Сайтқа кіру Тіркелу

Бейорганикалық кластардың негізгі кластарын қорытындылау

Мақсаты: Оқушылардың өткен тараудан алған білімдерін жинақтау, бекіту, тексеру, бағалау, қорытындылау. Есептер шығару дағдысын қалыптастыру, теориялық білімін практикада ұштастыра білуге машықтандыру.
Міндеті:
1. Білім беру - оқушылардың өткен тараудан алған білімдерін пысықтау, бағалау, қорытындылау. Есептер шығару дағдысын нығайту, практикалық жұмыс жасау икемділігін қалыптастыру және жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң сақтауға бейімдеу.
2. Дамыту - оқушылардың өткен тараудан алған білімдерін өмірмен байланыстыру, пәнаралық байланысты қалыптастыру, теорияны практикамен байланыстыру арқылы ой өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік - оқушылардың өткен тараудан алған білімдерін пысықтау, бағалау арқылы, жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң сақтауға үйрету арқылы оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың арасында бәсекелестікті туындатып, өзара жарыса оқуды қалыптастыру. Қалыптан тыс сайыс сабағын өткізу арқылы оқушылардың пәнге, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: қалыптан тыс - жарыс сабағы
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: сөздік көрнекілік, сұрақ жауап, сайыс, есептер шығару, практикалық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың, тұздардың үлгілері, индикаторлар, интерактивті тақта, слайдтар т. б.

Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім:
1. теориялық кезең - «білімді мыңды жығар».
2. практикалық кезең - біліміңді іс жүзінде сынап көр.
3. есептер шығару - деңгейлік тапсырмалар.
4. сергіту сәті - жұмбақтар, қызықты тапсырмалар.
ІІІ. Қорытынды бөлім – тест - бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі - оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру, кластың сабаққа дайындығына көңіл бөлу, оқушыларды төрт топқа бөлу, топ жетекшісін сайлау, оқушыларды сабақ барысымен, мақсатымен таныстыру.
Химиясыз өмір, сірә, мәнді ме?
Химияны қолданады бар жерде.
Қышқыл, тұздар, оксидтерді қайталап,
Қасиетін айтып оның бер санап.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. «Білімді мыңды жығар» сайысында әр топтан бір оқушыдан шығып, интерактивті тақтадан көрсетілген тапсырма бойынша әрбір оқушы өзі таңдаған тақырып бойынша керекті ұяшықты таңдайды да, ондағы сұрақтарға жауап беруі керек. Оқушының таңдаған ұяшыққа сәйкес тиісті алған бағасын, өз тобының жетекшісі алдындағы бағалау парағына түсіріп отырады. Бұл кезеңде әр топтан үш оқушы, барлығы он екі оқушы қатысуы керек.
2. «Біліміңді іс жүзінде сынап көр» кезеңінде әр топтың топ жетекшілері ортаға шығып, осы кезеңге сай берілген тапсырмаларды индикаторлардың көмегімен анықтап, қалай анықтағанын түсіндіріп беруі керек. Сәйкесінше тиісті бағасын алып, топ жетекшісі бағалау парағына түсіріп отырады, мұнда барлығы төрт оқушы қатысады.
3. «Деңгейлік тапсырмалар» - бұл кезде оқушылар алдарына берілген тапсырмалар бойынша әр оқушы жеке - жеке жұмыс жасайды, 10 минут уақыт беріледі, класс түгел қатысады. Берілген уақыт мерзімі өткеннен соң, интерактивті тақтадан есептердің жауабы көрсетіледі, сонда оқушылар көршілерімен алмасып, бір - бірінің қатесін тексереді, қанша тапсырманы орындай алғандығына қарай бағасы қойылады.
4. Сергіту сәті: а) әр топ өздері қағазға жазылған бір жұмбақты суырып алып, шешуін айтады.
ә) интерактиві тақтадан көрсетілген қызықты «Өз үйіңді тап», «Өз жұбыңды тап» тапсырмаларына әр топтан бір оқушыдан кезектесіп шығып орындайды.
ІІІ. Қорытынды бөлім - интерактивті тақтадан өткен тарау бойынша тест тапсырмасы беріледі, әр оқушы алдын ала жеке-жеке оқушыға жоспарланып қойылған қашықтан басқару құрылғысы арқылы тест тапсырмасының жауаптарын береді, барлық оқушы түгел жауап беріп болған соң, автоматты түрде әр оқушының жинаған ұпайы көрсетіледі. Сабақты қорытындылай келе, әр топтағы оқушылардың жинаған бағаларын ескере отырып, сабаққа белсенді қатысқан топ мүшелерін мадақтап, бағаларын қою.
«Білімді мыңды жығар» сайысының жауаптары:
Оксидтер - 20 – АI2О3
40 - Оксидтер дегеніміз - екі элементтен құралып, бірі оттек болып келетін күрделі заттар. Мысалы: СаО, Nа2О.
60 – Мп2О7 Мп – VII
Негіздер – 20 – Са(ОН) 2
40 - Негіздер дегеніміз құрамына бір немесе бірнеше гидроксотоптармен қатар металл атомы кіретін күрделі заттар. Мысалы: Са(ОН) 2, NаОН.
60 - Суда ерімейтін негіздер қыздыруға төзімсіз, олар оксид пен суға айырылады. Мысалы: Си(ОН) 2 = СиО + Н2О
Қышқылдар - 20 – НNО3
40 - Қышқылдар дегеніміз бір немесе бірнеше сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын қосылыстар. Мысалы: Н2SО4, НСI.
Тұздар – 20 – Fе2(SО4) 3
40 - Тұздар дегеніміз молекуласы металл атомы және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Мысалы: Nа2SО4, К3РО4.
60 – NаНSО4 S – V
Қызықты тапсырмалар:
А) Өз үйіңді тап.
Қышқылдар - Н2SО4, Н3РО4, НNО3.
Негіздер – Са(ОН) 2, АI(ОН) 3, КОН.
Тұздар - Nа2SО4, NаНSО4, Са3(РО4) 2.
Оксидтер - Fе2О3, МgО, Р2О5.
Ә) Өз жұбыңды тап.
Дитемір триоксиді - Fе2О3 Натрий гидрокарбонаты - NаНСО3
Кремний қышқылы – Н2SiО3 Сутек фосфаты – Н3РО4
Магний дигидроксиді – Мg(ОН) 2 Темір (ІІ) гидроксиді – Fе(ОН) 2
Кальций нитраты – Са(NО3) 2 Марганец (VІІ) оксиді – Мп2О7

