Сайтқа кіру Тіркелу

Информатик –интеллектуал

Тақырыбы: “Информатик – интеллектуал”
Мақсаты:
Білім, білік, дағды және жалпы эрудит деңгейін тексеру;
Оқушылардың ойлау әрекетін белсенді қылу;
Танымдық белсенділікті арттыру;
Информатика пәніне қызығушылықты арттыру;
Шығармашылық қабілетті қалыптастыру.
Құрал - жабдықтар: эмблемалар, компьютер, проектор, экран, магнитті тақта, магниттер.
Армысыздар, құрметті көрермендер,
Қошеметтеп әрдайым бізді демдер.
“Информатик - интеллектуал” басталмақшы
Енгізер компьютерлік өңірге бір - деп, 9 а, б сыныптар арасындағы “Информатик - интеллектуал”атты кешімізді бастаймыз..
Оқушылар зерделі зерек жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Білімімен жарысатын сайыскерлер
Заманына сай болған зерек жандар - дей келіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Бүгінгі сайыскерлер - 9 а сынып оқушыларынан құралған «Логика» тобы мен 9 б сынып оқушыларынан құралған «Алгоритм» тобы.
Ендеше, таныс болыңыздар:
Ал бүгінгі сайыстың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Іс - шараның барысы:
Сайыс бөлімдері:
1. Өзін таныстыру
2. Блиц - тур
3. “Болашаққа компьютермен” тақырыбында өз проектісін қорғау
4. Өз өнерін көрсету
5. “Ойлан тап!”
І. Алғашқы кезекті танысуға берелік. (Сайыскерлердің өзін таныстыруы)
ІІ. Келесі кезекте - “Блиц - тур”. Суырылған билет бойынша сұрақтарға өз жауаптарыңды берулеріңіз сұралады.
Блиц - тур сұрақтары
«Логика» тобына сұрақтар:
1. Ең алғашқы операциялық жүйе (MS DOS)
2. Мәтіндік және графиктік информацияларды оқуға арналған оптикалық құрылғы (сканер)
3. Қағазға басып шығаруға арналған қосымша құрылғы (принтер)
4. Презентация жасау үшін қажетті программа?(Power point)
5. Интернетпен байланысты оқытудың қандай түрі орын алуда? (қашықтан оқыту)
6. ЭЕМ жасау идеясын ұсынған кім? (Чарльз Бэббидж )
«Алгоритм» тобына сұрақтар:
1. Қазіргі кездегі стандартты ОЖ(Windows)
2. Информация енгізуге арналған негізгі құрылғы (клавиатура)
3. Алғашқы компьютер қашан, қайда пайда болды, қалай аталды?(1946 жылы АҚШ - та, ЭНИАК)
4. Қуатты мәтіндік процессор(Word)
5. Интернетте хат алмасу не арқылы жүзеге асырылады?(электрондық почта)
6. Әлемдік желі(Интернет)
ІІІ. Ендігі сайыс – “Болашаққа компьютермен” тақырыбында өз проектісін қорғау. (Сайыскерлер өз проектілерін көрсетіп, түсіндірді).
ІV. Бұл бөлім – “Өз өнерін көрсету”. Біз – батыр да батыл, өнері мен рухы биік қазақ халқының ұл - қыздарымыз. Ендеше осыны дәлелдейік. (сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді).
V. Ойынымыздың келесі кезегін “Ойлан тап” деп атауды жөн көрдік. Бұл бөлімде қандай да бір заттың кескіні жасырылады да, соған байланысты сұрақтар қойылады. Егер қосымша ақпарат алмай жауап берілсе, оның құны 30 ұпай. Әрбір қосымша ақпарат сайын ұпай 5 - ке азая береді. Ендеше алғашқы сұрақ қойылады, мұқят тындаймыз.
«Логика» тобына сұрақ:
1. (30 ұпай) ХХ ғасыр тарихшысы Роуз бұл зат туралы былай деген: “Бұл - сөзсіз тұншықтырар әңгіме, үміт пен өкініш, өлім мен өмір, поэзия мен ғылым, Ежелгі Шығыс пен қазіргі Европа”.
2. (25 ұпай) Қызықты математикалық есептердің жиыны. Бұл саладағы терминдерді программалауда, кибернетикада құрастыруға болады.
3. (20 ұпай) Отаны - Үндістан. Дүниеге келуі - ХV ғасыр. Құрастырушы аты - белгісіз. Ежелгі аты - Чатуранга.
4. (15 ұпай) Праганың Стейниц атты тұрғыны осы ойын арқылы өз атын шығарды.
5. (10 ұпай) Екі король арасындағы тұрақты ұрыс.
6. (5 ұпай) Соңғы кезде бұл ойынды компьютермен ойнауға да мүмкіндік бар.
Бұл жасырылған зат - Шахмат.
Шахмат - ақылдылық пен әділдік символы. Шахмат дегеніміз өнер ме, спорт па, әлде ойын ба деген сұрақ төңірегінде қазірде де айтыс туады. Біреулер үшін - еңбек, біреулер үшін - демалыс. Бірақ бір нәрсе белгілі: шахмат ойнау үшін еркіндік, шыдамдылық, қойылған мақсатқа жетуде төзімділік, жоғары есте сақтау қабілеті, логикалық ойлау, математикалық қабілеті, талант болу керек.
«Алгоритм» тобына сұрақ:
1. (30ұпай) Оны құрастыру тарихы мыңжылға созылады. Құрастырушының атын ешкім айта алмайды.
2. (25ұпай) Бұл керемет зат әрқайсысыңда бар.
3. (20ұпай) Бұл зат ғасырлар бойы көптеген өзгерістерге ұшырап, өлшемі кішірейді. Оны құрастыруды Галилей, Рим папасы өз үлесін қосты.
4. (15ұпай) Бұл зат күн сайын қажет.
5. (10ұпай) Бұл затқа сәйкес программа әрбір компьютерден табылады.
6. (5ұпай) Бұл зат сіздерді ұйқыдан оятады.
Мұның бәрі сағат жайында болды. Әлемдегі ең бірінші сағаттар - күн сағаттар. Грек философы Платон І будильникті және мектеп қоңырауын ойлап тапты. Содан кейін құмды, отты, механикалық сағаттар шықты. Қазір тек қана уақытпен бірге сағат қолданылады.
Бүгінгі сайыс осымен өз мәресіне жетті. Сайыс қорытындысын айту үшін сөз әділқазыларға беріледі. Сайыс жеңімпаздары марапатталады.
Қорытынды:
Достарым,
Мұны дұрыс ұғалық,
Информатика құрметтеуге лайық.
Компьютер – қазіргі өмір талабы,
Соны біліп, бүгінше біз таралық.
Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×