Сайтқа кіру Тіркелу

Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу

Пәні: Информатика. Сыныбы: 8
Тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу.
Мақсаты: білімділік: Оқушыларды мәтінді пішімдеудің, мәтін абзацын пішімдеудің негізгі
әдістерімен таныстыру;
дамытушылық: MS Word - та жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру;
тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Түрі: демонстрациялық көрсетілім көмегімен түсіндіру.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Жабдығы: ДК, тест, Activ Vote құрылғысы.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
А) сәлемдесу; Ә) оқушыларды түгелдеу; Б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй жұмысы: «Мәтіндік құжатты редакциялау»

ІІІ. Жаңа сабақ бойынша. (слайд арқылы түсіндіру)
Мәтінді пішімдеу – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу қажет. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады. Мәтінді пішімдеуге мыналар жатады:
 әртүрлі қаріптерді пайдалану;
 құжат өрісінің шекараларын өзгерту;
 мәтінді бағандарға бөлу;
 символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.
Пішімдеудің осы әрекеттерін Пішім (Формат) мәзіріндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты пішімдеу алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа пішім элементтерін енгізу негізінде орындалады.
Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) сұхбат терезесін ашатын Пішім мәзіріндегі Қаріп командасы қолданылады.
Қаріп командасы үш қосымшадан тұрады. Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады. Интервал өрісінде арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді. Анимация қосымшасы белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Пішімдеу құралдар тақтасының көмегімен де қаріптің параметрлерін қоюға болады.
Құжат мәтіндері абзацтардан тұрады. С. И. Ожеговтың сөдігінде «абзац» мағынасы былай беріледі: 1) қызыл жол, жол басындағы шегініс; 2) осындай шегініс арасындағы мәтін.
Абзац MS Word - та Enter пернесінің басылуымен аяқталады. Абзац параметрлерін қою үшін Пішімдеу мәзіріндегі Абзац командасы қолданылады. Осы команда таңдалып алынған соң Абзац сұхбат терезі шығады. Абзац шегіністері мен интервалды қою үшін Шегініс және аралық қосымшаларын таңдау керек. Туралау өрісінде абзацты туралау әдістері таңдалады. Абзацты пішімдеуді жылдам жүргізу үшін Пішімдеу тақтасындағы батырмаларды пайдалану арқылы пайдалануға болады.

ІҮ. Тапсырмалар орындау.
а) Оқулықпен жұмыс. 9, 10 тапсырмаларды орындау.
ә) Электронды оқулықпен жұмыс. №4 - 7 тапсырмаларды орындау.

Ү. Сабақты бекіту.
Сабақты бекіту үшін Activ Vote құрылғысы көмегімен тест тапсырмаларын алу.

Тест тапсырмалары

1 – нұсқа
1. Программалық өнім болып табылатын мәтіндік редактор қай топқа кіреді?
а) Жүйелік программамен қамтамасыз ету;
ә) программалау жүйесі;
б) қолданбалы программамен қамтамасыз ету;
в) уникалды программамен қамтамасыз ету;
г) операциялық жүйелер.
2. Мәтіндік редактор қайда қолданылады?
а) Сызбалар құруда; ә) музыкалық әуен шығарғанда;
б) есептеуіш операцияларды орындағанда;
в) құжат құруда; г) ғылыми есептеулерде.
3. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу кезінде қанша символдық алфавит қолданылады?
а) 29 символ ә) 33 символ б) 2 символ в) 64 символ г) 256 символ
4. Мәтіндік редактордың негізгі функциясы қандай?
а) Мәтіндік файлдарды көшіру, ауыстыру, жою және іріктеу;
ә) ДК ресурстарын және процестерін басқару;
б) Мәтіндерді құру, редакциялау, сақтау және қағазға басу;
в) Мәтіндік файлдардағы ақпаратты автоматты өңдеу;
г) эксперттік жүйелер құру.
5. Мәтіндік редакторларда бір сөз екінші сөзден қалай ажыратылады?
а) Қос нүктемен; ә) бос орынмен; б) нүктемен;
в) үтірмен; г) апострофпен.
6. Мәтінді пішімдеу процесі қандай процесс?
а) Мәтінді жою;
ә) мәтіндегі алдыңғы операцияларды болдырмау;
б) буферге мәтін жазу;
в) мәтінді беттерге бөлу;
г) сәйкес ережелер бойынша мәтіннің автоматты орналасуы.
7. Мәтіндік редактормен ( жазба машинасымен салыстырғанда) жұмыс істеудегі негізгі артықшылық қандай?
а) Мәтінді жылдам теру;
ә) мәтінмен жұмыс істеудегі үнемділік;
б) мәтіннің көп редакциялануы;
в) мәтінді терген кезде әртүрлі қаріптің қолданылуы;
г) мәтінмен жұмыс істеудегі қиындықтардың аздығы.
8. Курсордың (меңзерді),,, ретпен басқанда қай жерде болады?
а) Алдыңғы позициядан оңға қарай;
ә) алдыңғы позициядан солға қарай;
б) курсор алдыңғы позицияда тұрады;
в) алдыңғы позициядан жоғары;
г) алдыңғы позициядан төмен тұрады.
9. «Далеко за отмелью, в ельнике, раздалось птичья трель» мәтінінде «ель» сөзін іздесек, автоматты іздеу нәтижесінде қанша сөз табылады?
а) 2; ә) 0; б) 1; в) 3; г) 4.
10. Меңзердің орнын анықтау үшін мәтіндік редактордың жолынан нені көрсету керек?
а) Жол және баған нөмірі; ә) терілген мәтіндегі жолдар саны;
б) мәтін бетінің нөмірі; в) мәтіндегі символдар саны;
г) мәтін көлемі.

