Сайтқа кіру Тіркелу

Жас информатиктер

Сабақтың тақырыбы: «Жас информатиктер»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой - өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу, өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: слайд, суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) амандасу, сыныпты түгелдеу.
б) сыныпты 2 топқа бөлу.
ІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі біздің сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1. Сұрақ – жауап.
2. Сәйкестікті табыңдар.
3. Бұл кім? Бұл не?
4. Сөзжұмбақ шешу.
5. Ойлан да тап.
6. Компьютердің пайдасы мен зияны. (пікір – талас)
Сыныпты 2 топқа бөліп алайық. 1 – ші топ пернетақта, 2 – ші топ монитор.
1 кезең. Сұрақ – жауап.
1 – топтың сұрақтары.
1. Ақпарат термині латын тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (баяндау, түсіндіру, мәлімет)
2. Ақпараттың қасиеттері қандай? ( сенімділігі, толықтылығы, құндылығы, дер кезінде берілуі, түсініктілігі, қолжетімділігі, қысқалығы, нақтылығы)
3. Ақпараттың өлшем бірліктері? ( байт пен бит )
4. Есепшот Ресейде қай ғасырда пайда болған? ( 15 - 16ғ )
5. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата? (монитор, жүйелік блок, пернетақта, тышқан)
6. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз? ( Қосу – Программалар – Стандартты – Paint)
7. WordPad программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін. ( Файл – Сохранить как )
8. Құю ( Заливка) құралының қызметі? ( Тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды)
9. Жолды түгел бас әріппен теру үшін қай пернені пайдаланады? (CAPS LOCK)
10. Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы? ( сканер)

2 – топтың сұрақтары.
1. Информатика дегеніміз? ( ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен айналысатын ғылым)
2. Ақпараттың түрлері? ( көрінетін, дәм сезу, сезу арқылы, иіскеу, естілетін)
3. Информатика сөзінің ақпараттық көлемін анықта. ( 11 символ, 11 байт, 88 бит)
4. Арифмометрді (калькулятор) құрастырған ғалым? (1694 жылы неміс математигі Лейбниц)
5. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата? ( принтер, сканер, микрофон, дыбыс колонкалары)
6. WordPad мәтіндік редакторын қалай жүктейміз? (Қосу – Программалар – Стандартты – WordPad)
7. Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары қанша? ( 16 құрал)
8. Формат – Шрифт командасын орындау арқылы. ( Қаріптің түрін, түсін, өлшемін және параметрлерін өзгертуге болады)
9. Кіші әріптерді баспа әріптеріне және керісінше өзгертуге пайдаланатын перне? (SHIFT)
10. Монитордың экранындағы кез келген көрініс түрлі түсті нүктелерден тұрады, бұл нүктелерді не деп атайды? (пиксель)

2 – кезең. Сәйкестікті табыңдар

3 – кезең. Бұл кім? Бұл не?
1. Көптеген адамдар оны «компьютердің атасы» деп атаған. ( Чарлз Бэббидж)
2. 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц өзінің қандай механикалық
есептеу машинасын құрастырды. (Арифмометр)
3. Он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет механикалық есептеу машинасын құрастырған ғалым кім?(Блез Паскаль)
4. Американ математигі Говард Айкен құрастырған автоматты есептеуіш машинасын қалай атады. (Марк - 1)
5. Қазіргі таңда бұл адам атақты „Microsoft„ компаниясының президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған. (Билл Гейтс )
6. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл атақты әйел кім? (Ада Лавлейс )
7. ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі алғаш рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін жазған.
Алгоритм сөзі осы ұлы математиктің атына байланысты шыққан.( Әл – Хорезми)

4 - кезең. Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақ сұрақтары.
1. Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі қалай аталады.
2. Компьютердің негізгі құрылғыларын бірі.
3. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады.
4. Компьютердің ең басты бөлігі. Компьютердің миы.
5. Нысанның сілтеме көрсеткішін қалай атаймыз?
6. Интернет желісіне қосылу үшін қажетті құрал.
7. Ақпарат сөзі қандай тілден аударылған.
8. Суретті үлкейтуге арналған құрал.
9. Растрлық бейненің ең кішкентай элементі.
10. Графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құралы.
11. Никлаус Вирт ашқан программалау тілі.
5 – кезең. Ойлан да тап.
Тышқанның шаригі кірленіп, жүрмей қалған жағдайда не жасар едің? Ол үшін алдарыңызға мынадай 8 түрлі затты беріп отырмыз. Осы заттарды қалай пайдаланасыңдар. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.
1. Табақтағы су
2. Сабын
3. Орамал
4. Ақ бет қағаз
5. Спирт
6. Мақта
7. Қайшы
8. Сым
Алдымен тышқанның шаригін алып, оны табақтағы сабынды суға жуып, орамалға сүртіп, ақ беттің бетіне әбден кепкенше қоямыз. Ал тышқанның ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз. Тек содан кейін тышқанның ішіне шаригін салып, қолдануға болады
6 – кезең. Компьютердің пайдасы мен зияны. (пікір – талас).
2 топқа 5 минут уақыттан беріледі. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы қысқаша мәлімет беріліп қорғап шығу керек.
Қорытындылау: жеңімпаздарды анықтау, грамоталар беру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×