Сайтқа кіру Тіркелу

Сызықты және тармақталған алгоритмдер

Сабақтың тақырыбы: «Сызықты және тармақталған алгоритмдер»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға алгоритмдер түрлері туралы толық түсінік алу. Есептер түрлерін көрсету, есептер шығару, Алгоритм тілінде есептер көрсету, блок - схема құра алу. Блок – схеманы MS Word программасында сызып үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Алгоритм тілінде тапсырмалық есептер шығара алу.
Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта қауіпсіздік ережесін сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру – көрсету, іздену, сұрақ - жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, карточкалар,, сабақта қолданатын программаларды қолдану, кітап, дәптер және қосымша заттар т. б.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, сабаққа жұмылдыру, компьютердің дайындығын бақылау, техникалық қауіпсіздігін ескерту.
ә) Үй тапсырмасын тексеру.
б) Бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру үшін қысқаша сұрақтар беріледі:

● Алгоритм дегеніміз не?
● Алгоритм тіл дегеніміз не?
● Программа дегеніміз не?
● Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
● Алгоритм тілі дегеніміз не?

Жауаптар:
1. Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.
2. Алгоритмдік тіл дегеніміз - алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқаруға тиісті объект немесе субъект.
5. Алгоритм тілі – бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.

І. Қызығушылықты ояту
“Алгоритм”сөзі 21 ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл – Хорезми атының латынша жазылу - algorithmi – қалпынан шыққан. Алгоритм қатынас адамдардың күнделікті өмірінен, олардың әдеттегі жұмысынан айырғысыз.
Басым көп жағдайларда адам қызметінің нәтижесі оның өз әрекетінің алгоритмдік мәнін қаншалықты басым дәл білетіндігіне тәуелді: әр мезетте, қандай ретте не істеу керек, әрекеттер қорытындысы қандай болу керек. Бұл белгілі дәрежеде алгоритмдерді құрастыру мен пайдалана білуге қатысты.
Қазіргі заманда адам көп істі компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез - келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылғанын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзеледі, есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процессінің мәні алгоритм құру екені көрінеді.

