Сайтқа кіру Тіркелу

Сандық есептер

Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер (электрохимиялық кернеу қатарын қолдана отырып, металдар қоспасына есептер шығару)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың металдардың жалпы қасиеттері тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау
Дамытушылық: Оқушылардың оқулықтың көмегінсіз жеке жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: Өздігінен талпынып, жауапкершілікпен сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, есептік
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Электрод дегеніміз не?
2. Электродтық потенциалы деп нені айтады?
3. Хмиялық белсенділік қатары (кернеу)
ІІI. Сандық есептер шығару.
№6. Ұнтақ түрінде алынған мырыш пен алюминий қоспасын күкіртпен араластырып, аздап қыздырғанда тұтанады. Осы реакциялардың теңдеулерін жжазыңдар, электрондық баланыстарын құрыңдар. Әрбір металдың 0, 5 моль мөлшерін реакцияға түсетін күкірттің массасын есептеңдер.
№7. Құрамында 65% мырыш және 35% мыс бар 10г құйманы артық мөлшерде алынған ерітіндіні суалтқан. Қандай тұз түзіледі? Оның массасы қандай?
№8. Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5, 6 г темір пластинкасы салынады. Темір толық еріді. Бөлінген мыстың массасы қандай?
ІV. Қорытынды. Тест жұмысы « Металдар»
1. Периодтық жүйеде нағыз металдар орналасқан:
А) төменгі бөлігінде
В) сол жақ төменгі бұрышында
С) жоғары бөлігінде
Д) оң жақ жоғары бұрышында
Е) ортасында
2. Мына металдардың қайсысы сумен әрекеттеспейді?
А) Mg
В) Ca
С) Na
Д) Be
Е) Ni
3. Кристалдық күйде металл атомдары бір - бірімен байланысады:
А) ковалентті
В) металдық
С) иондық
Д) донорлы - акцепторлық
Е) сутектік
4. Li→Na→K→Rb химиялық элементтер қатарындағы металдық қасиеттері:
А) күшейеді
В) әлсірейді
С) өзгермейді
Д) периодты өзгереді
Е) сақталады
5. Электротехникада қыздыру лампаларын жасау үшін қандай металдан жасалған сым пайдаланылады?
А) Al
В) Cu
С) Mo
Д) W
Е) Pb
6. Берілгендердің ішіндегі қаттылығы басым зат
А) Na
В) Cr
С) Fr
Д) Li
Е) K
7. Химиялық активтілігі басым металдар қатары:
А) Cu, Mg, Zn
В) Al, Cr, Fe
С) Rb, Ba, Sr
Д) Na, K, Cs
Е) Ca, Si, Ni
8. Белсенділігі басым металл:
А) Na
В) Mg
С) Li
Д) K
Е) Ca
9. Э+O2→ ЭO4
Э(OH) 2+O2+H2O→ Э(OH) 3 реакцияларына қатысатын элемент
А) Al
В) Fe
С) Mg
Д) Ba
Е) Ca
10. Қандай қатарда тек металдар орналасқан?
А) K, Zn, Fe
В) Si, Ca, Bi
С) Al, C, Cr
Д) W, Os, B
Е) Na, Li, Ar
V. Үйге тапсырма: §5. 1 - 5. 4 қайталау
VІ. Бағалау.
1. Мына қатарда металдық қасиеті қалай өзгереді? Na→Mg→Al→P→Cl
А) өзгермейді
В) күшейеді
С) әлсірейді
Д) периодты күшейеді
Е) периодты әлсірейді
2. Металдық кристалл торын түзбейтін зат
А) мыс
В) көміртек
С) күміс
Д) мырыш
Е) натрий
3. Тұз қышқылымен әрекеттеспейтін металл
А) Hg
В) Al
С) Zn
Д) Fe
Е) Ni
4. Металлургиялық негізгі мақсаты
А) негіздер алу
В) тұздар алу
С) металл оксидтерін алу
Д) қышқылдар алу
Е) таза металдар алу
5. Ауада қыздырғанда да тотықпайтын металдар тобы:
А) Na, Au
В) Al, Fe
С) Ca, Cu
Д) Ag, Ca
Е) Au, Ag
6. Ең жеңіл металл
А) Li
В) Mg
С) K
Д) Ca
Е) Al
7. Тұз ерітіндісін электролиздеу арқылы алынбайтын металл
А) Ca
В) Cu
С) Pb
Д) Fe
Е) Sn
8. Металдар бейметалдармен әрекеттескенде мына қасиеттер байқалады:
А) тотықтырғыш
В) қышқылдық
С) тотықсыздандырғыш
