Пән: Информатика
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Timer элементімен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Visual Basic - тің Timer элементімен таныстыру, жоба құруға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын дамыту, Visual Basic программалау ортасында жұмыс жасау дағдысын дамыту
3. Тәрбиелілік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері:, Практикалық, көрсету, жеке жұмыс
Сабақ жабдықтары: Конспект, практикалық жаттығулар
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу.
3. Үй жұмысын тексеру: Тестілеу 15 сұрақ Тест сұрақтары
4. Жана сабақты түсіндіру
Windows Forms Timer (Таймер) элементі уақыт аралығында қандай да бір оқиғаны болдыру үшін қосылады. Оны уақытты бақылауға алғанда, объектіні экранға шығаруда кідірту үшін, қосымшаға анимация жасау үшін қолданады. Timer элементі программаны іске қосқанда көрінбейді, сондықтан оны кез келген жерге орналастыруға болады.
Timer элементінің негізгі қасиеттері
қасиеті мәні Түсініктеме
Interval (пайдаланушы өзі тағайындайды) Миллисекундпен берілетін уақыт аралығын белгілейді. Бір оқиға мен екінші оқиғаның уақыт аралығы:
0 (келісім бойынша ) – таймерді өшіру; 1000 – таймер секундына бір рет қосылады
Enabled True/False False – таймерді өшіру ал True – Таймерді қосу
Таймердің негізгі оқиғасы - Tick.
5. Сабақты бекіту
Практикалық жұмыс 1. Сағат.
Форма өлшемін өзгертіп оның келесі қасиеттерін өзгертіңіздер: ControlBox, MaxButton= False.
Ағымдағы уақытты көру үшін формаға Label элементін орналастырып, оның қасиетін өзгертеміз: Сарtiоn = 00: 00: 00.
Таймерді кез келген жерге орналастырып, оның қасиеттерін өзгертеміз: Interval = 1000,
Программа кодын жазамыз
Sub Timer1_Timer ()
Label1. Caption = Time
End Sub
Сағат 1 минут өткен сайын «ұрып» тұрсын десек тағы да бір Таймер элементін орналастырып, оның Interval қасиетін 1 минутқа тең деп қоямыз
Sub Timer2_Timer ()
Beep
End Sub
Егер күнді шығарамын десең Time әдісін Date етіп өзгерт.
Практикалық жұмыс 2. Метеорит.
Аспан суретін Форманың Picture қасиеті арқылы орналастырып, Метеорит суретін Форманың жоғары сол жағына орналастырайық. Формаға таймер орналастырып Interval қасиетін 50 деп өзгертейік. Left және Тор қасиеттері арқылы Метеориттің диагональ бойынша қозғалысын қамтамасыз ету қажет:
Private Sub Timer1_Timer()
Image1. Left = Image1. Left + 100
Image1. Top = Image1. Top + 60
End Sub
Практикалық жұмыс 3. Бұлттың аспанда көшуін көрсететін программа құру.
5. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру
6. Бағалау
7. Үй жұмысын түсіндіру. Таймер элементі
Timer элементімен жұмыс
- UtinaA
- 21 қаңтар 2014
- 4962
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Timer элементімен жұмыс, Visual Basic
Ұқсас жаңалықтар:
Жобаның интерфейсін құру
Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы, №12 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Ахметова Динара Багдатовна...Пішін және басқару элементтері
Мақсаты: Білімділік: Оқушылар пішін, батырма, енгізу өрісі, жазу, т. б. іспетті барлық визуальды объектілерді объект атауға болады. VISUAL BASIC – те...Visual Basic программалау тілі бойынша тексеру жұмысы
Visual Basic программалау тілі бойынша алған білімдерін тексеру. Оқушылардың дүниетанымын дамыту, Visual Basic программалау ортасында жұмыс жасау...Visual Basic-те бағдарамалау негіздері
Visual Basic бағдарламасында шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру...Кіріспе. Visual Basic. Қолданба жасаудың ортасымен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Visual Basic. Қолданба жасаудың ортасымен жұмыс. VB тілінде программалау. VBA программалаудың жұмыс ортасы. Саймандар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.