Сайтқа кіру Тіркелу

Word - тың графикалық мүмкіндіктері

Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: Word – тың графикалық мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты: MS. Word мәтіндік редакторында графикалық объектілермен
Білімділік: жұмыс жасай білу, сурет енгізу, фигуралық мәтін енгізу және т. б жұмыстарды жасап үйрену
Дамытушылық: Оқушыларды Word редакторымен жұмыс жасау барысында ойлау,
есте сақтау қабілеттерін арттыру және жұмыс жасай білуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Оқушыларды жеке тұлға ретінде бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыру
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топпен жұмыс
Көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер, тест, үлестірмелі парақтар, сөз жұмбақ

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі 1 - мин
1. сәлемдесу 2. сынып түгелдеу
3. оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау( топпен, оқушылар арасында сұрақ - жауап бойынша) 5 - 6 мин
ІІІ Жаңа сабақ – түсіндіру 10 - мин

Word – тың графикалық мүмкіндіктері
MS. Word мәтіндік редакторын іске қосу тізбектерін қайталау және орындалатын операцияларды еске түсіру.
MS. Word редакторында мәтін енгізуге, пішімдеуге, қатені түзетуге, мәтіндік құжат құруға, пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де, оның бөлімдері: символмен, сөзбен, жолмен, абзацпен бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Абзацтық шегіністерді қолдануға, тасымал жасауға, мәтінді жылжытуға, көшіруге, беттерді номерлеуге, кесте құруға, құжатты баспаға беру операцияларын орындауға болады және Word – тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндер, фигуралық мәтін кірістіруге болады.
Word – та енгізген мәтінімізге дайын суретті немесе Paint графикалық редакторында салған суреттеріңді кірістіруге болады. Paint - та салған суретті алмасу буферінің көмегімен орындалатын командаларды пайдаланып кірістіруге болады.

Дайын суреттер қорынан алынған суретті кірістіру үшін:
1. Файлды ашып, мәтіннің суретті кірістіретін жерге меңзерді орналастырамыз
2. Вставка = Рисунок = Картинки командасын орындаймыз
3. Microsoft Clip Gallery диалогтік терезесінде Картинки қосымшасын және Рисунок категориясын таңдаймыз.
4. Суреттері бар терезе ашылады, таңдалған суретте маусты шертеміз.
5. Суреттің өлшемін қалауларың бойынша таңдап, суреттің үстінде маустың оң жақ батырмасын шертеміз.
6. Динамикалық менюден Формат рисунка командасын таңдап, Формат рисунка диалог терезесіндегі Положение қосымшасын шертіп Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастап ОК батырмасын шертеміз.

Фигуралық мәтін кірістіру

Фигуралық мәтін кірістіру үшін Коллекция WordArt диалогтік терезесін пайдаланамыз.
Ол үшін:
1. Меңзерді мәтіннің басына орналастырамыз
2. Вставка – Рисунок - Объект WordArt командасын орындаймыз
3. Коллекция WordArt диалогтік терезесінде ұнаған қаріп стильін таңдап, ОК батырмасын шертеміз.
4. Изменение текста WordArt диалогтік терезесі пайда болады, ондағы Текст надписи өрісіне мәтін енгізіп, Ок батырмасын шертеміз.

IV Сабақ бекіту: карточкамен жұмыс 1 - 2 мин
V Сөз жұмбақ шешу: терезе элементтерінің міндеттері 1 - мин

VI Практикалық бөлім: Техника қауіпсіздік ережелерін сұрау
Компьютермен жұмыс: әр оқушыға жеке тапсырма беру
Компьютермен жұмыс жасағанда әр топқа 10 - 15 минуттан уақыт беріледі.
Тапсырма – 1: Мәтін енгізу, графикалық объекті орналастыру
Тапсырма – 2: Кесте құру, көшіру, ұяшықтарды біріктіру, кесте толтыру
Тапсырма – 3: WordArt терезесін пайдаланып открытка жасау
Тапсырма – 4: Paint - та салған суретті Word - қа көшір
Тапсырма – 5: Кесте құру, ұяшықтарды біріктіру. кестеге графикалық объекті кірістіру

Орнындағы оқушылар: « Сөз жұмбақ» шешеді
Екінші орын ауыстыру, көзге, қолға жаттығу жасау
Екінші ауысымдағы оқушылар интерактивті тақтада дайындалған « тест» бойынша жауап береді
Жұмыстарын аяқтап компьютерді жауып барлық оқушылар орындарына отырады
Интерактивті тақтада Word редакторының құрал – саймандарын атап, қызметін айтады 1 - мин

Үйге тапсырма: Word – тың графикалық мүмкіндіктері 147 - 148 бет 1 - мин
Қорытынды: Оқушылардың орындаған жұмыстарын ескере отырып, олардың тапқырлығы мен жіберген кемшіліктерін ескере отырып білімдерін бағалау, күнделікке баға қою. 1 - мин
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Құжатқа сурет кірістіру

Құжатқа сурет кірістіру

Сабақтың мақсаты: 1. Білім беру. Құжатқа суреттерді кірістіруді үйрену. Paint редакторынан суреттерді енгізу мүмкіншіліктерін үйрену. 2. Дамыту....
Microsoft Office Word редакторында кестемен жұмыс

Microsoft Office Word редакторында кестемен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Ms Word редакторында кесте құру әдістерін түсіндіру, оқушыларды өз бетінше кесте құруға үйрету....
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға WordPad редакторының қосымша мүмкіндік түрлерімен таныстыру. Алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге...
Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері. Гиперсілтеме құру

Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері. Гиперсілтеме құру

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктерімен жұмыс жасай білуді, сурет енгізуді, фигуралық мәтін енгізуді және т. б...
Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру

Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназиясының информатика пәні мұғалімі: Кадырова Светлана...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×