Сайтқа кіру Тіркелу

Мұнай өнімдері

Сабақтың тақырыбы: Мұнай өнімдері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мұнайдың құрамы қасиеті, тарихы, өнімдері туралы және химия өнімі тақырыбының экономика өнімі экономика, әдебиет, тарих, медицина, географиямен байланыстырылғаның түсіндіру. Оқушылардың эстетикалық талғамын артырып өздігінен ізденуге талпындыру. Сабақ пен өмірдің химия пәнінің басқа пәндермен байланысына көздерін жеткізу.
Сабақтың әдісі: Конференция сабақ.
Көрнекіліктер: « Мұнай. Мұнай өнімдері» Мұнайлы аудандардың картасы. Табиғи мұнай және оның өнімдері.
Алтын – ала мұғалімнің берген бағыт – бағдарымен даярланған оқушы мамандар ортаға шығып, өздеріне тиесілі орындарға отырады.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру жұмыстарынан кейін оқушыларға сабақ мақсаты түсіндіріледі. Әр маманның үстеліне «экономист», «әдебиетші», «тарихшы», «дәрігер» деген жазулары бар бүктеме қағаздар қойылады.
Мұғалім кіріспесінен кейін сабақты оқушы - мамандар жалғастырады. Оқушы - экономист. Соңғы кездері халық шаруашылығын ұйымдастыруға, әсіресе, химия ғылымының табыстарын халық шаруашылығының игілігіне орынды пайдалануға айрықша назар аударылып отыр. Бір кезде өнеркәсіптің нағыз азығы - көмір десек, қазір оған қоса өнеркәсіптің, әсіресе, химия өнеркәсібінің нағыз тиімді азығы - мұнай деуге болады. Мәселен, 1 тонна синтетикалық каучук алу үшін 2, 2 тонна этил спирті қажет. Осынша этил спиртін алу үшін 8 - 9 тонна қара бидай немесе 22 тонна картоп керек.
Астықтан алынған 1 тонна этил спиртінің құны мұнай өніміне өндірілген 1 тонна спирттің құнына қарағанда 2 - 2, еседей қымбатқа түседі. Сондықтан этил спиртін этиленнен өндіріп жылына 2, 5 млн. т. Астық үнемдеуге болады. Қазіргі кезде этил спиртінің мұнайдың химиялық өнімдері – этиленнен алына бастады. 1 тонна этил спиртіне небары 2, 8 - 3, 0 тонна мұнай қажет екен.
Осыдан кейін оқушылардың зейінің жаңа сабаққа аудару мақсатында оқушы - әдебиетші Т. Жарковтың «Нефтіні білгің келе ме?» өлеңінен үзінді оқып берді.
Нефті - жердің бұлағы,
Нефті - жердің құнары,
Нефті - өмірдің шырағы
Нефті - қайрақ қайратқан
Нефті – деген немене
Нефті – күші тасқын күш
Нефті - өмірді жайнатқан
Нефті – күші – асқын күш
Өлең оқылып болған соң жаңа сабақты өзім жалғастырдым. Мұнай – май тәрізді сұйықтық, жанғыш, әдетте қара қоңыр түсті және өзіне тән иісі бар, ол суда женіл және суда ерімейді.
Мұнай зертханада айдау әдісін көрсетуге болады. Мұнай химиялық қосылыс емес, ол әртүрлі заттардың қоспасы. Оның құрамында 85% көміртегі, 13% - сутегі, 1% - күкірт, азот, оттегі кіреді.
Грозный мұнайы – 20 С - тан 10 С аралығында қатады, қайнау температурасы 97 – 98 С. Сурахан мұнайы қатты суықтарда қатпайды. Мысалы, Ембі мұнайы нафтенді мұнайға жататынын айтамын. Осыдан кейін оқушы - әдебиетші сөз салып, ақын Т. Жарковтың «Ана» өлеңінен үзінді оқып береді.
Оқушы - тарихшы. Адамзат қоғамының алғашқы сатыларында, өндіріс құралдары болған кезде, адам өзінің тіршілік мұхтажының көбін ең алдымен жер бетіндегі табиғи заттардан алады. Адамның күнделікті тіршілігіне пайдаланған табиғи заттардың бірі – жер бетіне шығып жатқан мұнай екен. Мұнайды алғаш рет мәдениеті озық мұнайға бай ертедегі Шығыс халқы пайдалана бастаған. Мұнайды біздің заманымыздан 2800 - 3500 жылдар бұрын ертедегі Иран халқының пайдаланғаны бізге мәлім.
Оқушы – дәрігер. Египетте өлікті шірітпей сақтау үшін бальзамдаған. Ал бальзамның құрамына мұнайдың кейбір өнімдерін қосқандығы белгілі.
