Сайтқа кіру Тіркелу

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы,
Қоскөл ауылы, «№11Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі химия пәні мұғалімі
Тлеуова Шайзат Дюсеновна

Тақырыбы: Ерлікке тағзым

ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойыны химия пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс
Мақсаты: Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған зияткерлік сайысы барысында оқушыларды ғылым ғажаптарымен қатар өз елін - жерін құрметтеп, қастерлеуге үйрету;

1 - жүргізуші: «Ешкім де, ештеңе де - ұмытылмайды» Ерлікті қастерлеген елміз, кейінгі ұрпақ біздің жарқын болашағымыз үшін қаза тапқан, өз өмірін қиған әкелерімізбен ағаларымызды, аналарымызбен апаларымызды, майдан даласында жау оғынан мерт болған кінәсіз сәбилерді еске алып, үнсіздік жариялайық (1 мин үнсіздік)
Біздің бүгінгі жеткен жетістігіміз тек қана Ұлы Жеңістің 75жылдығына арналады.
Ойынның көрермендері мен қатысушыларына тек қана сәттілік тілейміз!

2 - жүргізуші: Жаратылысты танып білу мақсатында үлкен роль атқаратын салалардың бірі - химия.
Өзін қоршаған табиғаттағы заттар мен ондағы жүріп жатқан құбылыстар туралы белгілі бір түсінік қалыптастыруды мақсат еткен ата - бабамыз: Затқа ат береді – атады, оны таныды – құрамын білді - құрастырды - сипаттады - себебін түсіндірді – оны анықтады - құбылысты жүргізді және оны өмірде қолдана білді. Кейінірек сала - салаға бөлініп және ғылым ретінде қалыптасты және бірін - бірі толықтырып келеді. Жаратылысты танып - білу ғылымдарының негізінде оқытылатын физика, биология, география, математика пәндері бойынша танымдық сұрақтар беріледі. Ойын «бәйге», «тіл - өнер», «жеті ғажайып», «дода», «жорға» деп аталатын бөлімдерден тұрады. Ойынға қатысушыларды көрермендер арасынан аламыз. 8 - 11сыныптың оқушылары берілген сұраққа нақты жауап берсе қатысушы тіпті көшбасшы да бола алады.

Залдан ойыншыларды таңдап алу
№1номерлі ойыншы болу үшін сұраққа жауап беру керек
Сұрақ: жеті ғаламшар элементін ата (алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, сынып, темір)
№2 номерлі ойыншы болу үшін сұраққа жауап беру керек
Сұрақ: жеті ғаламшар элементінің орысша аталуы
(золото, серебро, медь, свинец, олово, ртуть, железо)
№3 номерлі ойыншы болу үшін сұраққа жауап беру керек
Сұрақ: жеті ғаламшар элементінің халықаралық атауы
(аурум, гидраргирум, купрум, плюмбум, станнум, аргентум, феррум )
№4 номерлі ойыншы болу үшін сұраққа жауап беру керек
Сұрақ: жеті ғаламшар элементінің алғашқы атауы
(Au – таң шапағы, Ag – ақ жылтыр, Cu – Кипр, Pb - қалайы, Fe – қамал, Hg – сұйық күміс, Sn - қатты берік)
№5 номерлі ойыншы болу үшін сұраққа жауап беру керек
Сұрақ: Түркістандағы киелі тайқазан бірнеше металл қоспасынан тұратынын білеміз, демек құймаға енген металдарды ата. (алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, мырыш, темір)
№6 номерлі ойыншы болу үшін сұраққа жауап беру керек
Сұрақ: сілтілік жер металдарын атаңыз (литий, натрий, калий, рубидий, франций, цезий)

Ойынға қатысушылар іріктеліп алынды, әр бөлімнен кейін ұпайы аз ойыншылармен қоштасамыз, екі ойыншы соңына дейін бару мүмкіндігіне ие бола алады, «жорға» бөлімінен соң жеңімпаз «КӨШБАСШЫ» анықталады.

1 - жүргізуші:
І - бөлім «Бәйге»
Берілген сұраққа кім бірінші жауап берсе сол ойыншы 10 ұпайдан алады. Барлығы - 10сұрақ
1. Денесінде қышқылы бар жәндік (құмырсқа)
2. Ежелгі Мысырдан 4000 жыл бұрын табылған қола дәуірінен белгілі химиялық элемент (қалайы)
3. Ең үлкен үш таңбалы сан (999)
4. Сәрсенбіден кейін 3тәуліктен соң қай күн (жексенбі)
5. 1кг мыс ауыр ма, 1кг қант ауыр ма (тең)
6. қан қысымын өлшейтін аспап (тонометр)
7. қар мен жаңбыр сулары неге дәмсіз (табиғи тұз ерітінділері жоқ)
8. кремнийдің көміртекпен қосындысы (карборунд)
9. ең жоғары сатыда дамыған примат (адам)
10. сұйық майда болатын қанықпаған қышқыл (олеин қышқылы)
2 - жүргізуші
«Ауыл шаруашылығының майданға қосқан үлесі»
Соғыс кезіндегі жұмысшы күшінің 75% - пайызы әйелдер болды. Майданға 5мыңға жуық трактор, жүздеген автомашиналар жіберілді. 1942 жылғы егіс көлемі 8млн гекторға арттырылды. 1943 жылы мемлекетке 304 мың ірі қара, 1, 6млн қой тапсырылды. Жауынгерлерге 110 мың мініс ат жіберілді. Бұдан басқа 4 млрд. сомнан астам қаржы бөлініп, 2млн астам жылы киім, 1600 вагон сәлемдеме жіберілгендігі туралы айтуға болады.
1 - жүргізуші

