Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Білімгерлердің алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;
Тәрбиелік: Білімгерлер өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Білімгерлерге интернет туралы толық ой қалыптастыру, білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Сабақтың түрі: дебат /пікір - талас/
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, ойын, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемтдесу
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,- демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін.
Бүгінгі “Интернеттің пайдасы мен зияны” атты /пікір талас – дебат/ ойын сабағына №23 ЭЕМ тобының білімгерлерінен құралған “Google” тобы жақтаушы және “YАNDEX” даттаушы топтары қатысып отыр.
“Пікірталас шарттары” VІІ кезеңнен тұрады:
І. Интернет туралы қысқаша шолу
ІІ. Командалардың атын таныстыру
ІІІ. "Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікір - талас) ойыны
ІV. Сұрақ жауап кезеңі. Екі топ өзара сұрақ алмасады.
V. «Мақал – сөз мәйегі» Бұл бөлімде топтар бір - біріне информатикаға байланысты аударылған мақалдар айтады, екінші топ сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек
VІ. Қорытынды сөз
VІІ. Марапаттау рәсімі
І. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%- ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі.
Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді. Ол бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Интернеттің қызметтері:
1. Интернет поштасы.
2. Телеконференциялар.
3. Web (WWW ) қызметі.
Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд. адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болды
Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.
2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.
1993 - 1996 жылдар аралығында жыл сайын Интернет - ке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды. 1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1, 5 есеге өсіп келеді.
Сабақтың толық нұқсасын жүктеп алу
Интернеттің пайдасы мен зияны (дебат сабақ)
- ramuk_b
- 22 қаңтар 2019
- 6007
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Интернеттің пайдасы мен зияны, дебат сабақ, пікір талас сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, жергілікті желі. Ауқымды компь ...
Компьютерлік желінің түрлері туралы түсінік алады. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар мен танысады....Ауқымды компьютерлік желі, Интернет
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің Информатика пәні мұғалімі Абезова Алия Өмірбекқызы...Интернет туралы мәлімет
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана...Балалар және интернет
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;...Интернеттің пайдасы мен зияны (пікір - талас)
Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.