Сабақтың тақырыбы: Мәтін абзацын форматтау. Құжат беттерін рәсімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, электронды оқулық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құжат мәтіндері абзацтардан тұрады. С. И. Ожеговтың сөздігінде «абзац» мағынасы былай беріледі:
1) қызыл жол, жол басындағы шегініс;
2) осындай екі шегініс арасындағы мәтін.
Абзац MS Word – та Enter пернесінің басылуымен аяқталады.
Абзац параметрлерін қою үшін Формат менюіндегі Абзац командасы қолданылады. Осы команда таңдап алынған соң, Абзац диалогтік терезесі шығады. Абзац шегіністері мен интервалды қою үшін Шегініс және аралық (Отступ и интервалы) қосымшаларын таңдау керек.
Туралау (Выравнивание) өрісінде абзацты туралау әдістері қойылады:
• По левому краю – абзацты беттің сол жақ шеті бойынша туралау,
• По центру – абзацты беттің ортасы бойынша туралау; м
• По правому краю – абзацты беттің оң жақ шеті бойынша туралау;
• По ширине – абзацты беттің оң және сол жақ шеттері бойынша туралау;
Слева және справа өрісінде абзацтан парақ шеттеріне (сол және оң жақ) дейінгі қашықтықтар қойылады.
Первая строка (Бірінші жол) өрісінде абзацтың бірінші жолының шегініс түрлері берілген:
• Нет – шегініс қойылмаған;
• Отступ – қызыл жол, на өрісінде арақашықтық көрсетіледі;
• Выступ – теріс абзацтық шегініс, на өрісінде арақашықтық көрсетіледі.
• Перед және после өрісінде абзацтың бірінші жолына дейінгі және соңғы жолынан кейінгі қашықтықтар қойылады.
• Междустрочный (Жоларалық) өрісінде бзац ішіндегі жоларалық интервалдар белгіленеді:
• Одинарный – қаріптің типіне сәйкес стандартты интервал;
• Полуторный – стандарттан 1, 5 есе үлкен интервал;
• Двойной – стандарттан 2 есе үлкен интервал
• Минимум – мәні (значения) өрісінде көрсетілген интервалдан кіші емес интервал.
• Точно – Мәні өрісінде көрсетілген интервалға тең интервал.
• Множитель – Мәні өрісінде көрсетілген мәнге көбейтілген стандартты интервал.
Абзацты форматтаудың басқа түрлері Абзац диалогтік терезесінде орындалады.
Бетті белгілеу. Құжат мәтіні қағаз бетінде жақсы шығу үшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қою керек. Ол үшін Файл - Беттің параметрлері (Файл – Параметры страницы) командасы таңдалынады.
Терезеге қойылатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады. Жоғарғы, Төменгі, Сол жақ, Оң жақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері.
Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген.
Таңдалған өрістер дұрыс болса, Ок батырмасы шертіледі.
Құжат бетінің өлшемдерін таңдауға, Қағаз өлшемі (Размер бумаги) қосымшасында Қағаз өлшемі өрісі орналасқан. Егер қажет өлшем тізімде болмаса, онда Ені (Ширина) және Биіктігі (Высота) өрісінде беттің ені мен биіктігінің сәйкес мәндерін енгізуге болады.
Бағдарлау (ориентация) рамкасында қағаз бетінің кітаптық (вертикаль) немесе альбомдық (горизонталь) түрі қолданылады.
Беттерді бөлу. Microsoft Word мәтінді беттерге автоматты түрде бөледі. Бірақ кейбір жағдайда құжаттың белгілі бір бөліктерін жаңа беттен басып шығаруға тура келеді.
Беттің нөмірлерін қою. Құжаттың беттерін қағазға баспай тұрып, әдетте, оны нөмірлеп алады. Беттің нөмірлерін қою үшін Қою менюіндегі Беттің нөмірлері (Номера страниц) командасын шақыру керек
Орналасу (Положение) өрісінде беттің нөмірлерінің орналасуын (жоғары немесе төмен), ал Туралау (құжаттың бірінші бетіне, егер ол титул парағы болса нөмір қойылмайды) өрісінде – бет нөмірлерін бет өрісіне сәйкес (сол, ортаға қарағанда, оң т. с. с) таңдаңыз.
Колонтитулдарды орналастыру. Колонтитул – құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет. Әдетте, колонтитулға беттің нөмірлері, кітап аттары немесе ағымдағы бөлім аттары жазылады.
Мәтінді толықтыру және рәсімдеу.
Мәтіннің беттерін және абзацтарды рәсімдеу кезінде өрнектеу, түсін өзгерту, т. б. әртүрлі әдістер қолданылады. Абзацты белгіліеп, Пішім - командасын таңдаймыз. Экранда Шекаралар мен құю сұхбат терезесі шығады және үнсіз келсім бойынша Шекара қосымшасы қосылады. Сызықтың түрін, түсін, сызықтар мен шекаралардың қайда орналасатынын таңдағаннан кейін ОК батрмасын шертеміз.
ІV. Сарамандық жұмыс:
1. Оқушыларды топқа бөлу
2. Жекелеген тапсырма беру
3. MS Word мәтіндік процессорын ашу.
4. Мәтінді теріп бетті рәсімдеу.
IV. Сабақты бекіту.
1. Бет өрістерін рәсімдеу әдістерін сипаттаңыз?
2. Бет нөмірлері қалай қоюға болады?
3. Колонтитулдар деген не? Онда қандай хабарламалар болуы мүмкін?
4. Абзацты форматтау қалай орындалады?
5. Абзац, жол, сөз қалай белгіленеді?
6. Мәтінді туралаудың қандай түрлерін білесіз?
7. Абзацаралық, жоларалық интервалдар қалай қойылады?
Үйге тапсырма беру: Құжат беттерін рәсімдеу
VI. Оқушыларды бағалау.
Мәтін абзацын форматтау. Құжат беттерін рәсімдеу
- nurtalgat
- 15 мам 2013
- 14669
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Информатика, мәтін абзацын форматтау, құжат беттерін рәсімдеу
Ұқсас жаңалықтар:
Құжаттың құрылымы, беттердің нөмірлеуі, колонтитулдер
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға колонтитул ұғымын беру. Құжаттың құрылымын ұйымдастыру және беттердің нөмірлерін, колонтитулдерді қоюға үйрету. 2....WORDPADбағдарламасын іске қосу
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №2 мектеп - гимназия Информатика пәнінің мұғалімі: Кулмурзина З. Ж....Кестелермен жұмыс
Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды....Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана...MS Excel-мен танысу
Астана қаласы, №63 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Байсынова Динара Муратовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.