Сайтқа кіру Тіркелу

Сутек, қышқылдар, тұздар тарауы бойынша қорытынды сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Тұздар. Қышқылдар» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Сутек. Қышқылдар. Тұздар тарауын қорытындылау, оқушылардың қышқылдар мен тұздардың формулаларын ажырата білу, химиялық реакция құрастыра білу білімдерін пысықтау.
2. Тарау бойынша алған білімдерін, сабақта қолдана отырып, химиялық есептер шығару, тәжірбиелер жасау, химиялық реактивтерді дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту.
3. Өзіндік топпен жұмыс жасауға, оқылған затты талдай білуге, салыстыра отырып, қорытынды жасауға, өз білімін көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, есептеу, жарысу, тәжірибе жасау.
Көрнекілігі: реактивтер, интерактивті тақта, индикаторлар, түрлі - түсті фишкалар, конверттер, қоржыншалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Кезекшінің ақпары.
2. Тақырыпты пысықтау.
3. Қорытынды.
Сынып оқушыларына тараудың аяқталуына байланысты қорытынды сабақ екені, ол әр түрлі деңгейлік тапсырмалардан тұратындығы айтылады. Әр оқушының берген жауаптары түрлі - түсті фишкалармен арнайы конверттерге салынады да соңында қорытындыланып, бағаланады. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
I. 1 - топ -«Тұздар» 2 - топ -«Қышқылдар»
II. Тақырыпты пысықтау
І сергіту сәті.
ІІ Ой өрбіту.
ІІІ Эстафета.
ІV Тәжірибе.
V Бекіту.
І. Сергіту сәті: «Танысайық» 1 - топ: «Тұздар тобы»
Тұздар дегеніміз ______________ атомы мен ______ ______ тұратын күрделі заттар.
Тұздар тобы: Қадам басқан білікті әр іске нық,
Қышқылдармен отырымыз жарысқа еніп.
Химиядан алған білімімізді,
Көрмекпіз бүгін біздер жарыстырып.
2. Қышқылдар тобы: Қышқылдар дегеніміз ________ атомы мен _______ _______ тұратын күрделі заттар.
Қышқылдар тобы:
Айтар болсаң жақсылап,
Шәкірт деген жас бұлақ.
Тұздарменен көрмекпіз,
Химиядан бақ сынап.
ІІ. Ой өрбіту:
1. «Тобың аттас формуланы көрсет.»
Қышқыл HCl H2CO3 HNO3
Металл
Na
Na2SO4
Na2SiO3
Na3PO4
Сәйкес реакция теңдеулерін жазып, теңестір, аттарын ата.
2. «Үшінші артықты тап!»
1 - топ
1) HCl
2) H2SO4
3) HNO3
1) HCl
2) H2SO3
3) H2S
1) H2SO4
2) H2SO3
3) H3PO4
2 – топ
1) Na2SO4
2) Na2CO3
3) NaCl
1) Na3PO4
2) Na2SO4
3) Na2SiO3
1) Na2O
2) Na2SO3
3) Na2SO4
Әр қатардан өзгеше формуланы тауып, дәлелдеп, алып таста!
ІІІ. Эстафета: 1) Әр топтан оқушылар кезектесіп шығып, формулаға сипаттама береді:
Формуласы Қышқылдың аты Тұздары
HNO3
HCl
HJ
HBr
H2S
H2SO3
H2SO4
H2CO3
H2SiO3
H3PO4
2) Проблеманы шеш:
+ H2SO4 MeSO4 +?
Тиісті реакция теңдеулерін жазып, теңестір! Тұздардың атын ата!
IV. Тәжірибе:
«Химик - сараманшы» 1 - топ: Қышқылдар мен индикаторлар арқылы ерітіндінің ортасын анықта. Байқалған құбылысты жаз
HCl + фенолфталейн ___________
HCl + метилоранж __________
HCl + лакмус ___________
2 - топ: Тәжірибе бойынша, реакция нәтежесінде ZnCl2 алу.
IV. Бекіту.
1) «Білім шыңына шық» 1 - топ:
28г мырыш күкірт қышқылында ерітілді. Алынған тұздың массасы мен зат мөлшерін тап!
2 - топ:
150г натрий хлоридін алу үшін, тұз қышқылының қанша массасы мен зат мөлшері жұмсалады?
3. Қорытынды.
Конверттердегі фишкалар саналып, топтар бағаланады.
Данышпан жолмен жүріп осындағы,
Белгілі сан ғылымның ашылғаны.
Әлемнің білу үшін сырын жетік,
Химияны оқы дағы үйрен тағы.
Үйге тапсырма:
Тарау бойынша қайталау, бақылау жұмысына дайындық.
Осындай өздігінен істелетін жұмыстарды жүйелі түрде орындап отыру, оқушыларды ұйымшылдыққа, байқампаздыққа, оқылған затты талдай білуге, салыстыру жасауға, негізгіні аша білуге, жинақтап қорытынды жасауға дағдыландырып, білімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Күшейтеміз химияның сапасын,
Берер бізге болашақ ақ батасын.
Ғылымдардың негізгі бір саласы -
Химиямыз мәңгі - бақи жасасын!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Күрделі эфирлер

Күрделі эфирлер

Мақсаты: Күрделі эфирлердің алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері туралы жаңа білім қалыптастыру, реакция теңдеулерін жаза білуге...
Бейорганикалық кластардың негізгі кластарын қорытындылау

Бейорганикалық кластардың негізгі кластарын қорытындылау

Мақсаты: Оқушылардың өткен тараудан алған білімдерін жинақтау, бекіту, тексеру, бағалау, қорытындылау. Есептер шығару дағдысын қалыптастыру,...
Электролиттік диссоциациялау дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер

Электролиттік диссоциациялау дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер

Астана қаласы, №63 орта мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Музапарова Дидар Баяхметовна...
Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеті

Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеті

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің жоғары санатты химия пән мұғалімі Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы Сабақтың тақырыбы:...
Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп Химия пәнінің мұғалімі Турысбекова Гульмира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×