Сайтқа кіру Тіркелу

Информатика пәнінің алғырлары

Сабақтың тақырыбы: Информатика пәнінің алғырлары
Сыныбы: 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: тест, сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
- Интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 4 оқушыдан болады.
Мұғалім:
Сәлеметсіңдер ме оқушылар.
Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» тарау бойынша өткен білімдерімен байланысты. Сендердің алған білімін ойын элементтері арқылы тексеремін. Өздеріңіз көріп отырғандай 2 тобымыз 4 оқушыдан құралған. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар. Балалар, алдарында бағалау парағы жатыр. Бүгін өз - өзімізді бағалаймыз. Тапсырма орындап біткеннен өздеріне баға қоясыңдар.

Сайыс шарты мен өтуі:
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. шешімін тап.
2. Сәттілік кезең.
3. қатені тап. Берілген мәтінде қатені тап.
4. Байқағыштығыңды байқат.
5. Компьютермен жұмыс.

1 кезеңде үй тапсырмасын тексереміз. Тест. Компьютерді ашамыз және дұрыс жауаптарын белгілейміз. 5 мин. Слайдта дұрыс жауаптар көр. сетіледі

2 кезең. 6 мин
1. қарапайым графикалық редактор.
2. қарапайым мәтіндік редактор
3. калькулятор дегеніміз не
4. пайнт бағдарламасын қалай іске қосамыз
5. Әрекетті орындатпау үшін қандай команданы орындаймыз?
6. Paint бағдарламасында суретті сақтау үшін қандай команда орындалады?
7. WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.
8. Блокнот
9. Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз.
10. Мультимедиа
11. Кәдімгі мәтін
12. Құжатты сақтау үшін не қажет
13. Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін не қажет
14. Кесте
15. Жол
16. Баған
17. ұяшық
3 кезен. «Қатені тап» 5 мин
берілген мәтінде қатені тап.
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
1 топ:
2) Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық. bmp форматында сақтаймын.
Жауабы: 3 қате жіберілген
1. Word графикалық редактор емес
2. Word - та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес
3. Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.
2 топ:
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын
Жауабы: 8 қате жіберілген
1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады
4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады
5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады
6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек
7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады
8. Плоттердің екінші аты – графиксызғыш құрылғы

4 - кезең. Байқағыштығыңды байқат!!! Бұл кезеңде берілген суреттердің құрамын табу керек. Ворд пат және пайнт редакторларының диалогтік терезесі беріледі.
меню жолын және пішімдеу панелін атап шығындар

5 кезен Компьютермен жұмыс
Шеңбер мен қисық сызықты пайдалана отырып, шәйнектің суретін сал. 10 мин
1 топ
Ішінде - су,
Үстінде - бу.
Тоймай жұпар иісіне,
Ішесің сүйсіне.
2 топ
Сызық құралын пайдаланып, өрмекшінің торын сал.
Жұмыс істеп ұзақ,
Өрмекші құрды тұзақ,
Болмады бірақ күткені,
Оған ешкім түспеді.
Шығармашылық жұмыс
Мен болашақта...! тақырыбына шағын шығарма жаз.

а) Қаріп түрі - Times New Roman, қаріп өлшемін – 16, шығарма тақырыбын ортаға турала және қалың жазумен жаз.
Ә) Мәтінді пішімде және суреттер кітапханасынан шығарма тақырыбына сай сурет кірістір.
б) Құжатқа өз қалауыңша уақыт пен күнді қой. Құжатты өз атыңда сақта.
в) флеш - жадына сақта.

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Сендердің алдарында ағаштың сүреті ілулі тұр, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар соны стикерге жазып ағашқа жапсырыңдар.
Бағалау парақтарыңды тапсырыңдар. Баға қойылады.
Үй тапсырма: осы тараудан бір тақырыпты алып реферат жазып келіндер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Информатика пәнінің алғырлары

Информатика пәнінің алғырлары

Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген...
Информатика пәнінің алғырлары. Сайыс сабақ

Информатика пәнінің алғырлары. Сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап,...
Сиқырлы информатика

Сиқырлы информатика

Жүрісі: Жүргізуші: Сәлематсыздар ма ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Білімнің ұшқырлығын танып сен, Асып – тасып қалыспа сен, Уақыт деген зымырап...
Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі

Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі

ОҚО, Сарыағаш ауданы, № 117 "Жолбасшы" жалпы орта мектебінің информатика пән мұғалімі Арипов Бекжан...
Word - тың графикалық мүмкіндіктері

Word - тың графикалық мүмкіндіктері

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×