Сабақтың тақырыбы: Power Point бағдарламасы (бекіту сабағы)
Сабақтың мақсаты: Power Point бағдарламасынан өткенді қайталау мақсатында оқушылардың теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыру
● Білімділік: PowerPoint программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету.
● Дамытушылық: PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен слайдтарға әр түрлі объектілерді кірістіре білуге, анимация баптауларын қолдана білуге қалыптастыру.
● Тәрбиелік: Оқушыларды топ болып жұмыс істеуге, Отаншылдыққа, патриотты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интернет, ребус
Күтілетін нәтиже:
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа алғашқы дайындық (5 минут).
2. Топқа бөлу (2минут).
3. Сұрақтарға жауап беру (5 мин)
4. Компьютердегі практикалық жұмыс. (20 минут).
5. Ребус шешу (5 мин)
6. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (5 мин)
7. Қорытынды. Оқушыларды бағалау. (3 минут).
Сыныпты 2 топқа бөліп, «Презентация» және «Слайд» деген ат беремін. Сұрақтар қою:
1 – кезең: 1. Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?
2. Power Point бағдарламасын іске қосу тәсілдері?
3. Power Point терезесінің элементтерін ата?
4. Презентация қандай ұғым?
5. Слайдтарды көрсету режимдері?
6. Слайд қандай объектілерден тұрады?
2 - кезең: 2 топқа практикалық тапсырмалар беремін:
1 - топқа "Қазақ елі " тақырыбына презентация даярлау.
2 - топқа «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына презентация даярлау.
1. Бағдарламаны іске қосып, бірнеше слайдтан тұратын презентация жасаңдар.
2. Тақырыпқа сай фон таңдаңдар.
3. Жобаның мақсаты мен міндетін енгізіңдер.
4. Жоба мақсатына қарай суреттер қойыңдар.
5. Жобаға сәйкес дыбыс немесе бейнеклип енгізіңдер
6. Жобаға анимация баптауларын енгізіңдер
3 - кезең: Ребус шешу:
4 - кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бұл сайыста әр топ өз топтарының бас әріпіне байланысты сөздер жазып шығады. 5 минутта10 сөзден артық болу керек.
Қорытындылау. Топтың ұпайларын есептеп, бағалау.
Үйге тапсырма:
1. «Презентация» тақырыбына сөзжұмбақ құрып келу.
2. “ Мәңгілік ел”, “Менің отбасым” тақырыптарына презентация құру.
Power Point бағдарламасы (бекіту сабағы)
- Айгуль Шонгарова
- 29 сәуір 2014
- 7661
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Power Point бағдарламасы, бекіту сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Power Point терезесінің құрылымы. Көрме жасау тәсілдері
Power Point бағдарламасында көрме құруды үйрету...Презентацияларды графикалық объектілермен көркемдеу.
БҚО, Орал қаласы, №14 ОЖББМ Информатика пәні мұғалімі Гүлназ Мұхтарова Бахтыгерейқызы...Power point бағдарламасында мәтін құру, суреттер, кестелер, фильм және дыбы ...
Білімділік: Оқушылардың MS Power Point бағдарламасында суреттер, мәтін құру, кестелер, фильм және дыбыстар кірістіру туралы түсінік беріп, алған...Power Point Жан бітірімді баптау
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназия Омарова Айдаргуль Кемелханқызы...Microsoft Power Point программасын қорытындылау
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы Сабақтың тақырыбы: Microsoft Power Point программасын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.