ІІ - бөлім Тіл - өнер
Ойынның бұл бөлімінде жұмбақ, мақал жасырылады. Шешуі химиялық элемент. Сол химиялық элементтің халықаралық атауы, химиялық таңбасы, қазақша атауы берілуі керек. Алғашқы аталуын қосымша өзіміз естеріңізге түсіріп отырамыз.
№1 ……… тапсаң - санап ал. (алтын – Аu – аурум ) – таң шапағы

№2 Сыныптан бір шықпайды
Тимесең жұқпайды
Жәрдемінсіз бұл заттың
Оқушы сабақ айтпайды (бор – В - бор) - бура тұзы

№3 Антониміне көп сөзінің,
«Тілсіз» жауды тіркесең
Көз алдыңда мен сенің
Тыңайтқышқа айналам (азот – N – нитрогениум) – селитра тудырушы

№4 1 - ші буыным сұрау есімдігі
2 - ші буыным сан есімдігі
Қос буынды біріктірсең
Газға айналып шыға келем (неон - Nе – неон ) - жаңа

№5 Ағаш кессең ұзын кес
Қысқартуы оңай
… кессең қысқа кес
Ұзартуы оңай (темір – Ғе - феррум ) - қамал

№6 Сілтілік жер металл өкілі
11 - ші реттік номері
Су бетінде безектеп
От шашып жүріп жүзеді (натрий – Nа – натриум) – сода тұзы

№7 ІІІ – валентті элементпін тумысымда
ІІІ - период ІІІ - топта тұрамында
Өндірілген Кереку зауытында
Күмістен қымбат болдым алғашқы да
Қолданылам халықтың бар тұрмысында (алюминий – АІ – алюминиум) - ашудас

№8 Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық
Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылыны анық
Градусник құрал жасар оны құйып (сынап - Hg – гидраргирум ) – сұйық күміс

2 - жүргізуші
Дубосеково разьездіндегі болған шайқаста 28 панфиловшылардың 23 - і қаза тапты. Бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. Олардың ішінде Н. Есболатов, Ә. Қосанов, А. Қожабергенов, М. Сеңгірбаев – сияқты қазақ жауынгерлері бар екенін, Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, Н. Әбдіров секілді батырлардың ерлігіне елі сүйсінгенін еске саламыз. Украина жерінде «Вася» деген атқа ие болған даңқты партизан, қазақ жауынгері Қасым Қайсенов ерлігіне неге тағзым етпеске?!

1 - жүргізуші
ІІІ бөлім «Жеті ғажайып»
Ұпайлар саны қиындығына қарай бөлінген, ұпайлар саны көрсетілген сұрақтарды өз қалауыңша таңдай біл.

Жеті ғажайып
ұпайлар 20 20 20
ұпайлар 30 30 30
ұпайлар 40 40 40

20 (оң жақтағы) – «Қараңғы» сөзінің антонимі (жарық)
20 (сол жақтағы) – орыс тілінде неше септік бар (алты)
20 (ортадағы) - «Экология» сөзінің мағынасы ( «эко» - табиғат, «логос»- ілім)
30 (оң жақтағы) – Қазақстан жерінде өте ертеде тіршілік еткен «чудь» тайпасы Имантау кен орынында өндірген металл (қорғасын)
30 (сол жақтағы) – Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент (мырыш)
30 (ортадағы) - Сүйекті қатайтатын элемент (кальций)
40 (оң жақтағы) – Өздеріңізге белгілі табиғи газ түссіз, иіссіз. Ал тұрмыста қолданылатын газдың иісі бар. Неліктен
(табиғи газдың иісі болмайды. Дегенмен тұрмыста газ пайдалануда сақтық шаралары ретінде арнайы иісі бар зат қосылады)
40 (сол жақтағы) – стол үстінде алабота, сексеуіл, сүйектер, сіріңке, тоң май, қазан су қойылған осы заттарды пайдалана отырып тұрмысқа қажетті қандай затты алуға болады және қалай аламыз.
(сабын, сабын жасау технологиясын түсіндіріп өту)
40 (ортадағы) – «патша шарабы» дегеніміз не. Неліктен бұлай аталған, құрамы және онда қандай металл ериді? (аталу тарихы, 1 HNO3 – 3HCI қоспасын – «патша» сұйықтығы делінеді, металдар патшасы алтын да осы сұйықта ериді)

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Химия ғажайыптары тұрмыста. (Ашық үйірме жұмысы)

Химия ғажайыптары тұрмыста. (Ашық үйірме жұмысы)

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту. 2. Оқушылардың...
Химия тұрмыста

Химия тұрмыста

Мақсаты: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту. Сабақ түрі: Сайыс сабағы....
ХХІ ғасырдың көшбасшысы

ХХІ ғасырдың көшбасшысы

ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Қ. Ақжолов атындағы негізгі мектеп химия биология пәнінің мұғалімі Бакижанова Маржан Калимовна...
«XXI ғасыр көшбасшысы»  сайысы

«XXI ғасыр көшбасшысы» сайысы

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің химия пәні мұғалімі Кулжабаева Сымбат Кусаиновна...
Химия әлемінде

Химия әлемінде

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, С. Шапағатов елді мекені № 1 мектеп - лицейінің химия пәнінің мұғалімі Мархабаева Ақмарал Аймұратқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×