2 – нұсқа
1. Іс – қағаздарын жүргізу процесінде мәтіндік ақпараттармен жұмыс істеуге арналған программа қалай аталады?
а) Мәтіндік редактор; ә) операциялық жүйе; б) интерпретатор;
в) графикалық редактор; г) программалау жүйесі.
2. Мәтіндік редактор режимінің қайсысы редакцияланған мәтінді дискіге жазады?
а) Редакциялауды енгізу режимі; ә) файлдармен жұмыс істеу режимі;
б) контекстік мәзірден іздеу режимі;
в) орфографиялық тексеру режимі; г) көмек режимі.
3. Төменде көрсетілген тізімдегі қай операция қалған операциялармен үйлеспейді?
а) Мәтінді басуға жіберу;
ә) мәтіндегі қате терілген символдарды жою;
б) түсіп қалған символды жазу;
в) қате терілген символды ауыстыру;
г) мәтінді пішімдеу.
4. Мәтінді редакциялау дегеніміз не?
а) Берілген мәтінге өзгерістер енгізу процесі;
ә) мәтінді дискіге мәтіндік файл ретінде сақтау процесі;
б) мәтіндік ақпаратты компьютерлік желі арқылы жіберу;
в) сыртқы есте сақтау құрылғысындағы мәліметтерді оқу процесі;
г) мәтіндік файлдардың қажет емесін жою.
5. Курсор дегеніміз не?
а) Экран дисплейіне пернетақтадан енетін символдар орнын көрсетуші белгі; ә) пернетақтадағы перне;
б) экрандағы ең кіші элемент; в) мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы; г) пиксель.
6. Мәтінді редакциялау кезінде қате терілген символды өшіруде қолданылатын пернені көрсетіңдер.
а); ә); б); в); г).
7. Мәтіндік редакторда мәтін енгізу үшін ең көп қолданылатын құрылғы не?
а) Пернетақта; ә) джойстик; б) модем; в) тышқан; г) принтер.
8. Мәтіндік редактордың мәзірі дегеніміз не?
а) Құжат құру кезінде ДК – дің ресурстарын басқаратын бағыныңқы программа;
ә) мәтінде әртүрлі операциялардың орындалуын қамтамасыз ететін интерфейс бөлігі;
б) мәтінде экранды көруге болатын терезе;
в) мәтіндік редактордың жұмыс күйі туралы ақпарат;
г) статус жолы.
9. Мәтіндік редактордағы мәтін бөліктерін көшіру үшін алдымен не істеу керек?
а) Көшірілетін бөліктің позициясын көрсету;
ә) сәйкес мәзір пунктін таңдау;
б) көшірілетін бөлікті ерекшелеу;
в) жаңа мәтіндік терезе ашу;
г) алдыңғы мәтінді дискіге жазу.
10. MS Word – та мәтінді терген кезде абзац қалай қойылады?
а) Бос орын тасталады, ә) Enter; б) нүкте қойылады; в) End; г) үтір қойылады.

Жауаптары:
І нұсқа -----------1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Дұрыс жауабы Б В Г Ә Ә Г Б Б В А
ІІ нұсқа ----------1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Дұрыс жауабы А Ә А А А Б А Ә Б Ә

ҮІ. Үйге тапсырма беру.
§20 - §21 оқу.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалап, журналға, күнделікке баға қою.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×