Сабақтың тақырыбы: Хаттарды әзірлеу. Жөнелту және қабылдап алу
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Интернет арқылы электрондық хабарлармен жұмыс істеуді үйрету; Оқушыларды жан - жақты тұлға ретінде тәрбиелеу;
ә) дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлау, басқару қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік:оқушыларды дербес өмір сүруге, еңбекшіл, қарапайым болуға тәрбиелеу;
Сабақтың техникалық - материалдық
құралдары, көрнекіліктері: Компьютерлік жабдықтар, сабақ презентациясы, плакаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Журнал бойынша түгендеу;
- Оқушылар назарын сабаққа аударту;
ІІ. Кіріспе нұсқау:
1) Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
2) Үйге берілген тапсырманы тексеру;
ІІІ. Оқушыларға жаңа сабақ туралы нұсқау беру:
21 ғасыр - телекоммуникация ғасыры болатыны сөзсіз. Әртүрлі байланыстың ішінде электрондық поштаның орны ерекше, күн сайын оны пайдаланушылардың саны өсуде. Электрондық пошта арқылы хатты, тіркелген пошта жәшігі бар кез - келген адамға жіберуге болады. Хат жіберілгеннен кейін бірнеше секунд ішінде серверге түседі, хатты алушы мейлі басқа елде жүрсе де хатты ала алады, бастысы Интернет жүйесіне кіру мүмкіндігі болса болғаны. Соңғы кезде ұялы телефондар, смартфондар, пейджингті байланыс арқылы электронды хатты жіберуге, қабылдауға болады.
Интернет жағынан электрондық пошта жұмысы екі сервер көмегімен атқарылады: шығатын хабарлар сервері мен келіп түсетін хабарлар сервері. Келіп түсетін хабарлар серверін «пошта жәшігі» деп атайды. Шығарылатын хабар қызметі SMTP хаттамасына негізделген (SMTP - Simple Mail Transfer Protocol - простейший протокол передачи почты). Келіп түсетін хабар қызметі POP3 хаттамасымен жүргізіледі. (POP3 – Post Office Protocol 3 - протокол почтового отделения, версия 3).
Электрондық поштадағы хабар екі бөліктен тұрады: хабар тақырыбы, негізгі бөлім. Тақырып келесідей өрістерден тұрады: Кімге - адресаттың аты; Көшірмесі - мұнда осы хаттардың көшірмесі жіберілген адресаттардың аттары; Тақырып - хабардың қысқаша мазмұны келтіріледі.
IV. Кіріспе нұсқауды бекіту:
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ барысын қаншалықты дұрыс игере білгендіктері талданады.
- Электрондық пошта дегеніміз не?
- Электрондық пошта қызметтері қандай?
- Электрондық адрес құрылымын атаңыз
V. Құрал - жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету:
Компьютерлік жабдықтарды қолдана отырып ауқымды интернет желісімен жұмыс жасау барысын меңгерту; Интернет желісін қолдана отырып электрондық поштамен жұмыс жасау тәсілдерімен таныстыру.
VI. Ағымдық нұсқау:
Оқушылардың интернет желісі тақырыбы бойынша игерген білімін жетілдіре түсу үшін зертханалық жұмыс орындау тапсырылады;
VIІ. Тексеру мақсатында оқушылардың жұмыс орындарын аралау:
Бірінші тексеру - жұмыс орнын тексеру (оқушыларға аса мән беру); Екінші - жұмыс амалдарын тексеру (оқушыға аса мән беру); Үшінші - өзін ұстауды тексеру (оқушыға аса мән беру); Төртінші тексеру – техникалық жағдайды дұрыс қолдануын тексеру (оқуға аса мән беру).
VIІІ. Қорытынды нұсқау:
1. Сабақ бойынша қорытынды
2. Әрбір оқушының сабаққа араласу барысын бағалау;
Хаттарды әзірлеу. Жөнелту және қабылдап алу
- Нұрмаш Айшолпан
- 7 желтоқсан 2014
- 9075
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Хаттарды әзірлеу, жөнелту және қабылдап алу
Ұқсас жаңалықтар:
Интернет. Интернете ақпаратты іздеу. Электрондық пошта
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе - 1 кентіндегі Н. Жұбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы...Интернет қызметтері
Сабақтың мақсаты: а) білімділік:Ауқымды интернет желісі жөніндегі білімді игерту, интернетпен жұмыс жасау барысы туралы жан - жақты түсіндіру;...Power Point терезесінің құрылымы. Көрме жасау тәсілдері
Power Point бағдарламасында көрме құруды үйрету...HTML құжатымен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: HTML құжатымен жұмыс Сабақтың мақсаты: HTML құжатына әзірлеу, онда фреймдер мен пішімдер орналастыру, жұмыс жасау барысы туралы...Электрондық пошта
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Интернет туралы білімдерін толықтыру барысында, электрондық почта туралы айты. Электрондық поштаның құрылысымен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.