Сайтқа кіру Тіркелу

Power Point терезесінің құрылымы. Көрме жасау тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: Power Point терезесінің құрылымы. Көрме жасау тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Power Point графикалық редакторымен жұмыс жасау барысы туралы жан - жақты түсіндіру;
ә) дамытушылық: Компьютерлік сауаттылықтарын, ойлау қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: ЭЕМ - мен жұмыс жасау барысында тәртіп сақтауға, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; Ақпараттық мәдениеттілікке, уақытты үнемді пайдалана білуге дағдыландыру; Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру;
Сабақтың техникалық - материалдық
құралдары, көрнекіліктері:
Компьютерлік жабдықтар, сабақ презентациясы, плакаттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Журнал бойынша түгендеу;
ІІ. Кіріспе нұсқау:
1) Өткен тақырыптар бойынша қайталау;
2) Техникалық құралдармен жабдықталғандықтан және токпен жұмыс жасайтын құралдарды пайдаланатындықтан қоғамдық мүліктерді бүлдірмей қолдану мақсатында қарастырылған арнайы ережелерді қатаң сақтау қажеттігін студенттерге ескерту.
Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар. Жалпы жағдайда презентация - бұл баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау, диплом немесе курстық жұмысты қорғау, бизнес - жоспарды не техникалық ұсыныстарды талқыға салу, қандай да бір қызмет түрін ұсыну. Кез - келген жаңа өнімді немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның атқаратын рөлі зор.
ІІІ. Оқушыларға жаңа сабақ туралы нұсқау беру:
Презентация өткізуде көрнекті құралдар графиктер, диаграммалар, фотоматериалдар кеңінен қолданылады. Қазіргі дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерінің артуы оны презентация даярлау құралы ретінде пайдалану қажеттігін туғызды. 1995 жылдан бастап есептеу техникасын кез - келген презентацияны даярлау мен өткізуге кеңінен қолдана бастады.
Презентация - айырықша текті электрондық құжат. Ол өзінің мультимедиалық мазмұны мен құжатты экрада шығарудың айырықша мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Құжатты экранға шығару автоматтандырылған, интерактивті және дистанциялық түрде өтеді. Осы тектес құжаттарды арнаулы программалық құралдар көмегімен дайындайды. Power Point графикалық бағдарламасы - презентацияны даярлау мен безендіруге арналған әмбебап құрал болып табылады.
Power Point құралдарының көмегімен дайындалған жұмысты оның кез - келген кезеңінен ұсынып көрсетуге болады.
Power Point - тағы кез - келген құжат слайд деп аталатын жеке кадрлар жиынтығынан тұрады. Презентациядағы слайдтар саны көп бола береді. Құжаттағы әрбір слайдтың өзінің жеке номері болады, слайд құрылғанда ол бірден міндетті түрде нөмірленеді. Құжаттағы слайдтар сызықты тізбекте орналасады. Слайдтарды жою, кірістіру, орын ауыстыру немесе көрсету олардың сызықтық құрылымын бұзбайды. Слайдтар әртекті объектілерден тұрады. Әрбір слайдта кем дегенде бір объект болады. Ол - кадр фоны.
Слайдта орналастырылатын объектілер:
- Фон;
- Мәтін;
- Гиперсілтемелер;
- Кестелер;
- Графиктік бейнелер;
- Диаграммалар;
- Бейнеклиптер;
Power Point интерфейсінің негізгі ерекшелігі құжатты жұмыс өрісінде бейнелеудің арнайы режимдерінде болып табылады.
1) Обычный - жұмыс терезесі 3 панельден тұрады. Сол жақта презентация құрылымы олардың номерлерімен, ондағы мәтінмен бірге тізбектеле бейнеленеді. Оң жақ панельде слайд орналасады.
2) Структура режимінде презентация құрылымы бейнелерге бөлігі үлкейтіліп, мәтінді енгізуге және пішімдеуге ыңғайландырылған.
3) Слайды - слайдтар жұмыс терезесінің негізгі бөлігін толығымен алып жатады. Бұл режим слайдтарға орналастырылған объектілермен жұмыс істеуге қолайлы.
4) Сортировщик слайдов - презентацияға кіретін барлық кадрлар жұмыс терезесінде эскиз түрінде бейнеленеді.
IV. Кіріспе нұсқауды бекіту:
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ барысын қаншалықты дұрыс игере білгендіктері талданады.
V. Құрал - жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету:
Компьютерлік жабдықтарды қолдана отырып Power Point бағдарламасы құрылымы, терезе объектілерімен таныстыру;
VI. Ағымдық нұсқау:
Студенттердің Power Point бағдарламасын түсіндіру барысында игерген білімін жетілдіре түсу үшін зертханалық жұмыстар орындау тапсырылады.
VIІ. Тексеру мақсатында оқушылардың жұмыс орындарын аралау:
Бірінші тексеру - жұмыс орнын тексеру (оқушыларға аса мән беру); Екінші - жұмыс амалдарын тексеру (оқушыға аса мән беру); Үшінші - өзін ұстауды тексеру (оқушыға аса мән беру); Төртінші тексеру – техникалық жағдайды дұрыс қолдануын тексеру (оқуға аса мән беру).
VIІІ. Қорытынды нұсқау:
1. Сабақ бойынша қорытынды
2. Әрбір оқушының сабаққа араласу барысын бағалау;
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
HTML құжатымен жұмыс

HTML құжатымен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: HTML құжатымен жұмыс Сабақтың мақсаты: HTML құжатына әзірлеу, онда фреймдер мен пішімдер орналастыру, жұмыс жасау барысы туралы...
Презентацияларды графикалық объектілермен көркемдеу.

Презентацияларды графикалық объектілермен көркемдеу.

БҚО, Орал қаласы, №14 ОЖББМ Информатика пәні мұғалімі Гүлназ Мұхтарова Бахтыгерейқызы...
Power Point бағдарламасы (бекіту сабағы)

Power Point бағдарламасы (бекіту сабағы)

Сабақтың мақсаты: Power Point бағдарламасынан өткенді қайталау мақсатында оқушылардың теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыру ●...
Power point бағдарламасында мәтін құру, суреттер, кестелер, фильм және дыбы ...

Power point бағдарламасында мәтін құру, суреттер, кестелер, фильм және дыбы ...

Білімділік: Оқушылардың MS Power Point бағдарламасында суреттер, мәтін құру, кестелер, фильм және дыбыстар кірістіру туралы түсінік беріп, алған...
Power Point Жан бітірімді баптау

Power Point Жан бітірімді баптау

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназия Омарова Айдаргуль Кемелханқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×