Анаграмма:
1. Қышқылдық та, негіздік те қасиет көрсететін оксидтерді не деп атайды? (амфотерлі)
2. Молекуласы металл атомынан және бір немесе бірнеше ОН тобынан тұратын күрделі қосылыс не деп аталады? ( негіз)
3. Қышқылдар мен сілті ерітінділерінде түстерін өзгертетін қосылыстарды не деп атайды? ( индикатор )
4. Негіз молекуласында металлдармен байланысатын не? ( гидроксотоп )
5. Қышқыл молекуласында қышқыл қалдығымен байланысатын не? (сутек)
6. Суда еритін негіздерді не деп атайды? ( сілті)
7. Тұз молекуласында қышқыл қалдығымен байланысатын не? ( металл)
8. Қышқылда қызғылт, сілтіде түсін сарыға өзгертетін индикатор не? ( метилоранж )
9. Қосылыстардың құрылымдық формуласын жазған кезде атомдардың арасын байланыстыратын сызықтар саны неге негізделеді? (валенттілік)
Жұмбақтар:
Суды микробтан тазартам,
Мақтаны қардай ғып ағартам.
Жап жасыл газ боп алынам,
Адамға мен бағынам. (хлор)

Бір нәрсе жер мен көктің арасында
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да
Білінбей жер астында жүрсе дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына. (ауа)

Бірінші буыным «көп» сөзінің антонимі,
Екінші буыным тілсіз жау,
Бірақ химиялық элементпін. ( азот)

Қышқылға құлап қызардың,
Раушан гүлдей шырайлы,
Секірдің де сілтіге
Сарғалдақтай сарғайдың.
Тек тұрсаң да әдемі ең
Қызғыш сары сәбіздей,
Айтшы өзің кім едің? ( метилоранж)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Негіздер

Негіздер

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу ОЖББМ - нің химия пәні мұғалімі Досатова Құралай Қыдырқызы...
Сутек, қышқылдар, тұздар тарауы бойынша қорытынды сабақ

Сутек, қышқылдар, тұздар тарауы бойынша қорытынды сабақ

Алматы Облысы, көксу ауданы, Мұқыры ауылы Жапсарбаев атындағы орта мектептің химя пәнінің мұғалімі Наурызбаева Гульназ Чапетқызы...
Электролиттік диссоциациялау дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер

Электролиттік диссоциациялау дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер

Астана қаласы, №63 орта мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Музапарова Дидар Баяхметовна...
Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеті

Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеті

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің жоғары санатты химия пән мұғалімі Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы Сабақтың тақырыбы:...
Оксидтердің аталуы

Оксидтердің аталуы

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылы химия пәнінің мұғалімі Естайлақ Ақгүл Сабақтың тақырыбы: «Тотығу. Оксидтер. Олардың аталулары» ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×