Сабақтың тақырыбы:
Paint графикалық редакторының құралдары. Тік сызықтарды салу.
Шаршыларды, тікбұрыштарды және дөңгеленген тікбұрыштарды салу.
Эллипс пен шеңбер салу. Редакторда практикалық жұмыс орындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Түзу сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру. Тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тікбұрыштарды салу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді, эллипстер, шеңберлер және қисық сызықтар салғанда, олардың түсін, қалыңдығын өзгерте білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, көрсете - түсіндіру
Білім – білікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс. - редакторда сурет салу техникасын.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- графикалық редакторды іске қосуды;
- сурет салуды және оларды редакциялауды;
- сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді;
- тікбұрыштарды салғанда сызықтардың қалыңдығын, түсін өзгертуді;
- тікбұрыштың түрін, контуры мен құюының түсін өзгертуді;
- эллипстер, шеңберлер және қисық сызықтар салғанда, олардың түсін, қалыңдығын өзгертуді;
- эллипс және шеңбердің түрін, контуры мен құюының түсін өзгертуді.
Сабақтың типі: Көрсете отырып түсіндіру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ. Практика.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: АКТ құрылғылары, үлестірмелер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру
III. Үй тапсырмасын бекіту
ІV. Жаңа сабақ
V. Практикалық бөлім
VI. Қорытындылау
VІII. Үй тапсырмасын беру
IX. Бағалау
II. Үй жұмысын тексеру:
1) Paint графикалық редакторына байланысты шағын эссе, шығарма, ертегі, өтірік өлең, жұмбақ немесе тақпақ құрау
1 оқушы: Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде әр түрлі түстер өмірсүріпті. Олардың жеке аттары болыпты. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т. б. Бір күні оларды қарандаш жинап алып сурет салмақшы болыпты. Бірақ оған түстер қарсы болыпты. Қарандаш түстердің қылықтарына шыдамай Microsoft ағайға хат жазыпты, былай деп: «Құрметті Microsoft ағай, түстер өз беттерімен кетті, сіздің тез арада келуіңізді өтінемін. Мекен – жайым:
Windows ауылы
Программалар көшесі
Сәлеммен: Қарандаш»
Осыдан кейін Microsoft ағай ойланып - толғанып, Сурет салу редакторын құрастырып, оның атын Paint қойыпты.
2 оқушы: XX ғасырдың басы еді. Менің досымның әкесі Билл Гейтц Microsoft фирмасын ашты. Екі күн өткен соң досыммен сол фирмаға бардым. Онда компьютерлер өте көп екен. Гейтц ағай Сурет салу редакторын ойластырып ашу. Мектепте мен суретті тамаша салатынмын, менің таңғаларлық мүмкіндіктерімді көріп Гейтц ағай бірге қызмет етуді ұсынды. Бұл фирмада еңбек ете жүріп мен адамның – ойлаушы, ал машинаның тек орындаушы екендігін түсіндім. Paint – тің тамаша мүмкіндіктерінде менің үлесім де бар деп айта аламын.
3 оқушы: Ол кемпірқосаққа ұқсайды /түстер палитрасы/
4 оқушы: Ол жүгірмек әр терезеде бар, ол тек оңға – солға, жоғары – төмен жүгіреді./сырғытпа немесе айналдыру жолақтары/
III. Үй тапсырмасын бекіту
1. Paint грфикалық редакторы қалай іске қосылады?
Жауабы: Іске қосу – Бағдарламалар – Стандартты – Paint графикалық редакторы.
2. Графикалық редактордың мүмкіндіктерін ата:
Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері
Жауабы: Бұл бағдарлама әртүрлі суреттерді салуға, түрлендіруге мүмкіндік береді.
3. Графикалық редактор терезесінің элементтерін ата:
Ақпараттық диктант
Мәзір жолы
Тақырып жолы
Құрал - саймандар қатары
Сурет салу алаңы
Түстер палитрасы ы
Қалып күй жолы
Айналдыру жолақтары
Жаңа сабақ
- ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
- белгілеу құралы бұл суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
- өшіргіш құралы, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.
- құю (заливка) құралы, бұл кескіннің немесе тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.
- түс таңдау, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез – келген нүктесінің түсіне өзгертеді.
- масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
- карандаш құралы, бұл кез – келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.
- кисть құралы, бұл ерікті сызықтарды салуға арналған. Оның қажетті түрін таңдап алуға болады.
- бүріккіш құралы, бұл эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.
- жазу құралы, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
- сызық құралы, бұл түзу сызық салуға арналған.
- қисық құралы, бұл тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.
- тіктөртбұрыш құралы, бұл тіктөртбұрыш салуға арналған.
- көпбұрыш құралы, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
- эллипс құралы, бұл шеңбер немесе эллипс салуға болады.
- бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш немесе квадрат салуға арналған.
І тапсырма. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, үйшіктің суретін салыңыз.
1І - тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тап, суретін сал
Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі - сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын
(Қолшатыр)
Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста. (Шырша)
Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей. (Ай)
Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап - қурап түсем (Жапырақ)
ІІІ - тапсырма. Еңбек құралдары мен ыдыстарды Түзету – Көшіру, Түзету – Қиып алу командалары арқылы екі топқа бөліп жинақта.
Сабақты бекіту: Ребус шешу
Сәйкестендіру тесті
суреттер Өшіргіш құралы
Кисть
Жазу
Ерікті аймақты белгілеу
Құю (заливка)
Үйге тапсырма:
1) Әр құралдың міндетін жатқа білу
2) «Сиқырлы дастархан» суретінің эскезин жасап келу.
Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.
Paint графикалық редакторының құралдары
- Toigan
- 28 мам 2013
- 11582
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Paint графикалық редакторы, инфоматика, сабақ жоспары, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Paint қарапайым графиктік редактор
Paint графикалық редакторының мәнін, жүктелуі және суретпен жұмыс істеу командалары туралы түсінік беру. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра...Paint графикалық редакторының құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...Paint графикалық редакторы
№2 мектеп - гимназия Кулмурзина Замзагул Жораевна Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды...PAINT графикалық редакторының құралдары
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы Ганюшкин мектеп-интернаты Баева Гүлнұр Бекболатқызы...Paint графикалық редакторының құралдары
Жамбыл обл. Жуалы ауданы. Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.