Сайтқа кіру Тіркелу

Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары

Сабақтың тақырыбы: Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға металдардың атомдарының, электрондық құрылыстарының ерекшеліктерін және соған байланысты олардың ортақ физикалық қасиеттерін түсіндіру.
2. Дамытушылық. Металдық байланысқа тоқталып, химиялық байланыс туралы оқушылардың білімін толықтырып, пысықтап бекіте түсу.
3. Тәрбиелік. Металдардың қолданылу аясы олардың адам өміріндегі және халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы маңызын көрсету.
Сабақтың түрі: Аралас сабағы.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, оқулық пен жұмыс.
Көрнекілігі: Периодтық кесте.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. (сәлемдесу, түгендеу, сабаққа даярлық жасау)
2. Үй тапсырмасын сұрау: 55, түсінігін сұрау. Есепті тексеру.
3. Жаңа сабақтың мақсатын қою. ( Металдардың қасиеттеріне жалпы сипаттама беру)
4. Жаңа сабақты түсіндіру: Металдармен құймалар әр түрлі заттармен жанасқанда олармен әрекеттесіп, химиялық қосылыстар түзеді. Әсіресе, жаңбыр, топырақ ылғалы ауа әсерінен қоршаған ортадағы металдар бүлініп, желінеді. Бұл кезде металдан жасалған бұйымның қасиеті мүлдем өзгеріп, ол біртіндеп бүліне бастайды. Бұл өте зиянды әрі қауіпті процесс жемірілу деп аталады.
Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу деп аталады.
Металдардың бәрі бірдей жемірілуге ұшырай бермейді. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдар «бекзат металдар» деп аталады, олар іс жүзінде бүлінбейді.
Кернеу қатарында магнийдің сол жағында орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдар бекзат металдарға қарама - қарсы қасиетке ие. Олар кәдімгі жағдайдың өзінде қоршаған ортадағы көптеген заттармен оңай әрекеттеседі, сондықтан қондырғылар мен аппараттар жасауға пайдаланылмайды.
Кернеу қатарының орта шенінде жемірілуге баяу ұшырайтын металдар орналасқан. Олардың біразы, мысалы, Mg, Zn, AI, Cr, Ni жемірілуге төзімді, себебі металдардың бетінде оксидтен тұратын өте жұқа қабықша пайда болып, металдарды қоршаған ортамен жанасудан сақтайды.
Жемірілу екіге бөлінеді: 1. Электрохимиялық жемірілу
2. Химиялық жемірілу
Жемірілумен күресудің бірнеше бағыттар бар:
1. Металдарды қорғаныштық беттік қаптамалармен қаптау.
2. Жемірілуге қарсы қасиеттері бар құймалар.
3. Электр қорғау
4. Орта құрамын өзгерту
5. Металдарды жаңа қазіргі конструкциялық материалдармен алмастыру жемірілумен күресудің маңызды жолдарының бірі
5 - 6. Түсінігін тексеріп, бекіту үшін:
№1 - 7 жаттығуларды орындау.
7. Үйге тапсырма беру. 5, 6оқу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

Оқу мақсаты: Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орны туралы...
Металдар мен қорытпалар

Металдар мен қорытпалар

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мақсаты: металдар және қорытпалар жайлы түсінік беру ә) Дамытушылық мақсаты: металдардың түрлері, бұйымдар мен...
Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар

Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар

Сабақтың мақсаты: металдардың құрамы, құрылысы және физикалық қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру. Кристалдық тордағы бос электрондарға...
Кальций және оның қосылыстары

Кальций және оның қосылыстары

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектеп Химия пәнінің мұғалімі Жалелова Динара...
Сандық есептер

Сандық есептер

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың металдардың жалпы қасиеттері тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау Дамытушылық:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×