Шығыс Еуропа елдері мұнайды қыршаңқы, қотыр, теміреткі сияқты ауруларды емдитін дәрі есебінде пайдаланған. Атырау, Доссор демалыс үйлерінде мұнай мен оның кейбір қоспаларын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.
Оқушы – тарихшы. Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат ауылының мұнайы 1915 жылдан бастап өндіріле бастады. Қазан төңкерілісіне дейін Мақат мұнайын шет мемлекеттердің байлары, саудагерлері, әсіресе, ағылшындар пайдаланып келген. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстан мұнайын өндіру қолға алынып халық шаруашылығына пайдаланып келеді.
Мұнайдан қазіргі кезде 500ден астам заттар, мысалы: бензин, лигроин, керосин, керосин, газойль, соляр майы, ұршық майы, вазелин, цилиндр майы, жуғыш заттар, спирттер, эфирлер, дәрі – дәрмектер алынады. Мысалы: бензин авиация мен автомобильдерде, іштен жанатын двигательдерде, лигроин - тракторларда пайдаланылады. т Газоильде – дизель жанармай өндіріледі.
Оқушы - әдебиетші. Мұнай маңызы мен құндылығына өздерінің де көздерің жетіп тұр. Енді осы туралы жырлаған ақын Құмар Жүсіповтың «Мұнай» деген өлеңінің үзінді келтірейін.
Зауыт да, фабрика да сүйеді май
Жүйткіген машинаның жүрелі май,
Жанған шам, жағылған пеш, мұнай күші,
Көкте бұлт, теңізде тіледі май.
Бұдан кейін Қазақстан республикасының физикалық картасы бойынша Қазақстанның Негізгі мұнайлы облыстары Ақтөбе, Маңғыстау, Орал, Атырау облыстары көрсетіліп, олар туралы қысқаша мәлімет келтірілді.
Оқушы – тарихшы. Мұнай әсіресе соғыс жылдарында тың және тыңайтқыш жерлерде, БАМ – ды игеруде жақсы рөл атқарады. Соғыс жылдарында тезірек жеңіске жетуді, жеңіс күнін жақындата түсуде қажырлық пен қайраттылық, батылдық танытқан Атырау облысының мұнайшылары еңбекте ерлік көрсеткен.
Оқушы - әдебиетші. Ақын Асқар Тоқмағамбетовтың «Мұнай бер» өлеңінен үзінді оқып береді.
Қоян жота, қос төбе,
Құлсары, Құба, Қосшағыл,
Жолдыбай, Сағыз, Байшонас
Доссор, Мақат, Ескене.
Сендерден Отан, сұрайды ел
Ол тілегі - мұнай бер.
Жаңа тақырыпты мұнайдың маңызына, оның Қазақстанда кездесетін көздеріне тоқталып, оқушыларды туған жердің осы бір алтын қазынасына аса қамқорлықпен, ұқыптылықпен қарауға, оны халық шаруашылығына тиімді пайдалануға баулып, сондай - ақ мұнай химиясына байланысты маман иелері қоғам қажеттілігіне айналып отырғаның естеріне салып, Отаншылдық рухта сабақты аяқтауға болады.
Кері қайту
Ілмек сөздер: химия, мұнай өнімдері
Ұқсас жаңалықтар:
Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер

Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер

Органикалық заттардың құрамында оттек бар жаңа тармағы туралы түсінік бере отырып, функционалдық топ ұғымына анықтама беру. Оқушыларға оттекті...
«Жас химиктер» сабақтан тыс шара

«Жас химиктер» сабақтан тыс шара

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың көмір – сутектердің табиғи көздері – газ, мұнай, тас көмір туралы алған білімдерін кеңінен толықтыру....
Қазба байлықтар

Қазба байлықтар

"Мұнай"-(персия тілінен нефт - тұтанатын жанғыш зат) Мұнай әр түрлі жағармай алынатын қара түсті сұйық, табиғи шикі зат. Ол автомобильдер мен...
Пайдалы қазбалардың түрлері

Пайдалы қазбалардың түрлері

Кайдакова Жанат Бекболатовна «Сымбат» жеке мектебі Ақтөбе қаласы Пәні: Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері...
Мұнай және мұнай өнімдері

Мұнай және мұнай өнімдері

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп – лицейдің химия пәнінің мұғалімі Демеубаева Әсем Көбейсінқызы Сабақтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×