енді жұмыстарымызды жалғастырайық. Қазір сендерге үлестірмелі қағаз таратам, ал сендер жаңа тақырыпты бекіту мақсатымен компьютерге отырып тапсырма орындайсыңдар. Бірінші қатарда отырған балалар 1 топ деп аталады және компьютерге отырып тапсырманы орындайды, ал екінші қатарда отырған балалар 2 топ деп аталады, олар менімен бірге тақтада жұмыс істейді, тапсырманы орындап болғаннан кейін орындарыңмен ауысасыңдар. Балалар берілген тапсырманы Paint графикалық редакторында орындаймыз. «Белгілеу» құралып пайдаланамыз. Бұл бағдарламада жұмыс істеуді біз білеміз.
Paint графикалық редакторы бізге не үшін керек?
(Сурет салып онымен жұмыс жасау үшін).

Оны іске қосу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау қажет?
Пуск ---- Все программы ---- Стандартные ---- Paint
Ал енді балалар жұмысымызды бастайық.

Paint графикалық редакторы
1. Пуск→Все программы→Стандартные→ Paint
командасын орындап Paint графикалық редакторын іске қосыңдар.
2. Файл → Открыть командасын орындап жұмыс үстелінде «Нысандар жиыны 1» деп сақтап қойған суретті ашыңдар.
3. «Белгілеу» құралын пайдалана отырып нысандарды жиындарға бөліңдер. Керекті нысандарды белгілеп алып, сәйкес қайыққа тасымалдап апарыңдар. Өзгерісті сақтамай бағдарламаны жабыңдар.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін жұлдыздарды тарату арқылы оқушыларды бағалау.
Сабақтың қорытындысы:
Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе сендер өздеріңе қандай білім қорын жинадыңдар? Өздеріңе пайдалы нәрсе алдыңдар ма? Оқушылардың бағаларын жариялау, журналға қою.

Үйге тапсырма беру:
Paint графикалық редакторы
1. Пуск→Все программы→Стандартные→ Paint
командасын орындап Paint графикалық редакторын іске қосыңдар.
2. Файл → Открыть командасын орындап жұмыс үстелінде «Нысандар жиыны 1» деп сақтап қойған суретті ашыңдар.
3. «Белгілеу» құралын пайдалана отырып нысандарды жиындарға бөліңдер. Керекті нысандарды белгілеп алып, сәйкес қайыққа тасымалдап апарыңдар. Өзгерісті сақтамай бағдарламаны жабыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралд ...

Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралд ...

- Paint графикалық редакторын ашуды, сурет салу және оны сақтауды білу; - Редактордың сурет салу құралдарының қызметімен, мүмкіндіктерімен танысу...
Paint графикалық редакторы. Практикалық жұмыс

Paint графикалық редакторы. Практикалық жұмыс

С.Датов атындағы № 26 орта мектетің Информатика пәні мұғалімі: Биханова Ж.С....
«Бүріккіш» құралын және палитраны пайдалана білуге үйрену

«Бүріккіш» құралын және палитраны пайдалана білуге үйрену

Сарқан қаласы, Ақын Сара атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Асель Данияровна Адамбекова...
Қисық сызық сызу, көпбұрыш салу, құю құралын қолдану

Қисық сызық сызу, көпбұрыш салу, құю құралын қолдану

Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің нформатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы...
Paint графикалық редакторының құралдары

Paint графикалық редакторының құралдары

Жамбыл обл. Жуалы ауданы. Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×