Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;
Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой - өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
• Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
• Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшеліктері қандай?
• Блок - схема дегеніміз не?
• Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
• Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?
Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритм командалары
Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама командалардан тұрады.
Жай команда. Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу командалары жатады.
Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу және циклдік топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдардан тұрады. Олардың жай командадан ерекшелігі бірнеше командадан құрылады және орындалуы берілген шарттарға негізделеді.
Алгоритм құрылымы
Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.
1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок - схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы – сызықтық алгоритм деп аталады.
Мысалы:
алг үй тапсырмасын орындау
басы
күнделікті алу, тиісті бетін ашу,
үй тапсырмасын анықтау
үй тапсырмасын орындау
күнделікті орнына қою
соңы
Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.
Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.
Z = ax + b + cos (ax + b) – tg (ax + b) Бұл функцияның мәнін табу үшін алдымен жақшада тұрған ax 2 + b көпмүшелігін жеке есептеп алу қажет, себебі ол тізбек үш рет есептеліп, орындаушы машина оған уақытты көп кетіреді. Есептеліп болған Z функциясының мән қағазға не экранға басылып шығуы тиіс. Жалпы компьютер жадына a, b, x мәндері алдын – ала енгізілуі керек.
алг Z функциясын есептеу
(нақ a, b, x, z )
арг a, b, x
нәт z
басы
a, b, x енгізу
t: = ax 2 + b
z: = t + cost + tgt
x, z шығару
соңы
Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық алгоритмнің мысалы болып табылады. Мұндағы 2 - блок - a, b, x мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3 - блок t - ның, ал 4 - блок Z функциясының мәндерін есептейді. 5 - блок х айнымалысының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.
Тапсырма: (1 жаттығу)
Сабақты бекіту сұрақтары
• Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
• Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
• Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
• Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
Үйге тапсырма:
Сызықтық немесе тізбекті алгоритм
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы,
Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Мадиева Назира Кайдарқызы
Алгоритм құрылымы: Сызықтық немесе тізбекті алгоритм
- Nazira
- 12 қазан 2019
- 41717
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Алгоритм құрылымы сызықтық немесе тізбекті алгоритм
Ұқсас жаңалықтар:
Алгоритм түрлері. Сызықтық алгоритм
Сабақтың мақсаты: Білімділік: • Оқушыларға алгоритм түрлері туралы түсінік беру; • Сызықтық алгоритм туралы;...Алгоритмнің түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Мақсат: Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс -...Алгоритмді жазу тәсілі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм ұғымымен таныстыруды жалғастыру, оның жазу пішімдері мен блок - схема құруды үйрету, алгоритм типтерімен...Сызықтық алгоритм
БҚО, Зеленов ауданы, Щапов орта жалпы білім беретін мектебінің математика - информатика пәндер мұғалімі Сексенбаева Алтынай Кировқызы...Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік ...
Қарағанды облысы, Қазбек би ауданы, №21 негізгі мектеп мұғалімі: Нурмаганбетов Талгат Сабитович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.