Д) негіздік
Е) бейтарап
9. Массасы 234 г натрий хлориді балқымасын электролиздегенде неше грамм металл Na түзіледі?
А) 23
В) 46
С) 69
Д) 92
Е) 76
10. Оксидінен металды сутек тотықсыздандырмайды:
А) қолайлы
В) темір
С) мыс
Д) қорғасын
Е) натрий
11. Жер қыртысында ең көп тадралған металл?
А) Fe
В) Ti
С) Al
Д) Ca
Е) Hg
12. Массасы 23, 2 г Fe3O4 - ті көміртегінің (ІІ) оксидімен тотықсыздандырғанда неше г темір түъзіледі?
А) 1, 68
В) 5, 6
С) 11, 2
Д) 16, 8
Е) 12, 3
13. Сумен қандай металл реакцияға түспейді?
А) Ca
В) Ni
С) Na
Д) K
Е) Ba
14. Металдарды коррозиядан қорғауға жатпайтын әдіс
А) май бояумен сырлау
В) никелдеу, хромдау
С) қарама - қарсы бағытта тұрақты ток жіберіп бейтараптау
Д) активтігі төмен металдардан тойтарма жасау
Е) лактау
15. Массасы 112 г кальций оксидін алу үшін жұмсалатын кальцийдің массасын тап:
А) 20
В) 40
С) 60
Д) 80
Е) 100
16. Карбонаттық кермектілікті мына тұздардың қайсысы туғызады?
А) NaHCO3
В) Ca(HCO3) 2
С) MgSO4
Д) KNO3
Е) NaCl
17. Кермек судың 200л - де 44, 4 г CaCl2 бар. Осы судың 1 литрінде қанша кальций бар?
А) 0, 16 г/л
В) 0, 24 г/л
С) 0, 04 г/л
Д) 0, 08 г/л
Е) 0, 12 г/л
18. 25 г Al мен массасы 243 г 30%- ті тұз қышқылы ерітіндісі әрекеттескенде түзілетін сутектің (қ. ж) көлемі (л)
А) 21, 6
В) 24, 8
С) 26, 3
Д) 22, 9
Е) 22, 4
19. Алюмений мен бром реакциясы теңдеуіндегі тотықтырғыштың алдына қойылатын коэффициент:
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 5
20. 4Al+3O2→2Al2O3 реакциясы бойынша 1 моль алюменийден неше моль алюмений оксиді түзіледі?
А) 0, 5
В) 2
С) 3
Д) 1
Е) 4
21. Мына қосылыстар берілген: CuSO4, H2SO4(сұйық), O2, NaOH, Cl2 темірмен әрекеттесетін қосылыстар саны:
А) 1
В) 3
С) 5
Д) 4
Е) 2
22. Мына генетикалық байланыс схемасындғы белгісіз зат. Fe→FeCl3→?→Fe2O3
А) FeO
В) Fe2(SO4) 3
С) Fe(NO3) 3
Д) Fe(OH) 3
Е) Fe(OH) 2
23. 30% қоспасы бар 1 тонна қызыл теміртасынан (Fe2O3) қанша темір алынады? (кг)
А) 245
В) 350
С) 490
Д) 700
Е) 920
24. Шойында темірдің массалық үлесі – 90%. 1 кг шойын алу үшін темір (ІІІ) оксидінің жұмсалатын зат мөлшері.
А) 4 моль
В) 7 моль
С) 8 моль
Д) 3 моль
Е) 6 моль
ІV. Бағалау
V. Үйге тапсырма Қайталау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Металдар мен қорытпалар

Металдар мен қорытпалар

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мақсаты: металдар және қорытпалар жайлы түсінік беру ә) Дамытушылық мақсаты: металдардың түрлері, бұйымдар мен...
Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар

Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар

Сабақтың мақсаты: металдардың құрамы, құрылысы және физикалық қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру. Кристалдық тордағы бос электрондарға...
Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары

Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары

Райымбек ауданы №2 Кеген орта мектебі Химия пәнінің мұғалімі: Намазбаева Айжамал Амантұрқызы...
Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы

Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы

Астана қаласы, №63 орта мектебі химия, биология пәні мұғалімі Музапарова Д. Б....
Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп Химия пәнінің мұғалімі Турысбекова Гульмира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×