Сайтқа кіру Тіркелу

Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты сығуды, ақпаратты қорғауды және вирусқа қарсы программалар туралы түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Түрі: Практикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ.
Көрнекілігі: ДК, оқулық,
Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасы:
ІІІ Жаңа сабақ.
Файлдың көлемін кішірейту үшін, көлемі үлкен файлдарды дискіде сақтау, сонымен қатар оларды компьютерлік желі арқылы жіберу үшін файлдарды архивтеу - файлдарды немесе файлдар тобын қысу (сығу) процесі қолданылады.
Компьютерлік вирустар «таза» компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.
Вирус – бұл арнайы жазылған шағын программа, ол компьютердегі оған қатынасы бар ақпаратты бұрмалауы немесе жоюы; өзін басқа программаларға «тіркеуі» (яғни оларды зақымдауы) сондай - ақ жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.
Вирустардың таралу жолдары:
- Дискеттер;
- Лазерлік
- Компьютерлік желілер
Вирустар екі түрге бөлінеді:
- Резиденттік
- Резиденттік емес;

Резиденттік вирустар зақымданған программаны орындауға қосу кезінде активтенеді, өзін жедел жадқа көшіреді де, біраз уақыт бойы білінбейді.
Резиденттік емес вирус өзін жедел жадқа жазбайды, бірақ зақымдалған программаны орындауға қосқанда активтенеді. Ол өзін файлға қосып жазады да, оның орындалу барысын былай, файлды іске қосқанда алдымен вирус – программа, содан кейін программаның өзі орындалатындай өзгертеді.
Вирустан қорғау үшін:
- Профилактикалық (алдын алу) шаралары
- Вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программаларды қолдануға болады.
Профилактикалық шараларға төмендегілерді жатқызуға болады:
- Қосалқы көшірме жасау - ақпаратты архивтеу;
- Зақымдануы ықтимал кездей соқ «пираттық»(ұрлық) программаларды қолданбау;
- Дискеттерді вирустан тексеру;
- Антивирустық деректер базасын ұдайы жаңарту:
Антивирустық программаларды үш негізгі топтарға бөлуге болады:
1. Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулық қосындыларды есте сақтауға негізделген программалар;
2. Резиденттік программалар, олар вирусты программаның немесе операциялық жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады;
3. файлдарда вирустардың барын олар зақымданғаннан кейін анықтайтын программалар.
Вирустар мен күресуге арналған көп антивирустық программалар белгілі. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары Aidstest, DoctorWeb, Касперскийдің AVP - i. Бұл программалардың антивирустық базаларын жаңарту Internet желісінің көмегімен жүзеге асырылады.

Бекіту сұрақтары:
1. Вирустардың таралу жолдары қандай?
2. Вирустар неше түрге бөлінеді?
3. Вирус - дегеніміз не?
4. Антивирустық программаларды неше негізгі топтарға бөлуге болады?

Бағалау
Үйге тапсырма: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы,
Жанұзақ ауылы, «Ш. Башиков атындағы негізгі мектеп» КММ
Информатика пәні мұғалімі: Үсенова Айым Үсенқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Чарлз Бэббидж машинасында вирус болған жоқ. 1970 ж. алғаш Univax 1108, IBM – 36/370 компьютерлерінде “the rabbit” (кролик) вирусы құрылғыларға жұғып,...
Тест сұрақтары жауаптарымен информатика

Тест сұрақтары жауаптарымен информатика

1. Ақпарат термині латын тілінің «informatio» сөзінен аударылғанда қандай ұғымды білдіреді? A. баяндау, түсіндіру, мәлімет B. есептеу, мәлімдеу C....
Вирусқа қарсы программалар. Ақпаратты қорғау 6 сынып

Вирусқа қарсы программалар. Ақпаратты қорғау 6 сынып

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың «компьютерлік вирус» түсінігі туралы, вирустың пайда болудың негізгі белгілері, вирусқа қарсы...
Антивирустар

Антивирустар

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Анебаева Ирина Орпабековна...
Компьютерлік вирустар

Компьютерлік вирустар

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×