Сайтқа кіру Тіркелу

Күкірт оксидтері

Ақтөбе қаласы, № 40 орта мектептің
химия және биология пәні мұғалімі
Адиева Гүлмира Өксікбайқызы


Сабақтың тақырыбы:
§11. Күкірт оксидтері
Мақсаты: Оқушыларға күкірт оксидтерінің құрылымдық формулалары,
табиғатта таралуы, физиологиялық әсері, физикалық қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы білім беру. Өткен тақырыппен, өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру арқылы ой - өрісін дамыту. Күкірт қосылыстарымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау, тақырыптың тәрбиелік мәнін ашу арқылы табиғатқа жанашырлықпен қарауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: «Күкірт (lV) оксидінің қолданылуы» сурет, күкірт және оның қосылыстарының үлгілері, күкірт диоксиді мен күкірт триоксидінің құрылымдық формулаларының модельдері, слайдтар.
Сабақтағы негізгі ұғымдар: «қышқылды жаңбыр», күкірт диоксиді, күкірт монооксиді.
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: тест, баяндау, сұрақ жауап, деңгейлеп оқыту, СТО, БжС технологияларының элементтері.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру – 1 минут.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
А) тест – 5 минут.
Ә) өз бетімен ізденуге берілген қосымша материалдар – 5 минут.
3. Жаңа тақырып түсіндіру – 14 минут.
4. Бекіту:
А) графикалық диктант – 5 минут.
Ә) Венн диаграммасын толтыру - 3 минут.
Б) деңгейлік жаттығулар орындату – 10 минут.
5. Үйге тапсырма – 1 минут.
6. Қорытынды, бағалау – 1 минут.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметсіздер ме, балалар? Отырыңыздар. (Оқушыларды түгендеу, кластың сабаққа дайындығына мән беру, сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру)

II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. (Интерактивті тақтадан төмендегі тест тапсырмаларын көрсетіп қойылады, үш минуттан соң орындаған жұмыстарын көршілеріне береді, тақтадан ашылған дайын жауаптар арқылы әр оқушы өз көршілерінің жұмыстарын тексеріп, бағаларын қояды. Әр оқушы бағаларын алдарында тұрған бағалау парағына түсіріп отырады)

Үй тапсырмасын тексеруге арналған тест:
1. Н2S күкіртсутектегі күкірттің тотығу дәрежесі:
А)- 2 Ә)+2 Б)+1
2. Күкірттің сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрон саны:
А) 16 Ә) 6 Б) 8
3. Лабораторияда күкіртсутекті неден алады?
А) К2SО4 Ә) Nа2SО3 Б) FеS
4. Күкіртсутек қышқылының индикаторға әсері:
А) лакмус түссізденеді Ә) лакмус қызарады Б) лакмус көгереді
5. Күкіртсутек қышқылы диссоциацияланған кезде, алғашқы сатысында түзілетін ион:
А) НS - Ә) S - Б) S2 -
6. Н2S +... = СаS + Н2О
А) Са Ә) СаО Б) КОН
7. S2 - сульфид ионына сапалық реакция жасау үшін қолданылады:
А) АgNО3 Ә) Са(NО3) 2 Б) Рb(NО3) 2
8. НgS сынап(II) сульфиді ерітіндісінің түсі:
А) ашық қызыл түсті Ә) ашық сары түсті Б) қара түсті
9. Күкіртсутекті арасан суларымен емдейді:
А) лейкомия Ә) анемия Б) ревматизм
10. Күкіртсутек газы:
А) түссіз, иіссіз, улы. Ә) түссіз, шіріген жұмыртқаның иісі бар, улы. Б) өткір иісті, қоңыр түсті, улы.

2. Шығармашылық жұмыс. (Оқушылар өз беттерімен ізденіп, өткен тақырыптар бойынша дайындап келген қосымша материалдарын класпен бөліседі)

1 - оқушы: Күкірт - адам ағзасында (0, 16 % массалық үлесте) кездесетін макроэлемент. Ересек адамның тәуліктік қажеттігі 4 - 5 гр - дай. Ол көптеген биомолекулалар ақуыз, амин қышқылдары (цистеин, цистин, метионин), гармондар (инсулин, дәрумен – В1 ) құрамына енеді. Шаштың каротинінде, сүйекте, жүйке ұлпаларында көптеп кездеседі. Медицинада кеңінен қолданылады: натрий тиосульфаты, сульфаттар. («Химия мектепте» журналы. №2, 2007 ж. 53 - бет.)

2 - оқушы: Күкірттің тұрақты 4 изотопы бар. Сондай - ақ жасанды жолмен алынған 6 изотопы белгілі. Күкірттің жер қыртысындағы салмақ мөлшері - 0, 05 %, теңіз суында - 0, 08 - 0, 09 %. Күкірт біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын белгілі болған.
Күкірт суда ерімейді, бензолда жақсы ериді, қыздырғанда молекуласындағы атом саны бірте бірте кемиді: S8→S6→S4→S2 соңында 20000С - тан жоғары қыздырғанда күкірт буында жеке атомдар пайда болады. Салқындатқанда осы процесс кері айналып полимерлену құбылысы жүреді. Күкірт қосылыстарында - 2 - ден +6 - ға дейін тотығу дәрежелерін көрсетеді. Азот, йод, алтын, платина және инертті газдардан басқа элементтердің бәрімен әрекеттеседі. Күкірт металдармен реакцияда болғанда өте көп жылу бөлініп шығады. Күкірт негізінен химия өнеркәсібінде күкірт қышқылын алу үшін пайдаланылады.(интернет желісінен)

3 - оқушы: Күкірт, ұланғайыр қолдану өрістеріне ие. Қарапайым күкірттің кейбір маңызды қолдану түрлерінің бірі жер тыңайтқышын, топыраққа минералды қоспалар, астық консерванттар және тамақ өнеркәсібінде зеңге қарсы қоспалар өндіру болып табылады. Күкірт қағаз, резина, сіріңке жасауда, тоқыма өнеркәсібінде мата ағартуға, дәрі - дәрмек, косметикалық препараттар дайындауда, пластмасса, қопарылғыш заттар, тыңайтқыш, улы химикаттар алуда, каучукты резинаға айналдыру (вулканизация) үшін, медицинада, тұрмыста жертөлені және қоймаларды аластау үшін, оқ - дәрі және сіріңке өндірістерінде қолданылады. (интернет желісінен)

4 - оқушы: Табиғатта күкірт қарапайым түрде және қоспалар түрінде болады. Топырақта болатын бактериялардың әсерінен күкірт ақырындап сульфаттарға айналады. Сульфат түріндегі табиғи күкірт топырақ қосындыларының 0, 1 % құрайды. Орегон Мемлекеттік Университеті мәлімдемелеріне сәйкес, табиғи күкірт су асты әлемі үшін улы емес.

Қарапайым күкірт улы емес, адам мен жануарларға қауіп келтірмейді. Іс жүзінде, қарапайым күкіртті аз мөлшерде жеуге болады, денсаулыққа зиянсыз ( алайда күкірт жеудің пайдасы жоқ, себебі бұл түрде күкірт ағзада қорытылмайды). Қарапайым күкірт концерогенді зат емес. Көп жағдайларды қарапайым күкірт топыраққа ұқсайды. Жалғыз жағымсыз әсері, кәдімгі топырақ шаңы сияқты күкірт шаңымен дем алғанда кейбір тітіркенуге себеп болуы мүмкін. Сондықтан, көп мөлшерде күкіртті сақтау қажеттілігінде, ол қауіпсіз қатты түрінде сақталады. (интернет желісінен)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×