Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Қараой мектеп – балабақшасының информатика пәні мұғалімі
Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы
(Жаратылыстану бірлестігінің онкүндігінде 8-сыныпта өткізілген интеллектуалды ойынның дәйектемесі)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға XXI ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.
3. Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық - гигиеналық талаптарын орындату.
Сабақтың түрі: Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс-сайыс түрінде өтеді.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер.
Жоспары:
I. Бәйге
II. Дода көкпар
III. Тіл - өнер
IV. Жеті жұмбақ
V. Ұшқыр оймен...
VI. Кім жылдам?
Өтілу барысы:
I. Ұйымдастырушылық кезең
♦ Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу программасымен таныстыру
♦ Әділқазылар алқасымен таныстыру
♦ Сайысты өткізу
♦ Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
♦ Марапаттау
I- жүргізуші:
Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым отырсың ба елеңдесіп.
Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
I- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.
I- жүргізуші:
Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып
Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық:
I- жүргізуші:
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі «Бәйге» сайысын бастаймыз. Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
«Бәйге»
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)
Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбинц ойлап тапқан машина (арифмометр)
Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)
Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)
Принтердің неше түрі бар? (3)
Логикалық көбейту амалы қалай аталады? (коньюнкция)
Компакт-диск оқу құрылғысы (CD-ROM)
Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)
Компьютер ауруы (вирус)
Windows деген не? (терезе,ОЖ)
Компьютердің атасы (Ч. Бэббидж)
I- жүргізуші:
1-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме деп» рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып салайық.
Ең қиынын жарыстың
Жеңіп алда жарыссын
Келесі кезең «Дода көкпар»
Әр оқушыға практикалық жұмыс беріледі Paint графикалық редакторынан сурет салу. Көрермендермен ойын
«Артық термин»
Оқушылар берілген тапсырмадағы артық терминді табу:
1. Екі, бес, нөл, қосынды, бір, тоғыз
2. принтер, монитор, графиксалғыш, пернетақта
3. Көбейту, өшіру, азайту, қосу, бөлу
4. Торкөз, қызыл, жасыл, көк
5. Босорын, компьютер, Esc, Enter, Backspace
6. Вирус, синус, косинус, тангенс
7. Сантиметр, килобайт, бит, мегабайт
8. Нүкте, Shift, үтір, қос нүкте
9. Монитор, тышқан қолтетігі, пернетақта, жүйелік блок
II- жүргізуші:
2-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушымен қоштасатын сәт туды.
Ана тілім арым бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» Сендерге жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі. Сұрақты мұқият тыңдаймыз.
«Тіл - өнер»
Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)
Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс, звук, sound)
«Ас-адамның арқауы», ал компьютердің асы... (ток, ток, currend)
Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistare)
Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)
Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)
Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)
Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and)
Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
Кітап ненің бұлағы?(білім, знание, knowledge)
II- жүргізуші:
3-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойыңда жеңілсең де, өмірде жеңілме деп» рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып салайық.
Жан достарым, мұны жақсы ұғайық
Информатика, құрметтеуге лайық.
Келесі кезең: «Жеті жұмбақ» 1 мен 10 арасындағы бір санды таңда
1. Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені (кактус)
2. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)
3. Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
4. Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді? (сканер)
5. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
6. Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
7. Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Бір күн барда,бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті. (Пернелер)
8. Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана «F» (эф) әрпінен басталады. (функционалдық пернелер)
9. Ұзынтұра Жалқаубек
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды (бос орын)
II- жүргізуші:
4-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойыңда жеңілсең де, өмірде жеңілме деп» рахметімізді айта отырып, қошеметпен шығарып салайық.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма
Мәреге таяп қалды бұл жарыста
Келесі кезең «Ұшқыр оймен...»
/Адасқан әріптерден сөз шығару/
/ешкім шықпайды/
Келесі кезең «Кім жылдам?» Бұл сайысымыздың шарты бойынша соңғы қалған екі сайыскерімізге екі сөз беріледі.
1. информатика
2. ақпараттандыру
I- жүргізуші
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік.
II- жүргізуші
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Шыңымыз биік болар, білім қусақ
Өмір деген өнермен үйлеспей ме
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу
“Үздік информатик” ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!
Үздік инфоматик
- Айнурка
- 12 желтоқсан 2012
- 5107
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Информатика, сайыс, интеллектуалды ойын, тәрбие сағаты, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
«Үздік информатик»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға XXI ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын...Жас информатиктер (сайыс)
С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің информатика үйірме жетекшісі: Шайхстамова Калима...Үздік информатик
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі жанындағы «Алау» жазғы сауықтыру алаңының басшысы І санатты...Алғыр достар
Тақырыбы: «Алғыр достар» сайысы...“Көңілділер мен тапқыштар”
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің физика және информатика пәні мұғалімі УМИРЗАКОВА НУРГУЛ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.