Сайтқа кіру Тіркелу

Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеті

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің жоғары санатты химия пән мұғалімі
Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы

Сабақтың тақырыбы: Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеті
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейорганикалық қосылыс кластарын еске түсіре отырып тұздарға жалпы сипаттама беру, оларды жіктеу, алу және химиялық қасиеттері туралы мағлұмат беру, білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен сауатты қолдана білуге дағдыландыру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ үстінде жеке, топтық, ұжымдық қарам - қатынасқа баулу, ой пікірлерін өзара бөлісуге, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
б) Дамытушылық: Ой - өрісін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: сызба, слайд, электронды оқулық, кестелер, бейне тәжірибе.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, ой – қозғау
Оқыту формасы: топтық, жеке жұмыс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
І Ертегі арқылы бейорганикалық қосылыс қасиеттеріне шолу жасау.

Ерте – ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, химияның жерінде, элементтер елінде «Бейорганика» деген шал өмір сүріпті. Оның 4 ұлы болыпты. Бір күні шал балаларын жинап алып өсиет айтыпты: «балаларым, мен қартайдым, төрімнен көрім жақын. Талапты азамат ертеңгі күнін ойлап, бір апта уақыт беремін, жан - жақты зерттеп, шарлап, әрқайсыңның жаныңа сүйеніш, өміріңе азық болар зат әкеліңдер» - депті .Ұлдары әке сөзін құп алып, жол жүріп кетті. Уәделі күні сапардан ұлдары олжалы оралыпты. Оның ұлдары кімдер? Олжалары не?
Жауабы: ұлдары оксид, қышқыл, негіз және тұз
1. оксид – қышқылдық, негіздік
2. негіз - сілтілер, негіздер
3. қышқыл - оттекті, оттексіз; негізді
4. Тұз - ?
Содан бері балаларына осы олжалары өмірлік азық болып келеді екен.

1. Қышқылдар дегеніміз не? Қышқылдың негіздік оксидпен әрекеттесу теңдеуін жазыңдар, түзілген зат қай класқа жатады?
2. Қышқылдар неше топқа жіктеледі?
3. Оттекті қышқылдарға мысал келтір, оларды ата
4. Оттексіз қышқылдарға мысал келтір, оларды ата
5. Қышқылдарды алудың неше әдісі бар? (3)
6. Негіздер дегеніміз не? Негіздердің қышқылдық оксидтермен әрекеттесу теңдеуін жазып, түзілген заттың қай класқа жататынын атаңдар.
7. Қышқылдардың тағы қандай химиялық қасиетін білеміз?
8.Сілтілердің химиялық қасиетін жазыңдар.

Қышқыл, негіз,оксидтердің олжаларынан” бейорганика” шалдың 4-ші ұлы тұздың дүниеге келетініне көзіміз жетті.
Сұрақ. Тұз дегеніміз не? Оның неше баласы бар? Оның олжасы қандай?

ІII жаңа сабақ
Іздену (нені белгіміз келеді? )
Тұздар дегеніміз - металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.
Тұздардың алыну әдістерін демонстрациялық, бейне тәжірибелер арқылы көрсетіледі.
Реакция теңдеулерін оқушылар өздері жазады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Негіздер

Негіздер

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу ОЖББМ - нің химия пәні мұғалімі Досатова Құралай Қыдырқызы...
Электролиттік диссоциациялау дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер

Электролиттік диссоциациялау дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер

Астана қаласы, №63 орта мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Музапарова Дидар Баяхметовна...
Бейорганикалық  қосылыстар   кластары бойынша қайталау.

Бейорганикалық қосылыстар кластары бойынша қайталау.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің жоғары санатты химия пән мұғалімі Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы Тақырыбы:...
Қышқылдар

Қышқылдар

БҚО, Орал қаласы, №44 ОЖББМ. Орынова Гүлбаршын Ермекқалиқызы Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар Оқыту мақсаты: 1)білімділік.Қышқылдардың құрамы, алынуы,...
Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп Химия пәнінің мұғалімі Турысбекова Гульмира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×