Сабақ жоспары:
1. Миға шабуыл
2. Жаттығу кезеңі
3. Компьютерде жұмыс
4. Қорытынды “Ойлан, тап”, “Полиглот”
5. Бағалау. Үй тапсырмасы.
ІІ. Миға шабуыл
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм - мақсатқа жету жолындағы орындаушыға берілетін амалдар, іс - әрекеттер, нұсқаулар жүйесі.
Алгоритмнің командалары? Жай және құрама
Алгоритм мен программаның қандай айырмашылықтары бар?
Алгоритм - берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Программа - командалар тізбегі.
Алгоритм жазылу түрі неден тұрады?
Алгоритм жазылу түрі: 1. Басы 2. Алгоритм командалары (серия) 3. Соңы
Тармақталу операторы? Егер, онда, әйтпесе
Енгізу, шығару операторлары? Аргумент, нәтиже
Операторлар бөлімі қандай түйінді сөздердің ортасында орналасады?
Басы соңы
Бүтін типтердің жазылуы? Нақты
Программа қай тілде жазылады? Ағылшын
Алгоритм тілінде абсолют шаманың жазылуы? ABS (х)
Алгоритм тілінде түбір белгісінің жазылуы? SQR (X)
Паскаль тілінде квадрат дәреже қалай жазылады? X^ 2
Нақты типтердің жазылуы? Нақты
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықты деп аталады.
Орындаушының әрекеттері кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен белгіленетін болса, ол алгоритм тармақталған болып саналады.
● Программалау тілдері: Машинаға бейімделген (төменгі деңгейлі) - әрбір команда процессордың бір командасына сәйкес келеді (ассемблер)
● Жоғарғы деңгейлі тілдер – кәдімгі табиғи тілге(ағылшын тіліне) ұқсайды, адамның түсінуіне оңай, бір ғана компьютерге тәуелді болмайды.
● Жаңадан үйренушілерге: Бейсик, ЛОГО, Паскаль
● Кәсіби: Си, Фортран, Паскаль
● Жасанды интеллект тапсырмалары үшін: Пролог, ЛИСП
● Интернет үшін: ja vascript, Java, Perl, PHP, ASP
Сызықтық алгоритмның блок - схемасы (9 бетті қараңыз оқулықтан)
Тармақталу алгоритмдері:
Есеп. Екі бүтін сан енгізіп, олардың үлкенін тап.
Шығару амалы: бірінші сан екінші саннан үлкен болса, біріншісін, ал егер кіші болса екіншісін экранға шығару.
Ерекшелігі: атқарушының әрекеті кейбір шарттардың орындалуына байланысты болады (егер …әйтпесе …).
Қадамдардың тізбектеп орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритмдерді тармақталу алгоритмдері деп атайды.
Блок - схема (37 беттен қараңыз кітаптан)
Есеп. Екі бүтін сан енгізіп, олардың үлкенін тап.
Шығару амалы: бірінші сан екінші саннан үлкен болса, біріншісін, ал егер кіші болса екіншісін экранға шығару.
Ерекшелігі: атқарушының әрекеті кейбір шарттардың орындалуына байланысты болады (егер …әйтпесе …).
Есеп. Фирма 25 пен 40 жас арасындағы қызметкерлерді жұмысқа алуда. Адамның жасын енгізіп, оны фирмаға алуға болатындығы немесе болмайтындығы туралы мәлімет шығару («болады» немесе «болмайды» деген жауап шығару).
Ерекшелігі: екі шарттың бір мезгілде орындалатынын немесе орындалмайтынын тексеру.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту: «Ойлан тап» ойыны
IX ғасырда Орта Азия ұлы математигі ....... қолайлы латынша жазылу түрін ұсынған болатын.
Алгоритм тілінің жалпы көрінісі тұрады:
.......
Кез келген алғашқы алгоритмдік жолы............ сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.
Одан кейін программаның ішкі объектілерінің жазылады...........
Тармақталу операторы...............
Полиглот ойынын ойнау: Сөздерді қазақша, орысша, ағылшын тілінде аудару.
Алгоритм........ Алгоритм
Басы.............. Начало
Енгізу............. Ввод данных
Шығару.......... Вывод данных
Егер............... Если
Онда.............. Тогда
Әйтпесе.......... Иначе
Соңы.............. Конец

Үйге тапсырма: Сызықты және тармақталған алгоритмдер туралы оқу, түсіну, логикалық есептер шығарып келу.
Есеп. Автомобиль 60 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты жүріп келеді. Ол 300 м қашықтықты қанша уақытта жүріп өтетінін анықтау керек.
Оқушылардың білімін бағалау.
• Қателерін тексеру
• Әр оқушы қай дәрежеде толық жұмысты жасағанын көру
• Қателерін айтып, өздеріне қатесін түзет.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Информатика, ашық, сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Модель және модельдеу

Модель және модельдеу

Оқушыларды модель және модельдеу түсінігімен таныстыру Оқушылардың қоршаған ортадағы модель түрлерін анықтай білу қабілеттерін дамыту....
Алгоритмнің түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Алгоритмнің түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Мақсат: Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс -...
Алгоритмді жазу тәсілі

Алгоритмді жазу тәсілі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм ұғымымен таныстыруды жалғастыру, оның жазу пішімдері мен блок - схема құруды үйрету, алгоритм типтерімен...
Алгоритм құрылымы: Сызықтық немесе тізбекті алгоритм

Алгоритм құрылымы: Сызықтық немесе тізбекті алгоритм

Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика...
Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде  кескінделуі. Алгоритмдік ...

Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік ...

Қарағанды облысы, Қазбек би ауданы, №21 негізгі мектеп мұғалімі: Нурмаганбетов Талгат Сабитович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×