Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырy кезеңі
ІІ. Өткен материалды еске түсіру. Үй жұмысын сұрау: 4. 2 тақырыпты оқу. Қазақстанның атақты суретшілері жайында шағын мәлімет жинап, қысқаша баяндап келуге берілген.
Ақпараттық диктант
1................... →Все программы →Стандартные →Paint
2. Paint сурет салу.......................әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны..........................мүмкіндік береді.
3. Paint графикалық терезесінің элементтерін атап жаз
4. Paint редакторында............ құралды пайдалануға болады.
5. 1)...........................таңдап алу керек.
2).........................қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың
типін тағайындау.
3) Кескіннің........................ таңдау.
4)............................. түсін таңдау.
5). Ал, енді.........................
Жауабы:
1. Пуск
2. Paint, программасы, өңдеуге
3. Тақырып жолы, меню жолы, басқару батырмалары, палитра, құрал - саймандар, айналдыру жолағы, жұмыс алаңы.
4. 16
5. 1) Құралды, 2) Сызықтың, 3) кескіннің, 4) фонының, 5) сурет салыңдар
ІІІ. Жаңа сабақ. Қисық сызық сызу, көпбұрыш салу, құю құралын қолдану.
Сурет салудың адам баласына қандай маңызы бар, ол не үшін қажет?- деген сұрақтарға тоқталайық. Бүгінгі сабағымыз сурет салумен байланысты болғандықтан сабағымызға бейнелеу өнерінің мұғалімі келіп отыр. Сөз бейнелеу өнерінің мұғалімге беріледі:
Құрметті оқушылар, сендер бастауыш кластан «Бейнелеу өнері» пәнін өтіп келесіңдер. Сурет салудың көптеген тәсілдері бар, оларға тоқталмай - ақ қояйын. Сурет салу тек суретшіге ғана емес, әр мамандық иесіне де қажет. Әр адам өзінше, өз шамасына, талабына қарай сурет салады.
Елімізде сурет өнеріне зор еңбегі сіңген атақты суретшілер өте көп. Солардың қатарында Әбілхан Қастеев, Кәміл Шаяхметов, Айша Ғалымбаева, Молдахмет Кенбаевты айтуға болады.
Жаңа сабақты түсіндіру: Қисық сызық салу:
Қисық сызық салу үшін қисық сызық батырмасын шертеміз. Сызық қалыңдығын таңдап, сызық салуды орындаймыз. Сызықтың бүгетін жанында маусты басып, бұрамыз.
Бүріккіш құралын пайдалану:
Бүріккіш құралын шертеміз. Палитрадан түсті таңдап, бүріккіш дағының өлшемін алып, бояуды бүркеміз.
Құю құралы:
Құю құралының батырмасын шертеміз. Түс палитрасының түсті таңдап, бояуға қажетті контур ішін мауспен шертеміз. Контур тұйық болуы керек.
Қылқалам құралының батырмасын шертеміз. Түсті таңдап, маустың көмегімен қажетті суретті саламыз. Жаңа сабақтан сұрақтарың бар ма?
ІV. Жаңа сабақты пысықтау.
а) Компьютермен практикалық жұмыс.
Енді, балалар компьютерге отырыңдар. Paint редакторын іске қосыңдар. Мына
тапсырмаларды орындаймыз.
Оқушыларға таратпа карточкаларды беріп (сурет салынған) тапсырмаларды орындату.
1 - тапсырма
Сызық құралын пайдаланып, өрмекшінің торын сал.
2 - тапсырма
Тақпақтың мазмұнына қарай сурет сал.
Көбелек.
3 - тапсырма
Жұмбақтардың шешуін тап, сурет сал.
Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Жерге қайтып түсемін.
Сергіту сәті.
Көз жаттығуларын орындату. Оқушылардың назарын өзіме аудартып, көз жаттығуларын жасатамын.
V. Сабақты бекіту (қорытындылау).
VI. Үйге тапсырма беру.
VIІ. Оқушы білімін бағалау
Қисық сызық сызу, көпбұрыш салу, құю құралын қолдану
- Амангүл
- 8 қаңтар 2015
- 3919
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қисық сызық сызу, көпбұрыш салу, құю құралын қолдану, информатика пәнінде Paint бағдарламасын пайдалану
Ұқсас жаңалықтар:
Бүріккіш өшіргіш құралдарын қолдану қылқаламмен сурет салу
Аягөз ауданы «Сары - Арқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Информатика пәні мұғалімі: Мырсеитова Арай Бекеновна...Paint графикалық редакторының құралдары
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылы "Көктүбек орта мектебі" КММ...Paint графикалық редакторының құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...Paint графикалық редакторының құралдары
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Суюншалиева Шынар Марсқызы...Paint графикалық редакторы
№2 мектеп - гимназия Кулмурзина Замзагул Жораевна Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.