Сайтқа кіру Тіркелу

Алғашқы химиялық түсініктер

Тақырыбы: «Алғашқы химиялық түсініктер» тарауына сандық есептер шығару
Сабақ типі: «Жұлдызды сәт» ойынының желісінде қорытынды сабақ
Мақсаты:
Білімділік: өтілген материалды қорытындылау және бекітуге, танымдық белсенділіктерін жоғарылатуға, өздігінен жұмыс жүргізуге, сандық есептер шығаруға жағдай туғызу;
Тәрбиелік: өз жасаған жұмысына жауапкершілікті, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу, химиялық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: танымдылық қасиеттерін дамыту.
Міндеттері:
1. Өтілген тақырыптар бойынша әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріп нәтижелі жұмыс ұйымдастыру;
2. Сайыс арқылы нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайын туғызу;
3. Қорытындылау тақырыптары бойынша түрлі қызықты сұрақтар қою арқылы оқушылардың қызығушылығын қолдап отыру;
4. Өз жұмысына баға беруді ұйымдастыру
Көрнекіліктері: интерактивті тақта
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Мотивациялық кезең Оқушылардың көңіл күйін сабаққа бағыттау. «Көңіл - күй неге ұқсас» ойыны Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл - күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т. б. Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауарайы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударылады
Оқушыларды «Жұлдызды сәт» ойынына қатысуға шақыру, оынның шартымен таныстыру. Оқушылар бүгінгі көңіл - күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауарайына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. «Менің қазіргі көңіл - күйім көгілдір аспандағы жылы күннің көзіне ұқсайды, ал сеніңше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді.
2. Оқушыларды белсенді білім алуға дайындық кезеңі:
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту
Белсенді жұмыс жасауға дайындалады.
3 Өткен тақырыптарды қорытындылау және бекіту кезеңі.
Оқушылардың реттіліктерін анықтау үшін сұрақ - жауап. Әр дұрыс жауап үшін 1 жұлдызшадан беріледі.
1. Заттарды, олардың қасиеттерін, басқа затқа айналып түрленуін зерттейтін ғылым
2. Заттардың өзара бір - біріне ұқсастығы мен айырмашылығын көрсететін белгілері не деп аталады?
3. Қоспа дегеніміз не?
4. Қандай қоспаларды біртекті қоспа дейміз?
5. Әртекті қоспаларды қандай әдістер арқылы бөліп алады?
6. Таза заттар мен қоспаларды ажыратыңдар: ауа, бұлақ суы, қар, мыс сымы, темір шеге, ас тұзы.
7. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі.
8. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.
9. Таңбаның алдына жазылып, молекула санын көрсететін сан.
10. Таңбаның оң жақ төменгі шетіне жазылып, атом санын көрсететін сан.
11. Салыстырмалы атомдық массаның өлшем бірлігі.
12. Салыстырмалы молекулалық масса қалай белгіленеді?
13. Химиялық қосылыстағы атом массасының бүкіл молекула массасына қатынасы
14. Химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомының белгілі бір санан қосып алу қабілеті.
15. Оттектің валенттілігі.
16. Көміртектің валенттілігі.
17. Химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.
18. Құрамында 0, 012 кг көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер болатын заттың мөлшері.
19. Авогадро саны нешеге тең?
20. Молярлық масса неге тең?
Оқушылар сұрақтардың жауаптарын бір параққа жазып, мұғалімге көрсетеді:
Жауаптары:
- Химия
- Қасиеттері
- Әр түрлі зат бөлшектерінен тұрады
- Магнитке тарту, тұндыру, сүзу
- Қар, мыс сымы, темір шеге, ас тұзы.
- Молекула
- Атом
- Коэффициент
- Индекс
- Жоқ
- Mr
- W массалық үлес
- Валенттілік
- ІІ
- IV
- Химиялық реакция теңдеуі
- Моль
- 6, 02 · 1023
- Mr
4 Сандық есептер шығару. «Жұлдызды сәт» ойыны Оқушылардың жинаған жұлдыздарының санына байланысты олардың реттілігі анықталады. Әр тур бойынша есептер нөмірленіп тақтаға ілінген.
І тур: Валенттілік
Мұғалім оқушылардың тақтаға ілген жауаптарын тексеріп, дұрыс жауапқа жұлдызша береді және ойыншы бір сатыға алдыға жылжиды.
ІІ тур: Массалық үлес
ІІІ тур: Формула
IV тур: Реакция теңдеуі
V тур: Зат мөлшері Оқушылар өздерінің реттіліктерін білгеннен кейін, өздеріне қатысты нөмірдегі есепті шығарады.
- Заттың құрамындағы элементтердің валенттілігін анықтауға байланысты есептер шығарып, жауаптарын бір параққа жазып, тақтаға іледі. Жауап тақтаға ілінген соң келесі турдың есебін алуға руқсат етіледі.
- Берілген қосылыстағы әр бір элементтің массалық үлесін анықтайды.
- Белгілі валенттілік арқылы формула құрастырады.
- Реакция теңдеуін теңестіріп, типін анықтайды.
- Зат мөлшеріне қатысты түрлі есептер шығарады.
5 Қорытынды және бағалау Сайыстың соңында межеге бірінші жеткен оқушы анықталып, ұжымдық шапалақпен марапатталады.
Бағалау крйтерийлері:
25 – 22 жұлдыз – «5»
21 – 17 жұлдыз – «4»
16 – 12 жұлдыз – «3» Оқушылар өздерінің жинаған жұлдыздарын есептеп, бағалау критерийіне сәйкес бүгінгі сабақтағы бағаларын шығарады.
4 Рефлексия Рефлексия парағын таратады Өздерінің бүгінгі сабақтағы көңіл - күйлерін смайликтер арқылы белгілеп, төмендегі сұрақтарға жауап береді:
Мен білемін –
Мен білемін және қолдана аламын –
Мен басқаға үйрете аламын –
Маған әлі де оқу керек –
5 Үй тапсырмасы §15 -§18 қайталау, жұмыс дәптерінен 34 - беттегі тесті орындау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×