Сайтқа кіру Тіркелу

d элементтері

10 сыныбы оқушылары құрастырған «d - элементтері» тақырыбы бойынша кейс - технологияға мысал келтірейік.
Мақсаты; кейс - стади әдісін қолдану арқылы оқушылардың арасында бәсекелеестік тудыру.
Міндеттері; d - элементтерін зерттеу, қосымша материалдар пайдалана отырып, жеке элементтерді зерттеу, қызығушылығын тудырып, оқушының назарына ұсыну, жетелеуші сұрақтардың көмегімен материалды меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
1. Мәліметтерді ықшамдап, жинақтау. Әртүрлі формада; өлең, жұмбақтау, баяндау арқылы өзі білім алады.
2. Wikipedia сайтында жеке wiki - бет ашады.
3. Қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады, (үйден оқитын балалар үшін, аязды күндері...) басқа оқушылардың назарын өзіне аударып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
4. Бірінің материалын бірі салыстырып бір жүйеге келтіреді, кейде біріктіреді.
№1 Кейс
Жер – әлеміне ертеден таралған металмын
Өндірістің тұлғасы боп көріндім.
Қара металл патшасы боп танылдым,
Иесімін үлкен елдің......
Қарапайым үйдегі тұрмыстарда,
Дамып жатқан ең алып құрылыстарда.
Мені білмек адамның баласы жоқ,
Мен қатыспас техника саласы жоқ.
Тарихымның тамыры терең жатыр,
Египет пен Индиядан келе жатыр.
Шойын, болат, прокат – құймаларым,
Заманның дамуын демеп жатыр.
1. Осы металдың ХЭПЖ бойынша сипаттамасы
2. Адам денесінде неше грамм темір болады?
3. Метеорит құрамындағы темір бұйым жасауға жарай ма?
4. Мына өзгерістерді қлай жүзеге асыруға болады?
5. FeO Fe(OH) 2 FeO F eSO 4
Fe2O3 Fe(OH) 3 FeCl 3
№ 2 Кейс
Өте сирек кездесетін металл. Адамзат тарихында өндірілген осы металдың көлемі, дүние жүзінде бір сағат ішінде өндірілген темір көлемімен бірдей. Барлық континенттерде кездеседі. Балқу температурасы +1064. 43С. Жылу мен электр тогын жақсы өткізеді. Ешқашан тоттанбайды, тек қана «патша «арағында ериді. Осы қасиеті үшін электр құралдарындарының микрочиптерінің сымдарын қаптайды. Әшекей - бұйым жасауда қолданылады, мемлекеттің байлығы да осы металдың қорымен анықталады. Қазақстанда Ақбейт, Ақбақай, Бестөбе, Жайымтал кендерінде өндіріледі.
1. Бұл қандай металл?
2. Осы металдың латынша атауы?
3. Саф күйінде кездесе ма?
4. Қандай өлшем бірлігімен өлшенеді?
5. Осы металдан жасалған тиынды қалай тексеруге болады?
6. Осы металл таза күйінде болса қолмен майыстыруға болма ма?
7. ХЭПЖ бойынша сипаттамасы.
№3 Кейс
Кейс технологиясы бойынша элементті сипаттау. Тас ғасырында бірінші танысқан металы (шамамен 6 мың жыл бұрын Ежелгі Шығыста) болған. Ол табиғатта таза немесе қосылыс күйінде кездеседі. Алғашқы адамдар да құралдарды осы металдан жасаған. Сол металлдың ашылып пайдалануына байланысты ғасыр да басталған. Қазақстанда көп кездеседі. Жылу өткізгіштігі, электр өткізгіштігі жоғары. Белсенділігі төмен жер қыртысыда мөлшері 0, 01 % массаны құрайды. Ашық қызғылт түсті жылтыр, балқу температурасы 1083°С, электр тогын күмістен кейін ең жақсы өткізеді. Алхимиктер оны Венера (Venus) деп атаған. Ол әртүрлі құймалар өндіруде қолданылады. Ол өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына қарсы күреске пайдаланылады.
1. Бұл қай элемент?
2. Оның периодтық жүйедегі орнын сипатта;
3. Өнеркәсіпте қандай әдістермен алады?(Жауаптарыңды реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер)
4. Бұл элементтің биологиялық маңызы қандай?
5. Бұл металлдың кен орындары қай жерде орналасқан
№4 Кейс
Бұл элемент - периодтық жүйесінің VI тобындағы химиялық элемент, тұрақты төрт изотобы бар. 1766 жылы Екатеринбург аймағында табылған. Оны «сібірдің қызыл қорғасыны» деп атаған. 1797 ж. француз химигі Л. Н. Воклен крокоит минералының құрамынан ашқан. Оның бай кендері Солтүстік Оралда, Кавказ сыртында, Батыс Қазақстанда кездеседі. Ол - ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын металл, балқу t - 1910C, қайнау t - 2480C, тығыздығы 7, 14 г/см3. Сутекпен әрекеттесуге бейім емес, бірақ оны өзіне сіңіріп алады. Тотығу дәрежелері +2, +4, +6.
1. ХЭПЖ бойынша сипаттамасы
2. Өнеркәсіпте қандай әдістермен алады?(Жауаптарыңды реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер)
3. Бұл элементтің биологиялық маңызы қандай?
4. Құрамында хром (ІІІ) оксиді және 12% қоспасы бар 20 кг кеннен алюминатермиялық жолмен алынған хромның массасын есептеңдер.
5. Құрамында 100 кг хром бар феррохромды алу үшін құрамында 30% FeCr2O4 болатын хромды темір тастың қанша массасы қажет.
Нәтиже:
7. Оқушылар d - элементтері туралы (мыс, темір, хром, алтын, т. б.) білімдерін толықтырды. Кейс құру технологиясын, wiki - бет ашуды үйренді. 9 «А» сынып оқушыларына да бұл әдіс қозғау салды, нәтижесінде М, З сынды оқушылар өз бетінше кейс құрып әкелді.
8. Келешекте: аязды күндердің алдында барлық сыныптарда тақырып бойынша кейс құрастырылып, қашықтан оқытуға тапсырма құру жоспарланып отыр.
Тиімділігі: оқушы өз бетімен білім алады, бәсекелестік пайда болады, барлық білім алушылар үшін қолжетімді.
Бұл кейс - стадиді http://kk. wikipedia. org/ сайтының wiki - беттерінен көре аласыздар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

Оқу мақсаты: Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орны туралы...
Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар

Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар

Сабақтың мақсаты: металдардың құрамы, құрылысы және физикалық қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру. Кристалдық тордағы бос электрондарға...
Темір оның атом құрылысы және қасиеттері

Темір оның атом құрылысы және қасиеттері

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектебі Химия пәні мұғалімі: Кулжабаева Сымбат Кусаиновна...
Химия әлемінде

Химия әлемінде

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, С. Шапағатов елді мекені № 1 мектеп - лицейінің химия пәнінің мұғалімі Мархабаева Ақмарал Аймұратқызы...
Темір конференция сабағы

Темір конференция сабағы

Сабақтың тақырыбы: Темір Сабақтың мақсаты: • Білімділік: Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×